Жазылбек Қуанышбаевтың туғанына – 125 жыл
Шын мәнінде, биылғы жыл екі мәрте Социалистік Еңбек Ері, майталман малшы Жазылбек Қуанышбаев жылы болды. Еліміз бойынша жыл басынан бері қарай Жаз-атаның 125 жылдығы кеңінен аталып өтіп жатыр.
Шопан атаның мерейтойының қорытынды кезеңі кеше Тараз қаласында бастау алып, Т.Рысқұлов ауданындағы атақты "Шәушен" шаруа қожалығында жалғасты. Ақтылы қойды отар-отар өргізген ата шопан осы тарихи Тараздың сәулетті сарайларының төріндегі алқалы жиындарда талай отырып еді, ел-жұртқа батасын беріп еді, мал өсірудің қилы-қилы сырлары туралы тебірене айтып еді.
Арада біраз жыл өтсе де, қоғам өзгеріп, еңбектің мәні мен мағынасы ауысып жатса да, Жаз-атаның ардақты есімін ұрпақтары тебірене еске алуда.
Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына және екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Жазылбек Қуанышбаевтың 125 жылдық мерейтойына арналған "Рухани жаңғыру" бағдарламасымен сабақтастырылған мерекелік шаралар таңертеңнен Тараз қаласында басталды. Бауыржан Момышұлы көшесі бойында ауыл шаруашылығы озаттарына арналған сквер ашылып, даңқты шопанның бейнесі салынған барельефтің шымылдығы облыс әкімі Б.Сапарбаевтың және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі Е.Қарашөкеевтің қатысуымен салтанатты жағдайда түрілді. Аймақ басшысы мен Ауыл шаруашылығы министрі қала тұрғындары алдында құттықтау сөз сөйледі. Ауыл шаруашылығы өндірісінің озаттары, білікті мамандары, осы саланың ғалымдары М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияда Жазылбек Қуанышбаевтың даңқты еңбек дәстүрлерін одан әрі жаңғырту жөнінде өз ойларын ортаға салды. Дәл осында "Жалпақ жұрттың Жаз-атасы" кітабының тұсаукесері өтті.
Мерейтойлық шаралар түс ауа Т.Рысқұлов ауданындағы "Шәушен" шаруа қожалығының орталығы болып табылатын Өрнек ауылында одан әрі қарай жалғасты. Мұнда еліміздің мал өсірушілерінің республикалық слеті болды. Жаз-атаның даңқты еңбек дәстүрін сеніммен жалғастырып келе жатқан ауыл шаруашылығы өндірісінің озаттары марапатталып, осы жиында ата кәсіпті одан әрі дамытудың өзекті мәселелері талқыланды.
"ҒҰМЫР-ДАРИЯ" – АҚПАРАТ

Обсудить
Блок в статье:
СТАЛИНГЕ ХАТ ЖАЗҒАН ҚАРИЯ
20 ноябрь 2024, Среда
КӘСІБІ – ТРАКТОРШЫ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Сейітхан ЖҰМАШЕВ, Жуалы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы: ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС ІСІМІЗГЕ СЕРПІН БЕРЕДІ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Похожие материалы:
Комментарии (1)