Жамбыл облысы әкімінің орынбасары тағайындалды
ҚР Президент Әкімшілігінің келісімімен Жамбыл облысы әкімінің орынбасары лауазымына Серік Жақсылықұлы Сәлемов тағайындалды.
Серік Жақсылықұлы 1972 жылы туған. Білімі жоғары. Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясын, Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын («жылумен, газбен қамтамасыз ету, желдету, ауа бассейінін қорғау», «құқықтану», «мемлекеттік және жергілікті басқару») бітірген.
Ол әр жылдары «Салтанат» шағын мемлекеттік кәсіпорында тері өткеруші, «Ақбастау» шағын жеке кәсіпорында құрылыс учаскесінің шебері, «Салтанат» шағын мемлекеттік кәсіпорында директордың орынбасары, Жамбыл ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және кадр бөлімінің бас консультанты, бас маманы, Байзақ ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және кадр бөлімінің меңгерушісі, Жамбыл облыстық мәслихат аппаратының бас маманы, ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің меңгерушісі, жетекшісі лауазымдарын атқарған.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитетінің нормативтік-лингвистикалық жұмыстар басқармасының бастығы (басшысы), ҚР Мәдениет министрлігі Тіл комитеті төрағасының орынбасары, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті төрағасының орынбасары, аталған министрліктің Әкімшілік департаментінің ұйымдастыру жұмысы басқармасының басшысы, түрлі серіктестіктердің жетекшісі, М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің аппарат басшысы лауазымдарында еңбек еткен.
2022 жылғы шілде айынан бастап бүгінге дейін М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің Басқарма мүшесі – Инфрақұрылымды дамыту жөніндегі проректоры қызметін атқарып келді.
Облыс әкімінің жаңа орынбасары білім, дене шынықтыру және спорт, ақпарат және қоғамдық даму, дін, мәдениет және тілдерді дамыту салаларына жетекшілік етеді. Бұған дейін ақпарат және қоғамдық даму, дін, мәдениет және тілдерді дамыту салаларына облыс әкімі аппаратының басшысы жетекшілік еткен.
Жамбыл облысы әкімдігі

Обсудить
Блок в статье:
Азаттық пен еңсесі биік елдіктің айшықты мерекесі
01 ноябрь 2024, Пятница
Адамгершілігі бар адам –арлы адам
25 октябрь 2024, Пятница
ІСТІҢ АДАМЫ
25 октябрь 2024, Пятница
Похожие материалы:
Комментарии (1)