ДӘСТҮРДІ ДӘРІПТЕГЕН ДАНА АНА
Біздің ауданның Қызыл-Қыстақ ауылының тұрғыны, аяулы ана, ғасыр әже, ардагер ұстаз, білікті педагог Нәдірқұлова Гүлсім апайды білмейтін жан жоқ бұл өңірде. Ол кісі – бақытын еңбектен тапқан жан.
Көрші Арал-Қыстақ ауылында туып өсті. Әкесі Жұғыс ата мен анасы Шәрмен жақсы тәрбие берді. Мектеп бітіргеннен кейін Гүлсім педагогикалық оқу орнында зертханашы мамандығын меңгеріп шықты.
Текті әулеттен текті тәрбие алған Гүлсім апайды тағдыр Совет Сансызбайұлы сынды керемет жанмен кездестіреді. Сөйтіп, осында Қарпық елінің әулетіне келін болып түседі.
Ер-азамат ретінде Сакеңді төбесіне көтеріп, рухтандырып, өмірге құлшынысын арттырады, отбасы болып, жаңа өмірге қол ұстасып бірге аттанады...
Бауыржан Момышұлы атамыздан бір кісі сұрапты:
— Бауке, айтыңызшы өзі, жер бетінде ең батыр адам кім? – деп.
Сонда батыр ойланбастан:
— Жер бетіндегі ең батыр адам... ол – қыз, – депті.
Оның мәнісін сұрағанда былай деп жауап беріпті:
— Мен қанша батыр болсам да, бөтен, танымайтын елде бір сағат та тұрғым келмей қашамын. Ал, қыз болса, барған жерінде жалғыз өзі өмірінде көрмеген, танымайтын адамдармен тіл табысып, сол елді біріктіріп ел де қыла алады, сыйлата да алады, алыса да алады, қаймықпастан ұрпағын да көбейтіп, сол елді жеңіп, мәңгі билейді, – деген екен...
Дүниеге бірінен соң бірі, өрімдей төрт қыз Забида, Захира, Зәуреш, Баян келеді.
Баян қыздан соң, әулеттің көптен күткен ұл баласы Бақытжан өмір есігін ашады.
Ата-бабамыз дүниеге ер бала келсе, бөркін аспанға атып,шаттанады, қуанышы қойнына сыймай, "мұрагер келді" деп қуанады. Сәкең бүкіл ауылға жар салып, той жасайды. Ер бала – болашақта ата-анасының ғана емес, отбасының, елінің қорғаны. Ер-азаматтың айтқан сөзі отбасы үшін бұлжытпай орындалатын заң саналады.
Бұл үрдіс – Сансызбаевтар әулетінде де жазылмаған заң. Бір әулетті қуантып өмірге келген Бақытжан Советұлы халықтың баласы, үлкен құрметке ие, оқыған, жоғары білімді, салауатты, жан-жақты, анасы Гүлсімнің көзқуанышы, әулеттің ғана емес, мерейлі Меркінің мақтанышы,ана сүтін ақтаған азамат болып өсті.
Одан кейін Бауыржан – қарашаңырақта темірқазық болып, жұбайы Әлия екеуі бұл күнде 82 жасқа аяқ басқан Гүлсім аналарын алақандарына салып аялап отыр. Сүт кенжесі – Назира. Бұл күнде бала-шағаларының бәрі өсіп-өнген, өз алдарына жеке отау құрып, еңбек етіп, қуантуда. Олар да ұл-қыз тәрбиелеп,алды ұлды ұяға, қызды қияға қондырған бақытты жандар.
Осындайда ұлы Ғабит Мүсірепов сомдаған, Есенейге өз жастық шағын,бар қуаныш-қызығын арнаған Ұлпан анамыз еске түседі. Сол сияқты, Гүлсім апай да Сансызбаевтар әулетінің керегесін кеңейтіп, шаңырағын биік ұстады.
Бейнеттің рахатын көріп, ұлағатты жолдан өтіп, ұрпағының қызығын көруде. Бала-шағаларынан немере сүйіп, немереден шөбере көріп, шөпшектің қолынан май жалаған аңыз Ана! Әзілхан Нұршайықовтың асыл жары Халима Қалиақбарқызы туралы: "Халима екеуміз 54 жыл бірге өмір сүрдік. Өмірімнің соңғы күн, соңғы сағатына дейін екеуміз жұп жазбай, қол ұстасып қатар жүрдік.
Су сұрасам – сүт, қарта сұрасам – қазы, жая сұрасам – жал беретін еді Халима. Жанынан – жылу, жүрегінен жыр беруші еді маған. Ойымды жалғап, өрісімді кеңейтуші еді менің. Сөйлесек – әзіл, күлсек күлкіміз таусылмайтын еді біздің. Халима менің созсам қолымды, ойласам ойымды ұзартушы еді. Ақылыма ақыл, абыройыма абырой қосатын еді. Жатсам – жастығым, жантайсам төсегім болушы еді. Жабырқасам жадыратушы, жаңылсам түзетушім болушы еді. Бір сөзбен айтқанда, Халима менің өз өмірімнің аспанында жарқыраған күнім болды. Менің Күнім!" – деп тебірене жазған екен.
Иә,тура осы Әзілхан Нұршайықов толғағандай, Гүлсім апайымыз Совет Сансызбайұлымен керемет сыйластықта ғұмыр кешті.
Дәулеті мен даңқын арттырып, несібе-ырыздығын молайта білді.
Екеуі бірге салиқалы ұрпақ тәрбиеледі.
Гүлсім апай – көңілі аппақ қардай, кіршіксіз таза жан. Асқақ арман- мақсаттары орындалған асыл ана!
"Ай ат басын бұрғанша, жыл жылқы аунап тұрғанша" дегендей, атқан оқтай, шапқан аттай жүйрік уақыт зымырап өте шықты. Бүгінде бақ-берекесі тасыған шаңырақта, "шүкір, тәубәсін" сан қайталап отырған алтын Әже бар. Ол – Гүлсім апайымыз.
Ойша өткен күндерге, Сакеңмен бірге өткізген жылдарға шолу жасап:
Сен жоқ жерде шулы ғалам – құлаққа ұрған тыныштық,
Сен қасымда болған кезде шөл де маған – гүл бағы,
Сен дегенде у да тәтті, аязды күн тым ыстық, – деп көңілмен жыр жазады.
Қазіргі заман бала тәрбиесіне ерекше мән беруді қажет етеді. Себебі, ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы. Еліміздің ертеңі саналатын ұл-қыздарын салт-дәстүрлермен сусындатып, туған елін, жерін адал сүюге және көзінің қарашығындай сақтап, қорғауға тәрбиелеу әрбір азаматтың аяулы борышы. Әр ұлттың қай кезеңде болмасын алдында тұратын ұлы міндеттерінің ең бастысы – өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу.
Осы қағиданы қатаң ұстанатын Гүлсім Нәдірқұлова балалары үлгілі, тәртіпті, саналы, мәдениетті болуға тәрбиеледі. Саналы өмірінде ауылдағы орта мектепте педагог болып еңбек етіп, бала тәрбиесімен айналысты. Мектеп директоры қызметін атқарған жолдасының қас-қабағына қарап, үйдегі бала тәрбиесімен, бау-бақша өсірумен айналысты, мал ұстап, үй шаруашылығын дөңгелете білді.
Өткен жылы дүниеден өткен өмірлік жары Сәкеңмен Гүлсім апай өте тату-тәтті тұрды. Бір-бірін еркелетіп отырғанын талай рет көріп едік.Гүлсім апай жастарға ер-азаматты сыйлаудың үлгісін көрсетті. Келіндері Гүлзира, Әлия, немере келіні Әйгерімді туған қыздарындай көрді. Дәстүрді дәріптеген. Гүлсім апай – осындай жан.

Әсем БОРАНҚҰЛОВА,
журналист.
Меркі ауданы.
Обсудить
Блок в статье:
СТАЛИНГЕ ХАТ ЖАЗҒАН ҚАРИЯ
20 ноябрь 2024, Среда
КӘСІБІ – ТРАКТОРШЫ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Сейітхан ЖҰМАШЕВ, Жуалы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы: ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС ІСІМІЗГЕ СЕРПІН БЕРЕДІ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Похожие материалы:
Комментарии (0)