АУЫЛДА МҰРАЖАЙ БОЛСА ДЕЙМІЗ
Ардагер журналист Қамбар-Бек Қойшыбаевтың ауданық «Талас тынысы» газетінде (5 тамыз, 2023 жыл) Ойық ауылында тоқсан жылдан аса тұрған қос ғимараттың тарихы туралы көлемді мақаласы жарияланды. Сол мақала менің қолыма қалам ұстауыма түрткі болды. Қамбар-Бек ағамыздың жазғаны шындық. Қазіргі кезде Ойық ауылында көненің көзі, талай – талай елге белгілі атпал азаматтардың ізі қалған, өңір тарихы сайрап жатқан осы екі ғимарат туралы ой толғасам деп отырмын. Сонау кеңес заманында көне көз қариялардан:
– Осы үйлер қай жылы соғылған? – деп сұрағанымда:
– Бұл үйлер 1927 – 1928 жылдары соғылған, – деп жауап алған болатынмын.
Қариялар өтірік айта қоймас және естіген құлақта жазық жоқ, мен естігенімді жазып отырмын. Келешек ұрпақ үшін қажет мәселе. Тарих үшін көненің көзіндей болған осындай ғимараттарды қалайда сақтауымыз қажет.
Мен көп жылдан бері осы Ойық елінен шыққан Жоңғар, Қоқан шапқыншылығы заманындағы батырлар, билер, солдардың жалғасындай болып, бүгінгі күнге дейінгі әр салада қызмет еткен азаматтар жайлы материалдар жинақтап, тарихи - өлкетану мұражайын жасауға әрекет жасап жүрген кісімін. Кезінде жоғарыда қызметте жүрген ағаларыма:
– Ойықтағы осы екі ғимараттың біріжекеге сатылайын деп жатыр, соны мұражайға алсақ қалай болады? – деп айтқан болатынмын. Ол кісілер сөзіме мән бермеді. Өкініштісі үлкен жолдың бойындағы бос тұрған үйлер (1927 – 1928 жылдары соғылған) жекеге сатылып кетті. Қазіргі таңда анда – санда сол үйлерге барып көріп қоямын, ол үйлерде ешкім тұрып жатқан жоқ, алған адам пайдаланбай, құр босқа егесіздікке ұшырады. Әр жері мүжіліп, кірпіштері түсе бастады. Шіркін – ай, «елім» деген бір кәсіпкер суырылып шығып, сол үйді жекешеден қайта сатып алып, сөйтіп іші - сыртына жөндеу жүргізіп, Ойық ауылының мұражайы қылса (мұражайға өте ыңғайлы үлкен күрежолдың бойында орналасқан үй), үлкен бір игілікті істің басы болар еді. Менің бұл арманымның орындалатынына сенімім зор. Бұл келер ұрпақ үшін керек. Ұрпағымыз өз елінің, ауылының тарихын біліп өскені дұрыс қой.

Пана РАХЫМБЕРДІҰЛЫ,
Талас ауданының Құрметті азаматы.
Обсудить
Блок в статье:
СТАЛИНГЕ ХАТ ЖАЗҒАН ҚАРИЯ
20 ноябрь 2024, Среда
КӘСІБІ – ТРАКТОРШЫ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Сейітхан ЖҰМАШЕВ, Жуалы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы: ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС ІСІМІЗГЕ СЕРПІН БЕРЕДІ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Похожие материалы:
Комментарии (0)