ТАҒЫЛЫМ
Адам өз өмірінде талай жанмен кездеседі. Жақсымен де, жаманмен де. Бірақ, соның ішінде кісі санасынан ұмытылмайтын аяулылары болады. Ондай жандардың бейнесі тот баспайтын сары алтындай сенің есіңде сол өзіңе ұнаған қалпында қалады да қояды. Туған əкемдей, қамқор ағамдай ақылшым жанашырым, 28 жасымда директор болғанымда баладай қуанған тəлімгерім, ұстазым, сыйласым, сырласым болған Совет ағай туралы жазбақшымын.
"Қызылқыстақ" – мен үшін ең ыстық, ең қымбат ауыл. Себебі, жалындаған жастық шағым өткен, жаңа еңбек жолымды бастаған, алғашқы басшылық қызметімнің бастау алған жері. Теміржол ауылды қақ жарып өтеді. Пойыз ары- бері зулап, ертелі - кеш тынбай өтіп жатады. Үйлері еңселі, тұрмыс- тіршіліктері жақсы екені көрініп- ақ тұр. Көшелері асфальтталған, ұзыннан-ұзақ созылып Ақермен ауылына ұласып жатыр. Ауылдың ортасында зəулім орта мектеп үйі менмұндалап тұр. Өмірімнің ең есте қалар кезі, міне, осы ауылда өтті. Бұған дейін Гранитогорскідегі мектеп-интернатта қызмет атқарған едім. Аудандық білім бөлімінің басшысы ұжымға таныстырып тұрып:
– Əсем, мектеп өте қиын, ұжымда 7 бұрынғы директор, 5 оқу ісінің меңгерушісі отыр, бұрқыраған арыз тоқтаған емес, абайла! - деп ескерткені әлі есте. Осы күннен бастап №3 Қызыл–қыстақ мектебінде директорлық қызметке кірісіп кеттім. Арыз да тоқтады, ұрыс-керіс те болған жоқ, ұжымда жақсы көңіл - күй орныға бастады.
Алғашқылардың бірі болып, 28 жасымда басшы болып келген маған, туған қызы директор болып келгендей қуанған Совет Сансызбайұлы құттықтап, ізгі тілегін арнады. Ағаның басқалардан ерекшелігі адамгершілігінде, кісі тани білетіндігінде дер едім. Етене жақын əңгімелесіп, ақылын айтып, кеңес беріп, жанашырлық таныта білді. Жас екен деген жоқ, басшыға бағына білетін, басшы сыйлай білетін, тыңдай білетін жан екенін бірден көрсетті. Мектептің ішінде қоқыс жиналып жатқан, ескі парталар, сынған əйнек, жəшік сияқты керегі жоқ заттар жиылып тұратын бір төрт бұрышты алаңқай бар еді. Наурыз айы басталысымен көгалдандыру айлығын жүргізіп, гүл отырғызуды бастап кеттік. Сол жерді қоқыстан тазартып, гүл отырғызайық деп ұсыныс жасадым. Совет аға бастап, қуана қолдады. Бекет сияқты қолынан іс келетін жігіттерді ұйымдастырып жіберіп, осы мектептегі алғашқы жұмысымды қолдап жіберді.Керексіз нəрселердің бəрін шығарып тастап, қиыршық, құм, тастардан тазартып, жерді аударып, қара қи төсеп, ауылдың сыртынан шым ойып əкеліп, түзулеп қойып, гүл егетін жерді дайындап берді. Төрт бұрышты, жан - жағы мектеп қабырғаларымен қоршалып тұрған дайын жерді осылайша бір аптаның ішінде қалпына келтірдік. Төрт бөлікке бөліп, раушан гүлдерінің көшеттерін əкеліп отырғызып, керемет демалыс бұрышын жасадық. Жан- жағына оқушылар үзілісте демалып отыратын сəкілер қойып, Совет ағайым