Поляк қоныстанушылары
Отандық және шетелдік архивтерде іргелі зерттеулер жүргізу мақсатында қабылданған «Архив-2025» жетіжылдық бағдарламасы аясында Тараз қаласының мемлекеттік архивінің қызметкерлері архивтік деректер негізінде «Қоныстанушылар» атты ғылыми-танымдық кітапты жарыққа шығарды.
Бұл жинақта Украина мен Беларустың батыс облыстарынан 1941-1944 жылдары қауіпсіз жерге көшірілген (эвакуацияланған) поляк ұлтының азаматтары туралы архив құжаттар негізіндегі деректер топтастырылған. Сол уақыттарда Жамбыл жерінде құрылған Поляк Патриоттар Одағы жөнінде балалар үйі мен интернаттардағы поляк балаларының тізімдері, олардың аты-жөні мен ата-анасы туралы мәліметтер қарастырылған. Танымдық кітап қалың оқырманға, тарихшыларға, зерттеушілер мен өлкетанушыларға арналған.
Бүгінгі күнге дейін Польша халқы соғыс жылдары қазақ халқының поляк ұлты өкілдеріне көрсеткен көмегін, мейірімін ұмытпайды. Алғыс ретінде ел астанасының ең көрікті жерлерінің бірі – Вилянув ауданындағы көшелердің біріне «Қазақ көшесі» (полякша ulica Kazachska) атауы берілген. Польшадағы Адам Мицкевич университетінде қазақ тілі оқытылады.
Мемлекеттік архивтің 50-қорында Польша азаматтары туралы 1942-1946 жылдар аралығындағы құжаттарды кездестіруге болады. Олардың арасынан КСРО Сауда министрлігінің Жамбыл облысына эвакуацияланған поляктарды қамтамасыз етуші өкілі 1946 жылға дейін қызмет ақарғаны туралы ақпаратты кездестіре аласыз. Бұл туралы 378- қорда 24-сақтау бірлігінде құжаттар сақталған. Жамбыл облысында бұл қызметті Сизов Иван Павлович атқарғанын растайтан мемлекеттік тіркеу құжаты да бар.
Сонымен қатар, Польша әскері қатарында қызмет атқарғандардың эвакуацияланған отбасылары. 1945 жылғы құжаттың бірінде Үштөбе деген жерде поляктардың потранаттар Одағы қоғамдық ұйымы жұмыс жасағаны, оның төрағасы Ирина Рудольфовна Вишневская болғаны, дәл осындай ұйым аудандарда жұмыс жасағаны, қоғамдық көмек қоры да құрылғаны туралы архив құжаттары сақталған. Осы құжаттарда Жамбыл облысының Үштөбедегі базасына «Поляк потрпоттар Одағына» көмек ретінде 362 польто жолданғаны көрсетілген. Облыстық атқару комитеті құжаттарында (399-қор) интернаттағы поляк балаларының тізімдері сақталған.
Әулиеата қалалық білім бөлімінің құжаттарында (234-қор) КСРО-дағы поляк балалының ісі бойынша комитетінің (Комитет по делам польских детей в СССР) 1944 жылдың 9 желтоқсанында жолдаған хаты да сақталған.
Архивтік құжаттарда балалар үйі мен интернаттар туралы мынадай мәліметтер кездеседі.
Михайловка (қазіргі Сарыкемер) селосындағы поляк интернатындағы тәрбиеленушілер туралы ақпараттарда 14 жастан жоғары поляктар туралы жазылған. Барлығы 4 адам. 2 ер бала, 2 қыз бала. Төртеуі де поляк ұлтынан. Якелло Виктор, Вингер Альреда, Концуб Михайл, Вильк Евгения, 1929-1931 жылдары туылғандар. Туған жерлері туралы мәліметтерде Тарнополск, Больинск, Полесск облыстары, Чижов қаласы деп көрсетілген.
