ЕСКЕРТКІШТЕР – ЕЛДІГІМІЗДІҢ МҰРАЛАРЫ
Биыл Жамбыл облысының құрылғанына 85 жыл толады. Жамбыл облысы КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1939 жылы 14 қазандағы жарлығымен құрылды. Әулиеата өңірі - өзінің мәдени және рухани мұрасымен бай, тарихы терең, табиғаты көркем, алуан түрлі аң-құстар мекен ететін аймақ. Мыңдаған жылдар бойы сақталған жәдігерлер бұл өлкенің ұлы өркениеттің ошағы болғанын көрсетеді. Ежелгі дәуірде төрткүл дүниені байланыстырған Ұлы Жібек жолы тарихының да өз тамыры бар. Ақыртас, Баласағұн, Барқуаб, Құлан, Өрнек сияқты көне қоныстар тарихтың алтын желісіндегі бірегей орындар. Сонымен қатар, Қазақ хандығының туы тігілген Қозыбасы мен Хантауды ерекше атауға болады. Тарихи мәнге ие болған осы өлкеде Жамбыл облысы құрылғанға дейін де кеңес өкіметі орнағанға дейін де, Ресей империясының ықпал ету аймақтарына зерттеушілер көптеп келіп жатты. Олардың ішінде, әсіресе тарих пен археологияға қызығушылар көп болды. Археологиялық ескерткіштер мен көне архитектуралық құрылыстарға орыс зерттеушілерінің ықыласы ауа бастады.
1864 жылы суретші М.С.Знаменский, шығыстанушы П. И. Лерхг, геолог Д.Л. Иванов, 1890 жылы шығыстанушы Е.Ф. Каль Әулиеата уезінің ескерткіштерін зерттеді, обалар мен қарауылтөбелер туралы мәліметтер жинады. Талас және Шу алқаптарының ескерткіштерін зерттеуде В.А.Каллаур, В.П.Лаврентьев, Н.П.Остроумов, А.А.Диваевтардың еңбегі зор болды. Көне мұраларды зерттеуде, әсіресе В.А.Каллаур көп еңбек сіңірді, бай ғылыми мұра қалдырды. В.П. Лаврентьев Әулиеата айналасындағы «төбелер» – қалажұрттардың реестрін жасады. Көненің әйгілі зерттеушісі А.И. Добросмыслов XX ғасырдың басындағы Әулиеата құрылымын сипаттап қалдырды. Зерттеушілер мен өлкетанушылар көлемді зерттеу материалдары жинақтады, олардың ғылыми еңбектерінің сипаттамалары осы күнге дейін өз маңызын жоғалтқан жоқ. 1917 жылғы Қазан төңкерісінен кейін Әулиеата уезінде де Қазақстанның басқа аймақтарындағыдай кеңес өкіметі орныға бастады. Жаңа кеңестік мемлекеттік орындары құрыла бастағаннан 1920 жылы Әулиеатаға Д. Фурманов келген болатын. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін аяқсыз қалған темір жол құрылыс қайта жаңғырып, 1920 жылы Әулиеата бекетіне дейін жетеді. Түркісіб құрылысы аяқталғаннан кейін 1930 жылы Әулиеата өңірінде өндіріс орындары ашылып, ауыл шаруашылығының өсуіне мүмкіндіктер туады. 1924 жылы Орта Азия республикаларының өз алдына отау тігуіне байланысты Сырдария облысы Әулиеата уезімен бірге Қазақ автономиялы республикасының құрамына енді. Сырдария губерниясының құрамында 1928 жылы Әулиеата ауданы болып құрылады. 1936 жылы Әулиеата Мирзоян ауданы болып өзгеріп, Оңтүстік Қазақстан облысының құрамына кіреді. Кеңестік кезеңнің сәулет ескеркіштері көбіне Тараз қаласында орналасқан. Кеңестік жүйенің алғашқы мемлекет қайраткерлеріне, ғылым мен мәдениет қайраткерлеріне, еңбек батырларына арналған ескерткіштер бой көтере бастайды. Сондай ақ көп монументтер мен мемориалды кешендер Ұлы Отан соғысы кезіндегі жауынгерлердің ерлігіне арналған. 1935-1938 жылдары А.Н Бернштамның жетекшілігімен ұйымдастырылған Одақтық ғылым академиясының Қазақстан филиалымен жүргізілген жұмыстар барысында Тараз бен оның төңірегіндегі қалаларға қатысты тың материалдар жинақталды. А.Н Бернштам Луговой елді мекенінің жанынан үйсін қонысының орыны мен Беріққара және Кеңкөл обаларына қазба жұмыстарын жүргізеді. Сонымен қатар ол өңірдегі көптеген қалалар мен оба қоныстарды алғаш зерттеуші ғалым ретінде есте қалады. 1940 жылы сол кезде құрылған тарихи-өлкетану музейіне археологиялық материалдар жинау үшін Жамбыл археологиялық бекеті қазба жұмыстарын бастайды. Қазбалар Тараздың Әулиеата орнындағы қалажұртқа толық сәйкес екендігін дәлелдейді. Ортағасырлық қала тұрғындарының дүниетанымы жөнінде қызықты материалдар тараздық қорымдардың қазбасы мен жерлеу кешендерінен кездейсоқ табылып, ғылымның игілігіне айналады. Соғыстан кейінгі жылдары Г.