өзі басқарып, өзі аяғына дейін жеткізді. "Швейцария болды ғой", деп қуанғаны есімде. Кейін мектепке келген комиссияны бірден осы жерді көрсетуге апарып жатушы едік. Əрине, арасында кертартпа кісілер де болды, Совет ағаның қолдауымен ондайларға мəн бермейтінбіз. Ол кезде Меркі– Чалдовар деген автобуспен ертелі-кеш, Ақаралдан барып-келіп жұмыс атқарғандықтан, түскі үзілісте үйге бармайтынмын. Сол ауылда бірінші болып, үйіне қонаққа шақырған, қонақжайлылық танытқан, "өз үйіңдей көр, қысылмай келіп тұр" деген тағы да Совет ағайым болды. Құдай қосқан қосағы Гүлсім апай да қабағы ашық, дастарханы жиналмайтын, келбетті кісі екен. Екеуі бір-бірін еркелетіп, қалжыңдасып, сыйласып отырғандарын талай рет көрдім. Сол үйдің қызындай болып еркелеп барып, еркінсіп кіріп, қанша жыл жұмыс істесем, сонша жыл алтын ағатайымның үйі пана болды. Қыстың күні айнала аппақ қар. Жер тайғақ, қандай аяқ киім кисем де, тайып құлай беретін əдетім. Түсте ағаның үйіне барып, қайтқанда қолтықтасып, жармасып ұстап аламын. Былдырлап əңгіме айтып барамын, ағатайым соның бəріне мəн беріп, мұқият тыңдайды. Екеуміз апайдың сүт қатқан қою күрең шайын ішіп, түстен кейінгі жұмысқа бірге келуші едік. Сол жылдары оқушылардың қызылша өсіретін өндірістік бригадасы бар болатын. Оған қолынан іс келетін, аяғына дейін шыдамдылықпен жеткізе алатын адам болмаса, кез-келгенге тапсыруға бол-майтын. Совет Сансызбайұлы үлкен жауапкершілікпен осы жұмысты мойнына алды. Директор тындыруға тиісті талай шаруаларды бір өзі атқара салушы еді. «Сен қыз баласың, бармай-ақ қой», - деп қант зауытымен келісім - шарт жасау, техникалар табу, жерді жырту, тұқым себу, күнде колхоздың бастығынан көлік сұрау сияқты жауапты шаруаларды өзі атқара беретін. Оқушылар бригадасын жасақтап, жекелеу, шабық, қопсыту, күзде қызылша қазу, жону сияқты қиын да қызықты, қыруар жұмыстарды атқарып, сол жылдары бəріміз, 20 қаптан шекер алып, қарық болдық. Көлік жағын да өзі тауып, оқушыларды үйді-үйіне өзі тарататын. Бір жылы қызылша суару үшін, атызбен ағатын үлкен арықты бітеп, қызылша плантациясына су келмейтіндей етіп, шлюздің аузын жауып, жарты машинадай құм төгіп тастапты. Бұл, табысты жұмыстарымызды "қызғанушылардың" тірлігі еке-нін сездік. Ағатайым «ештеңе етпейді» деп өзі бас болып, ерінбей, жалықпай, күрекпен құлаштап лақтырып, арықты су келетіндей етіп тазартып, түнімен қызылша суарғанымыз әлі есімде. Алынған өнімді қант заводына да өзі тасыды, мені осылайша "қиын" жұмыстың бəрінен оңай алып шығушы еді.
Келе-келе сыйластығымыз туыстыққа жалғасты. Кіші ұлы Бауыржан мен келіні Əлия үйленгенде ұлан-асыр тойда төрде құдалармен бірге отырғызды. Өзі зейнетке шыққан үлкен тойды да ұжыммен бірге тойладық. Гүлсім апай зейнетке шыққанда да қуаныштарының ортасында болдым.
