Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » Қоғам » ІЗГІЛГІ КӨП ІЗТАЙ АҒА

ІЗГІЛГІ КӨП ІЗТАЙ АҒА

14 июль 2022, Четверг
132
0
Мен әңгімеге арқау еткелі отырған Ізтай Орынтай ағамыз жастайынан еңбекке етене болып, тірліктің қазанында қайнап өсті. Мектеп бітіргеннен кейін Кеңес әскері қатарында Отан алдындағы азаматтық борышын Семей атом қаруын сынау полигонында өтеп қайтты. Ал, ол аймақ адам өмірі үшін өте қауіпті болғанын кейін ғой біліп жатқанымыз. Ол кезде кеңес өкіметі үнімізді өшіріп тастады емес пе! Семейдегі атом сынақ алаңдары аса қауіпті болмаса, сол аймақ тұрғындары мен сонда әскерде болғандарға мемлекеттік жәрдемақы тағайындалмас еді ғой.
Ізтай Орынтай әскерден оралысымен Байқадам автокөлік кәсіпорына жүргізуші болып орналасып, осында жұмыс істеген он жылдай уақытта ауыл шаруашылығы жүктерін тасымалдап, өндірістің өрге басуына өз үлесін қосты. 
1978-1986 жылдары «Байқадам» кеңшарында газ шаруашылығын басқарды. Ол кезде тұрғындарға және шаруашылықтың қажеттіліктеріне сығымдалған газ баллондарын уақтылы жеткізіп беріп, кеңшар мен тұрғындардыҢ «көгілдір отын» игілігін көруіне жағдай жасалатын. Одан кейін аудандық суландыру жүйесінде инженер-механик қызметін атқарған кезде де  елгезектігімен ел құрметіне бөленді. Өйткені, тұрғындардың үй іргесіндегі жерлеріне ағынсу жеткізуге оның қосқан үлесі зор. Ал, егіс алқаптарына су жеткізудің қиындықтарын бастан өткере отырып, шаруалардың жерден мол өнім алуына ықпал жасағаны бөлек әңгіме.
Алла тағала алып дене, ерекше күш-қайрат сыйлаған Ізтай ағамыз қайда жұмыс істесе де, еңбектің қайнаған ортасында жүрді.
Зейнеткерлікке шығар алдындағы 15 жылдай Жаңаталап орта мектебінде еңбек пәнінен сабақ берген Ізтай Орынтай балаларды еңбек дағдыларына баулып, оларға өндірісте жұмыс істеудің тиімді әдіс-тәсілдерін үйретті. 
Ізтай Орынтай – ауылдағы бастауыш ардагерлер ұйымының белсендісі. Ол ауданда Семей полигонында қызмет атқарған ардагерлердің «Таң нұры» үкіметтік емес ұйымын басқарады. Қашан көрсең, бағалы  бастамаларға ұйтқы болып жүргені. Сондай белсенділігі үшін Украинаның «Батыр қорғаушы» ордені мен Ресейдің «Ерекше тәуекелшіл солдат», Бауыржан Момышұлының 100 жылдығына арналған «Алтын қыран» төсбелгілерінің иегері. Семей атом полигонының жабылғанына 15,20,25,30 жыл толуына арналған медальдармен де марапатталған. Олардың қатарында «Сарысу ауданының Құрметті ардагері» төсбелгісі жарқырайды. 
Ізтай ағамыз туралы айта отырып, ауылдық ардагерлер ұйымы жұмысына белсене атсалысып  жүрген Ерден Бөгенбаев, Нұрбала Бесеева, Айдар Исаев, Асқар Егеубаев, Ғалия Алпысбаева, Ләззат Мұсабекова, Бақыт Баймешова, Жұмакүл Шалбаева, Рысбала Байысбаева, Март Түлкібаев, Тілеу Айдарбеков сынды азаматтар атына алғыс білдіреміз. Аулымыздың ардагерлерінің барлығы дерлік өзіміздің төл басылымымыз «Ғұмыр-Дарияны» жаздырып, алып оқитынын тілге тиек етсем, артықтық етпес деп ойлаймын

Дүйсенбек ПЕРНЕБАЕВ, 
Жаңаталап ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы,
Сарысу аудандық қоғамдық кеңестің мүшесі.
Обсудить

Похожие материалы:

Билік және бастауыш ұйым
30 май 2022, Понедельник
Билік және бастауыш ұйым
ДАҢҚ
05 май 2021, Среда
ДАҢҚ
Ұстаздық еткен жалықпас
09 март 2022, Среда
Ұстаздық еткен жалықпас
Біздің белсенділеріміз
30 май 2022, Понедельник
Біздің белсенділеріміз
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры