АУЫЛҒА АРДАҚТЫ АМАКҮЛ ӘПКЕЙ
Туған жерім Көктөбе елді мекеніне жиі жол түсе бермейді. Көбіне асығыс барып, асығыс қайтатыным бар. Әйтпесе, ол ауылда мен сәлем беруге тиіс ардақты адамдар аз емес. Солардың қатарында ерлі-зайыпты Барбосын Адырбеков пен Аманкүл Құрманәлиева ұстаздарымды айрықша айтқым келеді.
Аманкүл апайды біраз уақыттан бері сырқаттанып жүр деп естім едім. Енді 84 жасқа келу дегеніңіз де оңай емес қой. Жақында сол үйге арнайы барып, қос ұстазға сәлем бердім. Қанша жасқа келсе де, ізеттерінен іркілмеген, қасиеттерінен жаңылмаған. Аманкүл апай науқастанып жүрсе де, «қазан астырамын, қонақ бол» деп бәйек болып жатыр. Оған уақыт қайда? Құрметтері үшін алғысымды білдірдім.
Шіркін –ай, десеңші! Біз аталған ауылдағы Бөлтірік Әлменұлы орта мектебінде білім алғанда Барбосын ағай да, Аманкүл апай да бізге сабақ берді. Екеуі де жақсы ұстаздардың қатарында еді. Барбосын ағай орыс тілі мен орыс әдебиетінен дәріс берген. Менің орысшам онша емес. Бірақ, оған Барбосын ағайдың кінәсі жоқ. Ол кісі жалпыға бірдей оқытты, жалпыға бірдей түсіндірді. Әйтпесе, менімен бір сыныпта оқыған Болатбек, Ақнұр, Шонаның орысшасы менен тәуір. Есесіне Барбосын ағайдың қаталдығы, темірдей тәртіпке бағындырғаны бәрімізге үлгі. Біз тәртіптің не екенін сезініп өссек, ол жерде Барбосын ағайдың еңбегі бар.
Ал Аманкүл Құрманәлиева апай туралы сөз мүлдем басқа. Аманкүл апайды біздің ауыл ғана емес, аудан мойындаған. Тіпті, КСРО білім беру ісінің үздігі атанған. Мұндай атақты кім болса соған бермейтіні, үздіктің үздігіне ұсынатыны ақиқат. Аманкүл Құрманәлиева апайдың мақтан тұтар шәкірттері көп. Ол кісі Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші, композитор Әбиірбек Тінәліні, кеңшар директоры, ауылдық округ әкімдері болған Әлімхан Қилыбайұлын, Болатжан Дуанбековты, Тараз қалалық мәслихаттың депутаттары Уалихан Байдуановты, Бекбол Маймышевты, ақындар Нұрлан Досалиевты, Біржан Сөктайды мақтан тұтады. Бұл тізімді толықтырып, жалғай беруге болады.
Аманкүл апайдың әр сабағы қызықты еді. Апайдың әр сабағын жіберіп алмауға күш салушы едік. Басқа кейбір сабақтан қашатын оқушылардың өзі Аманкүл апайдың сабағына келгенде қызығып тыңдайтын. Түсіндіре білуі керемет еді. Аманкүл әпкей әйгілі тұлға, заңғар жазушы Мұхтар Әуезовты көргенін айтатын. Біз аузымыз ашылып тыңдаймыз. Біз Әуезовтың «Абай жолы» романын, «Көксерек» әңгімесін сырттай оқып тамсанған ұрпақпыз. Оны да үйретіп, оқытып, тамсандырып жүрген Аманкүл апай. Ал Аманкүл апай Мұхтар Әвуезовты көрген. Заңғар жазушының өмір сүрген жылдарын әсерлі баяндағанда денеміз шымырлап, жүрегіміз елжіреп кетуші еді. Әйтпесе, ауданға тегіс танымал шәкірті Нұрлан Досалиев ұзақ жылдардан кейін: «Аманкүл әпкейге» деп өлең жазып:
«Туралықпен шығаратын шешімді,
Сөз деп білем айтқандары кесімді.
Диктантты жазсаңдаршы деуші еді:
— Міне, мынау Досалиев секілді.
Өткелдерім, міне, осы жас күнгі
Тіршілігі бұл ауылдың тасқын-ды.
Мотоцикл айдап келе жатқанда,
Амандастым шешіп алып каскімді.
Мақтанышпен көрсете алар соқпағын,
Мейірімнің жалындатқан оттарын.
— Бұдан артық құрмет бар ма ұстазға,
Деді апайым: – арнайы кеп тоқтадың, – деп жүрегі елжірей еске алар ма еді.
Бұл шәкірттер – Барбосын ағайдың да шәкірттері .
Барбосын ағай мен Аманкүл апайдың біздің ауылдағы Бөлтірік Әлменұлы орта мектебіне ұстаз болып келгендеріне биыл 60 жыл болған екен. Екеуі озат, үлгілі шәкірттерді дайындады. Екеуінің ұл-қыздары да шетінен өнегелі, ибалы болып өсті. Немерелері де білімді ,өнерлі. Олар Алматы, Тараз, Ойық, Көктөбе арасын жалғап еңбек етіп жүр. Ауылдастар бұл ұстаздарды «Ескірмеген махаббат» деп атапты. Олар шынында ескірмеген – махаббат.

Есет ДОСАЛЫ,
журналит.
Талас ауданы
Обсудить
Блок в статье:
СТАЛИНГЕ ХАТ ЖАЗҒАН ҚАРИЯ
20 ноябрь 2024, Среда
КӘСІБІ – ТРАКТОРШЫ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Сейітхан ЖҰМАШЕВ, Жуалы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы: ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС ІСІМІЗГЕ СЕРПІН БЕРЕДІ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Похожие материалы:
Комментарии (1)