Оқу-тəрбие жұмысындағы, жетіс-тіктердің қорытындысы шығар, мені аудан орталығындағы ең үлкен, мектептердің қара шаңырағы саналатын №18 Калинин атындағы орта мектепке директор етіп ауыстырды. Ұжыммен, ешкіммен шай деспеген əріптестеріммен, төркінім болған Совет ағамен қимай қоштастық. Бес жылдың зулап өте шыққанын да байқамай қалыппыз. Төркінім дейтінім, жаңа мектепке бірінші болып, Совет аға іздеп келді. Жаңа ұжымның алдында беделімді көтеріп, «Ісің сəтті болсын!» деп батасын беріп кетті. Аудан орталығына келген сайын "жұмысың қалай?" деп бір соғып кететін. Мейірімділік, қайырымдылық, адал, ақ жүректен шығады емес пе? Совет Сансызбайұлының көрсеткен өнегесі, берген тəрбиесі - даналық! Мен мұндай кісіні, кейін талай мектепте директор болған жылдарымда кездестірген жоқпын. Шын мəнінде, тағдырдың маған берген сыйы десем де болады. "Назары əдемінің ой-санасы əдемі келеді, ой-санасы əдемі адам өмірде рахат көреді" дейді халық даналығы. Совет аға мың сынақ көрсе де иіліп сынбаған, жақсылық жасаса да жар салып айтпаған, елеусіз жүрсе де ерлікке баратын кісі болатын. Бірде мектептің жалпы ата - аналар жиналысында сөз алған Сəкең :
– Тыйым көрмеген баладан тексіз шығады, тектеу адамды əдептілікке үйретеді, қазақтың төл тəрбиесін бала бойына сіңіре білу керек. "Ұят болады" мен "Обал боладыны" баланың алғашқы тілі шыққан күннен бастап үйрете беру керек,- деген еді. Баяғы бауырмал көңіл қазақы қайырымдылықтың жоғалып кетпеуіне алаңдайды. Көңілі кең, жүрегі мейірімді, кеудесі қазына, сөзі қасиетті қария болып қалыптасты.
Зейнетке шыққаннан кейін ауылда имам болып, құран оқуды үйретіп, дастарханға бата беру, қолға су құю сияқты ұмытылмас құнды дүниелерді уағыздап, жастарға керек игі іс атқарды. Мектептің бос қабырғаларын безендіру ісі қолға алынған кезде өзі үйінен керек материалдарды əкеп беріп, Шерхан Мұртазаға арналған "Ел бастаған көсем, сөз бастаған шешен" деген стендіні өз қаржысына жасатып берді. Кейін атақты жазушы Шерхан Мұртазаның өзі мектепке кездесуге келгенде, сол стендінің жанында суретке түстік.
Бүкіл саналы ғұмырын ұстаздыққа, ұрпақ тəрбиесіне арнаған, ардақты əке, асқар тау ата, ағайын, туыстың ақылшысы, ауыл ақсақалы, ұзақ жылдар мектеп директоры болып, қызмет атқарған, ардагер ұстаз Совет Сансызбаев 2021 жылдың 13 тамызында, 84 жасқа қараған шағында қайтыс болды. Орта мектепті аяқтаған соң, Шымкент қаласындағы педагогикалық институтты бітіріп, мұғалім болып еңбек жолын бастады. Меркі аудандық білім бөліміне қарасты бірнеше мектепте директор қызметін атқарды. №2 Аспара орта мектебінде, №3 Қызыл-қыстақ мектептерінде ұзақ жыл мектеп директоры болып, зейнет демалысына шықты. "Білім беру ісінің үздігі" атағына ие болды.

Адам өз өмірінде талай жанмен кездеседі. Жақсымен де, жаманмен де. Бірақ, соның ішінде кісі санасынан ұмытылмайтын аяулылары болады.Ондай жандардың бейнесі тот баспайтын сары алтындай сенің есіңде сол өзіңе ұнаған қалпында қалады да қояды. Туған əкемдей, қамқор ағамдай ақылшым, жанашырым, тəлімгерім, ұстазым, сыйласым, сырласым болған Совет аға туралы айтпағым осы еді, мәртебелі оқырманым.
Əсем БОРАНҚҰЛОВА,
журналист.
Меркі ауданы.
журналист.
Меркі ауданы.
Обсудить
Блок в статье:
СТАЛИНГЕ ХАТ ЖАЗҒАН ҚАРИЯ
20 ноябрь 2024, Среда
КӘСІБІ – ТРАКТОРШЫ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Сейітхан ЖҰМАШЕВ, Жуалы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы: ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС ІСІМІЗГЕ СЕРПІН БЕРЕДІ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Похожие материалы:
Комментарии (0)