Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » Ардақтауға лайық Серғазы ұстаз

Ардақтауға лайық Серғазы ұстаз

14 июль 2023, Пятница
84
0
Ақбастау ауылындағы Б.Майлин атындағы орта мектепке 35 жыл директор болған Серғазы Алтаевты ауылдастары ерекше құрмет тұтады. Ол кісі орыс тілі пәнінен де сабақ беріп, оқушылардың жүрегінен жол тапқан кісі. Өмірлік жары Дариға Садуақасова да Сырдария мемлекеттік университетін Секеңмен қатар бітіріп, екеуі шаңырақ көтеріп, ертеректе Ақбастау ауылына жас ұстаздар болып келген. Бұл кісілердің танымал шәкірттері өте көп. Атап айтқанда Әл-Фараби атындағы ҚазМУ - де профессор болып жүрген, ғылым докторы Ұлбике Көшербаева, «Түркістан» телеарнасының редакторы Серік Жұмабай, Жамбыл облыс әкімдігі білім беру басқармасы басшысының орынбасары Айдын Досыбаева, білім саласының майталман мамандары Перизат Қатабаева, Сағын Қатабаев. Кейіннен де талай үздік шәкірттерді тәрбиелеп, ұядан ұшырды. 
Серғазы ағай мен Дариға апай ауылға осылайша білімнің нұрлы шамын жақты. Екеуі алтын асықтай ұлдарды, күміс қасықтай қыздарды тәрбиеледі. Бір баласы Ғабит – Тараз қаласы әкімдігі тұрғын жай - коммуналдық шаруашылығы, автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі бөлімінің басшысы. Өзге ұл – қыздары ата - ана жолын қуып, ұстаздық жолды таңдады. Сол ұстаздық жолда абыройға бөленіп жүр. 
35 жыл мектеп директоры болған Серғазы Алтаевты Ақбастаудың үлкені мен кішісі тегіс құрметтейді. Оны ауданда да ардақтайтындар көп. Себебі, оның 43 жыл бойғы ұстаздық еңбегі абыройға бөледі. 
– Ауылым осы. Туған жер төсінде еңбек еттік. Еш жаққа барамыз демедік. Еңбегіміз бен білімімізді туған жерге арнадық. Осы мектепте менің тәлімімді көрген мұғалімдер кейіннен басқа мектептерге директор болды. Осы мектепте білім алған шәкірттер  де білім саласында, өзге де салаларда көзге түсті. Ол – мен үшін мақтаныш, – дейді ұлағатты ұстаз, білікті басшы Серғазы Алтаев. «Мұндай кісілер- бізге мақтаныш. Серғазы Алтаев ақсақал қандай құрметке болса да лайық» дейді аталған ауылдық округының әкімі Жанар Нұрмұратқызы.


Есет ДОСАЛЫ,
журналист

Обсудить
Блок в статье:
"Ана тілің-арың бұл" 20 сентябрь 2024, Пятница
БАТАМЕНЕН ЕЛ КӨГЕРЕР 19 сентябрь 2024, Четверг

Похожие материалы:

Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры