Парасат
Мен жазушы да, журналист те емеспін. Кеңестік кезеңде ұзақ жыл кооперация саласында еңбек еткен адаммын. Десе де, көптен көкейде жүрген мәселелер төңірегінде көппен ой бөліссем бе деп едім.
2018 жылы Халықаралық Д.Қонаев қорының Жамбыл облыстық бөлімшесінің сол кездегі төрағасы Амангелді Карентаевтың бастамасымен «Дінмұхамед Қонаев және Әулиеата өңірі» деген кітаптың екінші томы жарық көрді. Әрине осы кітапта менің де «Димаш аға Сарысуға келгенде» деген естелігім жарияланды. Айтайын дегенім ол емес. Осы жинақта жарияланған Шымкент қаласындағы Халықаралық Қонаев қорының төрағасы Асанбай Әлсейіттің «Қарапайымдылық пен қанағатшылдық» деген мақаласын оқып отырып ойға қалдым. Асанбай бауырым осы еңбегінде қасиетті Маңғыстау өңіріне сапар шеккенін, ел аузында «Мединеде – Мұхаммед, Түркістанда – Қожа Ахмет, Маңғыстауда – пір Бекет» деген қасиетті сөздердің көп айтылатындығын тілге тиек ете келе, осы сөздерді «...Алатауда – Дінмұхамед» деп үндестіре келе жалғастырып кетсе қалай жарасар еді" деген ой тастайды.
Осы тұжырым туралы мен көп ойландым. Шын мәнінде ұлыларды ұлықтау бүгінгі және келер ұрпақтың парызы болуға тиісті. Қалай ұлықтаймыз, ол енді үлкен мәселе.
Дінмұхамед Қонаевты туған халқы көзі тірісінде әулие тұтты, Пайғамбарға теңеді, адамның асылы, азаматтың биік болмысы деп бағалады. Аллаға шүкір, аяулы жанның көзі кеткеннен кейін де, ұрпақ ауысып жатыр, халық сүйіспеншілігі бір де кеміген жоқ. Естіп жатырмыз, есті азаматтардың бастама көтеруімен, облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың қолдау көрсетуімен Қонаев қоры орналасқан ғимараттың алдынан ұлы адамға еңселі ескерткіш бой көтереді екен. Бұл игілікті шаруаға сарысулық қариялар да қолдау көрсетуде.
Жоғарыда айтқанымдай, «Дінмұхамед Қонаев және Әулиеата өңірі» жинағында шымкенттік Асанбай Әлсейіт атап көрсеткендей пір Бекет кесенесінің басына, Қожа Ахмет Яссауи мовзолейінің кіреберісіне, Алматыдағы "Кеңсай" қорымының бас қақпасына "МединедЕ – Мұхаммед, Түркістанда – Қожа Ахмет, Маңғыстауда – пір Бекет, Алатауда–Дінмұхамед" деген сөздер түрлі-түсті LED экран арқылы жазылып қойылса артық болмас еді-ау деп ойлаймын.
Тағы бір байқап жүргенім, өзіміздің Сарысу ауданында Дінмұхамед Қонаевтың есімімен аталатын ауыл немесе мектеп, тіптен, көше аты жоқ екен. Дінмұхамед Қонаев Жаңатас қаласына да, Сарысу ауданына да келіп өндіріс орындарын, шаруашылықтарды аралап, Саудакенттегі кәсіптік-техникалық училищеге соғып, ел-жұртпен қауышып, жағдайын біліп, ақыл-кеңесін айтқанын көзіміз көрді. Біздің білуімізше Жаңатас қаласының ірге көтеріп дамуы сол кісінің еңбегінің жемісі. Ауданда отызға тарта мектеп пен білім мекемесі бар. Тұрғындармен, ақсақалдармен ақылдаса отырып іргелі бір білім ошағына қазақтың ұлы тұлғасы Дінмұхамед Қонаевтің атын берсе, жарасып-ақ кетер еді. Бұл жалғыз менің пікірім емес, көптің көкейінде жүрген ой.
Алдағы қаңтарда Дінмұхамед Қонаевтың туғанына 110 жыл толады. Жоғарыда мен айтқан мәселелер осы айтулы мерекеге дейін шешімін тауып жатса, құба-құп болар еді.
Алтын Досжанова,
Сарысу ауданының
Құрметті азаматы.

Обсудить
Блок в статье:
СТАЛИНГЕ ХАТ ЖАЗҒАН ҚАРИЯ
20 ноябрь 2024, Среда
КӘСІБІ – ТРАКТОРШЫ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Сейітхан ЖҰМАШЕВ, Жуалы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы: ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС ІСІМІЗГЕ СЕРПІН БЕРЕДІ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Похожие материалы:
Комментарии (0)