И.Пацевич бастаған Жамбыл археологиялық бекеті мен белгілі өнертанушы және тарихшы Л.И.Ремпельдің жетекшілігімен Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінің зерттеушілері өнімді жұмыс істеді. 1946 -1951 жылдары Тараз қаласындағы және Тектұрмас тауындағы қорымдар зерттелді, қалажұрттың өзінде қазба жұмыстары жүргізілді, Ақыртас кешені, Талас өзенінің жазық бөлігі мен төменгі ағысындағы қалажұрттар зерделенді. Г.И.Пацевич, Л.И.Ремпель экспедициялары көне қалажұрттардың орналасуы, ескерткіштер картографиясы жөнінде кең және қызықты материалдар жинақтады, оларды жариялады. Соғыстан кейінгі кезеңнен 1960-шы жылдарға дейін республиканың оңтүстік өңірінің архитектурасының даму тарихын Қазақ КСР Министрлер Кеңесі жанынан құрылған Архитектура істері жөніндегі басқармасы ұйымдастырған экспедиция жүргізді. Экспедицияны архитекторлар Т.К. Басенов, М.М.Меңдіқұловтар басқарды. 1956 жылы Жамбыл облысының ескерткіштерін зерттеу және Қазақстанның археологиялық картасын дайындау үшін А.Г.Максимова басқарған Қазақ КСР Ғылым академиясының Тарих, археология және этнография институтының Жамбыл археологиялық экспедициясы құрылды. Экспедицияның жұмысы барысында облыстың белгілі ескерткіштері зерттелді, жаңалары ашылды және олар туралы мәліметтер дайындалды. Өткен ғасырдың 60-70-ші жылдары облыста Х.А.Алпысбаев бастаған археологиялық экспедиция жұмыс істеп, Қаратауда палеолит кезеңінің бірегей орындарын ашты. Төменгі палеолит кезеңінің тас құралдарының табылуының әлемдік маңызы бар. Палеолит ескерткіштерін зерттеуді Ж.К.Таймағанбетов жалғастырды. 1961 жылдан бастап 1968 жылға дейін облыс аумағында Жетісу археологиялық экспедициясы жұмыс істеді. Экспедиция құрамы Е.И.Агеева, Т.Н.Сенигова, А.Г.Максимова, М.С.Мерщиев бастаған бірнеше отрядтардан тұрды. Тараз қалажұртының стратиграфиясы зерттелді, қаланың пайда болу және қалыптасу мерзімі, оның даму кезеңдері анықталды. Ерте темір ғасырының кезеңі зерттелді, атап айтқанда, Шөлтөбе мен ҚызылҚайнар мекенжұрттарына қазба жұмыстары жүргізілді. А.Г.Максимова бастаған отряд Қызыл-Қайнар, Шошқала сияқты үйсін қорымдарын зерттеді, Луговое (К.М.Байпақов) және Аспара (Л.Б.Ерзакович) қалажұрттары зерттелді. 1974 жылдан бүгінгі күнге дейін аздаған үзілістермен қазіргі Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық университетінің У.Х.Шәлекенов бастаған археологиялық экспедициясы Ақтөбе – Степнинское қалажұртын зерттеп келеді. Ақтөбе қалажұртынан басқа экспедиция отрядттары ерте көшпелілер ескерткіштерін (A.M. Оразбаев) және Шу алқабының қалажұрттарын (М.Е. Елеуов, Н.О.Алдабергенов) зерттеді. 1983-1984 жылдары Қазақ КСР Ғылым академиясының Тарих, археология және этнография институның Л.Б.Ерзакович бастаған Тараз археологиялық экспедициясы құрылды. Екі жыл ішінде Жамбыл қаласының маңындағы және Талас өзенінің орта ағысындағы мекен және қала жұрттары зерттелді, қаңлы кезеңінің Шөлдала мекенжұрты, Жамбыл қаласының Сүлейменов көшесіндегі Төрткүл қазылды, Талас өзені алқабындағы көне ирригацияны зерттеу басталды. 1985-1989 жылдар аралығында облыста Қазақ КСР Ғылым академиясының Тарих, археология және этнография институтының К.М.Байпақов бастаған археологиялық экспедициясы, Қазақ КСР Мәдениет министрлігінің «Қазжобареставрация» институтының экспедициясы (А.О. Итенов, А.Н. Проскурин, Т.Д. Жанысбеков) жұмыс істеді. 1990 жылы облыста Қазақ КСР Ғылым Академиясы Тарих, археология және этнография институтының Оңтүстік Қазақстан кешенді археологиялық экспедициясы, ал Археология институты құрылғаннан кейін К.М.Байпақов бастаған Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы жұмыс жүргізе бастайды. 1997 жылы облыс орталығына қаланың тарихи атауы – Тараз қайтарылды. 