Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » БІЗДІҢ ХАЛЫҚ НЕ КӨРМЕДІ

БІЗДІҢ ХАЛЫҚ НЕ КӨРМЕДІ

26 май 2023, Пятница
99
0
Осы жазып отырған оқиғаны құйма құлақ тарихшы, жазушы ағамыздан естіп едім. Ол кісі аталарынан естіген екен.
Өткен ғасырдың жиырмасыншы-отызыншы жылдары Талас бойында төрт түлік малын бағып аздаған егінін салып жайбарақат, бейбіт өмір кешіп жатқан халықтың қалыпты шырқын кейін халық «Қужақ» атап кеткен Голощекин тас-талқан етіпті. 
Қужақ "Қазақ даласында төңкеріс болмаған екен, оны қайтадан жасау керек!" деген ұран көтеріп, 1928 жылы жерді қайта бөлу, байлардың мал-мүлкін тәркілеу, тартып алу науқанын жүргізеді. Дәулетші деген үйлерді ауылдан аулаққа көшіріп, жеке отырғызып қойып бақылауға алады. Бауырмал қазақ «жеке отырған» ағайындарын аш қалдырған жоқ. Ас-ауқатпен бөлісті. Қиын сәтте қол ұшын берді. Байларды тәркілеу зардабын халық төрт жылдан кейін көрді. Өкімет неше түрлі салық түрін көбейтіп малмен күнелткен шаруаға күштеп астық салығын салды. Оны орындамағандардың мал-мүлкін тартып алды. Тіпті шектен шыққаны сонша, қыста өкілдер үй-үйді аралап киіз салық, жүн салық, тері салық, тұяқ пен мүйіз салық тапсыруды талап етті. Малы жоқ, не салған егіні жоқ жұртты отырықшылыққа көшіреміз деп киіз үйлерді көше-көше етіп тіккізіп тастады. Ойық ауылының халқында тігерге тұяқтары қалмады, тіпті отқа жағатын тал-дарақ, бұтасы да қалмады. 
Ашыққан, суықтан жаураған ел киіз үйлерін тастап, босып кетті. Біразы құмға қарай беттесе, кейбіреулері қалаға қарай кетті. Қалаға кеткендері жолда қырылды. Ал құмға кеткендері «Өлмегенге өлі балық жолығады» демекші, қоян сол жылы масқара көп болыпты. 
Бұрынғыдай қора-қора мал жайылмаған соң ұзын құлақ мақұлықтар күрт сол жылдары көбейіп кетіпті. Соларды талғажу еткен ауыл халқының біразы аман қалыпты.
Қалаға кеткендердің көбісі жолда қалса, қалаға әупіріммен жеткендері де аштыққа ұрынған. 
Жоғарыда айтқандай сол өліктерді көметін жасақтар ұйымдастырылып, оған Әнуарбек Тәжімбетов ағамыз басшылық жасапты. Әнуарбекке Ақкөл мен Ойық арасында өлген адамдарды көміп тұру тапсырылады.
Сонау жылдары Сейілбек Әбдіұлы қария былай деп жазғаны бар: «Ойықтан Әулиеатаға дейін (арасы 120 шақырым) Қаратөбе, Бозғақ, Шатура, Тәңірберген төскейлерінің адам мәйітіне толғанын 5-6 жасар бала болсам да білемін» деп еске алады сол зұламат заманды Сейілбек қария.
Бертінге дейін өмір сүрген Дүйсек атамыз сол зұлмат жылдар туралы көп әңгіме айтып отырушы еді.
Ол кісі ұжымдастыру мен жаппай тәркілеу кезінде осы елді асыра сілтеуден қорғап қалған бір жігіт туралы айтқаны әлі есте. Елдегі бай адамдарға өкімет қырғидай тиіп жатқан кезде «Еңбекші» колхозынан кедей-шаруадан шыққан белсенді Құйқабай «Бізде бай да жоқ, ауылда кіл кедейміз» деп бірде-бір байдың, орта шаруаның малына тиістірмеген екен. Сөйтіп, бір ауылды қырғын ашаршылықтан сақтап қалады. Құйқабай еті тірілігімен белсенді, іскер азамат болғандықтан 1935 жылы «Еңбекші» колхозына төраға болып сайлайды. Техника жоқ, тіпті ат арба, өгіз арба да жоқ. Ұлы аштық жылдарынан қиналған ел әлі де жақсы көтеріле қоймаған болатын. 
Сондай қиын-қыстау кезеңде Құйқабай елге келіп қалған бір орыстан қырық-шұрық тесік-тесік ауын сатып алып қалады. Өмір бойы малмен күні өткен қазақтар аш болса да балық ұстап жеудің мәнісін білмеген ғой. 
Құйқабай болса елді көтеру үшін орыстан алған аумен жігіттерді ұйымдастырып Асадан балық аулатып, қартақтары олжалы болып, жегеннен артылғанын көлік жоқ болса да жаяулап қалаға апарып бидай-арнаға, нанға айырбастаған.
Міне, осындай да нәубат заман біздің ата-бабалардың басынан өткен.

Пана Рахыманбердіұлы,
Талас ауданының Құрметті азаматы.


Обсудить
Блок в статье:
"Ана тілің-арың бұл" 20 сентябрь 2024, Пятница
БАТАМЕНЕН ЕЛ КӨГЕРЕР 19 сентябрь 2024, Четверг

Похожие материалы:

Естелік
05 май 2021, Среда
Естелік
Парасат
26 октябрь 2021, Вторник
Парасат
Тарихи-мәдени мұра
08 июль 2021, Четверг
Тарихи-мәдени мұра
Ұстаздық еткен жалықпас
09 март 2022, Среда
Ұстаздық еткен жалықпас
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры