Біздің белсенділеріміз
Аңқылдаған ашық мінезді Асан құрдастың өзі тұратын аумақта араласпайтын ісі жоқ. Көше тазалығы, көше аттарын өзгерту, көше тұрғындары бірігіп өткізетін әртүрлі іс-шаралар... бәрі-бәрінің бел ортасында жүреді. Оған көршілері де үйреніп алған. Енді көшеде электр жарығы жанбай қалса да, арыққа су келмей қалса да, автобус жүрмей қалса да тұрғындар Асанға жүгінеді. Асанда бас тарту деген жоқ. Туындаған мәселе бойынша тиісті орындарға хабарласып жатқаны. Өзі бір шаршау дегенді білмейтін адам.
Осы бір елгезек мінезіне қарай тұрғындар оны көше комитетінің төрағалығына сайлап алған. Оған округ бастауыш ардагерлер ұйымының төрағалығы қосылғалы бесінші жыл. Қалалық қоғамдық кеңестің мүшесі. Таңданатындай түгі жоқ, Үсенбаев осының бәріне үлгереді.
...Сегізіншіге дейін туған ауылы Талдыөзекте оқып, оныншыны Шу қаласындағы С.Сейфуллин атындағы орта мектепте бітірген. Сол, 1969 жылы Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтына оқуға түсіп кетті.
1974 жылы гидромелиоративтік жұмыстарды механикаландыру факультетін ойдағыдай тәмамдап, инженер-механик мамандығын алып шыққан жас маман жолдамамен Шығыс Қазақстан облысы Большенарм ауданына жіберілген. Аудандық ауыл шаруашылығы басқармасына қарасты мехотрядта бастық болып жұмыс істеп жүргеніне 5-6 айдай болғанда Жамбылға қайтты. Сірә, ауа райының күрт ауысуы денсаулығына жақпаса керек.
Мұнда облыстық ауыл шаруашылығы техникалары базасына инженер болып орналасты. Міндетті жұмысы – шаруашылықтардан ЗИЛ-130 жүк көлігінің қосалқы бөлшектеріне тапсырыс қабылдау. Ол кезде «көкқасқа» атанған бұл машиналардың аздау кезі. Сондықтан, қосалқы бөлшектер табыла қоюы қиындау. Оларды тікелей зауыттың өзінен іздеу керек. Сұранысты дер кезінде қамтамасыз етпесең, науқандық жұмыстарға кедергі келтіресің.
Асан жұмысты барын сала істеді. Зауытпен тікелей байланыс орнатты. Онымен ғана шектелмей, басқа облыстардан іздейді. Әйтеуір, керек бөлшектерді табады.
Көпшіл, іскер жігіт жақсы жағынан көзге түсіп, Асан жастар жетекшілігіне сайланған. Базадағы бастауыш комсомол ұйымының хатшысы болды. Белсенді жігіт жастармен жұмысты жандандырып жіберді. Қоғамдық жұмыстағы жетістіктері үшін Қазақстан ЛКЖО Орталық Комитетінің жолдамасымен белсенді жастар тобының құрамында 1975 жылдың күзінде ГДР-ға туристік сапармен барып қайтқаны бар.
Асан Үсенбайұлының білімі, біліктілігі мен іскерлігі ескеріліп, қызмет баспалдақтарымен де тез көтерілді: инженер – аға инженер – сауда бөлімінің меңгерушісі – база бастығының орынбасары болды. Еңбегі ескерусіз қалмай, талай марапаттарға да ие болды.
Облыстық «Казсельхозтехника» бірлестігіне Сейфолла Қожаханов басшы болып келгеннен кейін жұмыс бұрынғыдан да жандана түскен.
– Оған дейін болған басшылар да жаман жұмыс істеген жоқ қой, бірақ Сейфолла Сәкенұлы жұмыс ырғағын жылдамдатып жіберді. Өте алғыр азамат еді ғой, ол кісі сол кездің өзінде-ақ шетелдермен іскерлік байланыс орнатуға қол жеткізген. Ол кісінің кезінде облыс ауыл шаруашылығы техникалары мен қосалқы бөлшектерден тапшылық көрген емес. Оған қоса бірлестікте қосалқы шаруашылық ашқанын қайтерсің. Онда өндірілген өнімдер өзіміздің қызметкерлерді қажетті азық-түлікпен қамтамасыз етуге көп мүмкіндік туғызды, – деп еске алады сол кездерді Асан.
Ол осы кәсіпорында табаны күректей 25 жыл, яғни ширек ғасыр, қызмет атқарып, 2000 жылы заман талабына қарай кәсіпкерлікке ойысқан. «Әке көріп оқ жонған» Асанның кәсіпкерлікте де асығы алшысынан түскен кездері бар.
Белсенділігінде шек жоқ екенін жоғарыда айттық. Бұрын Асан тұратын көшенің аты Воровская болатын. «Ұрылар көшесінде тұрасың» деп қатарлары қалжыңдағанда намысы келетін. Дегенмен, кеңестік кезеңде «іш қазандай қайнайды, күресерге дәрмен жоқ» күйде жүрген Асан еліміз егемендігін алысымен осы көшенің атын өзгертуге білек сыбана кіріскен. Таныс журналист Мұқан Әбілқайыровтың айтуымен облыстық «Ақ жол» газетінің редакциясына арыздана барған. Мұнда бас редактордың орынбасары Бақытяр Әбілдаев пен бөлім меңгерушісі Рахметбек Өзбеков тез арада өтінішін қабылдап, мақаласын газетке жариялап та жіберді. Сонда өзі де облыстық ономастикалық комиссияның мүшесі Бақытяр Әбілдаев: «Қандай ұсынысың бар?» деп сұраған. Асан еш ойланбастан «Тектұрмас көшесі болса» деп айтып салды. Шарбағының аяқ жағында арқырай ағып жатқан Талас өзеніне төніп тұрған жарғабақта Тектұрмастың бейіті жатқанын естігені бар. Әулие бабаның зираты ескерусіз жатқаны жанына батқан Асан осы мәселені көтеруді көптен ойланып та жүрген. Соның сәті түсіп тұр.
Кейіндеу қоғам қайраткері Амангелді Момышев бабаның басына кесене орнатып, бұл жер адамдар зиярат ететін орынға айналды.
Қаланың теміржол желісінің арғы бетіндегі Дөңгелексаз аталатын аумағында Жамбыл көшесі және осы көшенің толып жатқан бұрылыстары бар. Асан алтыншы бұрылысқа Абылай ханның аты берілуіне де белсене атсалысты. Бұл жөнінде өңірге танымал тұлға, қадірлі қария, Тараз қаласының Құрметті азаматы Әкім Садықбеков ақсақалдан ақыл-кеңес алғанын айтып отырады.
Тараз қаласындағы №10 округтік бастауыш ұйымының төрағасы Асан Үсенбайұлы аймақтағы ақсақалдармен бірлесе жұмыс істейді. Жетпіс мыңдай тұрғыны бар аймақта 4700-дей ардагер тұрады екен. Міне, солардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлары, әртүрлі әлеуметтік көмекке қамтылуы басты назарда. Әсіресе, ерлі-зайыпты Ұлы Отан соғысының ардагерлері Колесниченколар отбасы ерекше қамқорлық аясында. Асан белсенді ардагерлер Қалтай Киікбаев пен Бауыржан Найманбаевтарды қоғамдық жұмыстарға көп тартып жүр. Олардың округ аумағындағы мекеме, кәсіпорындармен, мектептер және емханамен байланысы жақсы. Асанның өзі №6 қалалық емхана, Мәншүк Мәметова атындағы №27, сондай-ақ, №18, 34 орта мектептер басшыларымен жиі араласады.
– М.Мәметова атындағы мектеп ғимараттары ескі. Жаңа ғимарат салу жайында мәселе көтергенмін. Сең қозғалған сияқты. Батыр апамыздың 100 жылдығы тойланып жатқан тұста балалар жаңа мектепке кірсе, қандай ғанибет! «За линией» аталатын біздің аймақ қаланың өгей баласындай болып келгені жасырын емес. Осы өңірге мәдени-спорттық іс-шаралар өткізуге арналған бір кешен керек-ақ. Болашақ көтермек мәселелерімнің бірі – осы, – дейді қоғам белсендісі.
Айтпаса, сөздің атасы өледі. Асан сияқты азаматтар қозғау салмаса, қажетті тірлік қалтарыста қала беретіні белгілі.
Түздегі тірліктің нәтижелі болуы үйдегі бірлікке байланысты. Ол дегеніңіз – отбасындағы береке. Үсенбаевтар отбасында ол жағы шүкіршілік жағдайда.
Асанның жары, отанасы Ғалия Даниярова Жамбыл пединститутын бітіргеннен кейін Макаренко мектеп-интернатында 25 жыл үздіксіз ұстаздық қызмет атқарған. 47 жыл тату-тәтті жұбайлық ғұмыр кешкен Асан мен Ғалия Құдайдың берген 4 ұл-қызынан 15-16 немерелер сүйіп отыр. Балалары – үйлі-баранды. Бәрі де жоғары оқу орындарында оқып, мамандық алып, уақыт талабына сай қалаған істерімен айналысуда.
Өркені – Шымкентте, «Альфа-Мед» медициналық орталығының бас директоры. Қарлығаш келін екеуі бірге қызмет атқаруда.
Өскені – Астанада Түркияның жылыту және ауа желдету жөніндегі кәсіпорнының атқарушы директоры. Индира келін кәсіпкерлікте.
Кенже қызы Ләззат – Алматыдағы бір мекеменің бас есепшісі.
Балаларының өмірден өз орындарын тауып, қалаған мамандықтары бойынша қызмет атқарып жатқандарына ата-ана бақытты.
Жетпіс деген асуға ауыз толтыра айтарлықтай жетістіктерімен келіп отырған азамат, Тараз қаласының Құрметті ардагері, қоғам белсендісі Асан Үсенбайұлы туралы айтпағымыз осы еді.
Болат ЖАППАРҰЛЫ,
Қазақстан Журналистер
одағының мүшесі.
Тараз.

Обсудить
Блок в статье:
Адамгершілігі бар адам –арлы адам
25 октябрь 2024, Пятница
ІСТІҢ АДАМЫ
25 октябрь 2024, Пятница
Әке аманаты
25 октябрь 2024, Пятница
Похожие материалы:
Комментарии (0)