Мойынқұмдағы поляк балалар үйінде 14 жасқа дейінгі тәрбиеленушілер болған. Олардың туған жылдары 1933-1938 жылдар аралығы. Бұл тізімде 15 поляк тәрбиеленушілердің тізімі көрсетілген. Олардың туған жері Тарнополск, Львов, Вольшкая, Полесск деп жазылған.
Келесі бір кестеде Отар станциясындағы 14 жасқа дейінгі поляк интернатының тәрбиеленушілерінің тізімі берілген. Аты-жөні, туған жылы, ұлты, туған жері мен ата-анасы туралы ақпараттар кестеге сәйкес толтырылған.
Жамбыл станциясында оқитын поляктар мен поляк еврейлерінің тізімдерінде аты-жөні мен туған жылы, ұлты, туған жері толық жазылған, олардың барлығы 1928-1930 жылдар аралығында туылған поляктар.
Келесі бір тізімде Свердлов (қазіргі Байзақ) ауданындағы балалар үйіне ілікпей қалған жетім поляк балалары туралы ақпараттар жазылған. Олар Кеңес-1, Кеңес-2, Кеңес-3, Амангелді колхоздарына орналастарылған. Барлығы 1929-1930 жылдары дүниеге келген поляктар.
«Мицкевич» атындағы мектеп жанынан құрылған интернаттағы балалардың тізімі берілген. Олардың жасы 14 жастан жоғары. Радек Эдвард, Хеба Генрих, Лея Михайл, т.б. барлығы 20 баланың тізімі енгізілген. Олардың 9-ы қыз, 11-і ер бала, 15-і поляк ұлты, 5 еврей, 4-еуі таза жетімдер. Әрқайсының туған жерлері әртүрлі. Мысалы: Львовская, Виленск, Луцкая, Ровенская, Красковск, Тарнополск, т.б. кейбірінің шешелері белгісіз, кейбірінің ата-анасы соғыста қайтыс болған, әскерге аттанған, т.б. бірінің анасы Меркі колхозында деп көрсетілсе, бірі қайтыс болған, біреуі болса интернатта повар, біреуі тәрбиеші...
Тағы бір кестеде Свердлов (қазіргі Байзақ) ауданы Ново-Ивановск (Жалғызтөбе) балалар үйінде тәрбиеленушілер 14 жастан жоғары поляк балаларының аты-жөндері, туған жылы, ата-анасы туралы мәліметтер бар.
Келесі бір деректерден поляк оқушыларының сабақ үлгерімі, табелдері, әдебиет сабағынан жазған мазмұндамаларын көруге болады. Мысалы: бастауыш сыныпта міндетті түрде оқытылатын Генрих Сечкевичтің «Смотритель маяка» деген әңгімесі желісінде 7-сынып оқушысы Бранислов Зборчуктің қысқаша жазған мазмұндамасының түпнұсқасы сақталған. Сонымен бірге оқушылардың күнделіктері, сынып журналдары, бағасы көрсетілген журналдар аты-жөнімен сақталыпты.
1940 жылдың желтоқсан айында депортацияланған поляктар өз еліне қайтарылған. Жол-жөнекей қайтыс болған поляк азаматтары Жуалы ауданындағы Шақпақ станциясында эшалоннан түсіріліп, алғаш рет осы жерге жерленген. Тәуелсіздік жылдары екі елдің арасындағы достық қарым-қатынас нығайып, 2002 жылдың маусым айында тұтқында болған поляктарға арнап жерлестері ескерткіш орнатқан болатын. Мұндағы биіктігі 3,5 метр тұғыр тақтада 212 поляктың есімі қашап жазылған.
Нұрхат Серікбаев,
Тараз қалалық мемлекеттік архивінің директоры, т.ғ.магистрі.

Обсудить
Блок в статье:
МОМЫШҰЛЫ ӘЛЕМІ-- Б.МОМЫНҚҰЛ- 70 ЖАС.
28 май 2025, Среда
Жақсы бата – жарты бақыт
28 май 2025, Среда
Жақсы бата – жарты бақыт
28 май 2025, Среда
Похожие материалы:
Комментарии (0)