1921-2001 жылдар аралығында облысымызда не бәрі 20-дан астам тарихи және монументальді өнер ескерткіштері пайда болды. Жамбыл облысы тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясының есебі бойынша облысымыздың аумағында 3480 тарихимәдени ескерткіш орналасқан. Олардың 5 халықаралық, 25 республикалық және 708 тарихи нысан жергілікті маңызы бар ескерткіштер тізіміне енгізіліп, мемлекет қорғауына алынған. 2742 тарихи-мәдени мұра алдын-ала тізімде. Тарихи-мәдени мұра мен тарих және мәдениет ескерткіштері Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 29 желтоқсандағы «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Заңымен қорғалады. Археология және архитектура ескерткішін зерттеудегі жаңа кезең «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасы аясында 2004 жылдан басталды. Жамбыл облысы бойынша ЮНЕСКОның Бүкіләлемдік Мәдени Мұралар тізіміне тарихи-мәдени ескерткіштерімізді енгізу жөнінде де біршама жұмыстар атқарылды. Осы жұмыстардың арқасында өңірімізден ЮНЕСКО-ның Мәдени Мұралар тізіміне Ортағасырлық Қостөбе қалашығы (VIXII ғ.ғ.), Ақыртас кешені (VIII-XIV ғ.ғ.), Ортағасырлық Өрнек қалашығы (VIIIXII ғ.ғ.), Ортағасырлық Құлан (VI-XIII ғ.ғ.) қалашығы, Ортағасырлық Ақтөбе (Баласағұн) (VI-XIII ғ.ғ.) қалашығы енгізілді. Тарихи-мәдени орындарды сақтау және қалпына келтіру бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары жалғасуда. ЕСКЕРТКІШТЕР – ЕЛДІГІМІЗДІҢ МҰРАЛАРЫ Биыл Жамбыл облысының құрылғанына 85 жыл толады. Жамбыл облысы КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1939 жылы 14 қазандағы жарлығымен құрылды. Әулиеата өңірі - өзінің мәдени және рухани мұрасымен бай, тарихы терең, табиғаты көркем, алуан түрлі аң-құстар мекен ететін аймақ. Мыңдаған жылдар бойы сақталған жәдігерлер бұл өлкенің ұлы өркениеттің ошағы болғанын көрсетеді. Ежелгі дәуірде төрткүл дүниені байланыстырған Ұлы Жібек жолы тарихының да өз тамыры бар. Ақыртас, Баласағұн, Барқуаб, Құлан, Өрнек сияқты көне қоныстар тарихтың алтын желісіндегі бірегей орындар. Сонымен қатар, Қазақ хандығының туы тігілген Қозыбасы мен Хантауды ерекше атауға болады. Тарихи мәнге ие болған осы өлкеде Жамбыл облысы құрылғанға дейін де кеңес өкіметі орнағанға дейін де, Ресей империясының ықпал ету аймақтарына зерттеушілер көптеп келіп жатты. Олардың ішінде, әсіресе тарих пен археологияға қызығушылар көп болды. Археологиялық ескерткіштер мен көне архитектуралық құрылыстарға орыс зерттеушілерінің ықыласы ауа бастады. 2009-2014 жылдар аралығында Тараз қаласы мен облысымыздың 10 ауданында орналасқан тарихи-мәдени мұраларға толықтай ғылыми-зерттеу және барлау жұмыстарын жүргізе отырып, көпшілік-танымдық ғылыми тарих және мәдениет ескерткіштерінің жинағы басылып шықты Осының бәрі Тараз жерінің рухани дамып жатқанының көрінісі. Облыстың құрылғанына 80 жыл толу мерекесіне орай «Тараз мұралары» атты 80 томдық кітап басылып шыққан болатын. Кез-келген дамыған ел өзінің жеке тұлғаларымен, дара тұлғаларымен мақтанады. Ең алдымен рухани мұраларымен мақтанады. «Тараз мұралары» танымдық-тарихи көптомдығы пікірімізге дәлел бола алады. Өңіріміздің мәдениеті мен тарихынан сыр шертетін көптомдықта Жамбыл облысының ежелгі тас дәуірінен бастап қазіргі уақытқа дейінгі тарихы жинақталып, өңірдің рухани мұралары паш етілген. Жамбыл облысының 85 жылдығы аясында маңызы да зор тартымды жұмыстар өз жалғасын таба бермек.
Сания НАҒАШБЕКОВА, облыс әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы «Тарихи мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясының» ғылыми қызметкері.
Обсудить
Блок в статье:
СТАЛИНГЕ ХАТ ЖАЗҒАН ҚАРИЯ
20 ноябрь 2024, Среда
КӘСІБІ – ТРАКТОРШЫ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Сейітхан ЖҰМАШЕВ, Жуалы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы: ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС ІСІМІЗГЕ СЕРПІН БЕРЕДІ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Похожие материалы:
Комментарии (0)