Естелік
Бала кезімізде қисса-дастандарды оқи отырып батырлардың көзсіз ерлігіне қызығатынбыз. "Шіркін-ай, біз де солардай батыр болып, елімізді жаулардан қорғасақ" деген қиялға берілетінбіз. Балалық арманнан алыстап, ес біліп, азамат атанған жылдары да даңқты батырларымыз Бауыржан Момышұлы, Рақымжан Қошқарбаев, Қасым Қайсеновтердің ерліктеріне тәнті болатынбыз.
Өткен ғасырдың сексенінші жылдарының бас кезі. Талас аудандық партия комитетінің нұсқаушылығына жаңа ауысқан кезім. Бірде аудандық партия комитетінің хатшысы Нілзия Алғазықызы Рақышева шақыртып алып, ауданға партизан жазушы Қасым Қайсеновтің келетінін ескертіп, атағы алысқа кеткен батырды күтіп алып, шаруашылықтарды аралататынымды айтты. Шынымды айтсам, бұл тапсырманы естігенде қуанышымда шек болмады. Қасым батыр – аңыз адам ғой. Даңқын, ерліктерін, атағын алыстан естіп, сырттай тамсана да қызыға қарайтын, шығармаларының барлығын түгесе оқыған тұлғамен кездескелі тұрмын.
Арнайы сапарлап келе жатқан қаһарман батырды сол кездегі аудан орталығы – Ақкөлге кіреберіс қақпадан қарсы алдық. Қасым аға ірі денелі, батыр тұлғалы, келбетті кісі екен. Қол беріп сәлемдескенде ол кісінің ірі алақанынан біздің қолымыз көрінбей қалды.
-Иә, жігіттер, ел-жұрт аман ба? Табыстарыңды еселетін жатырсыңдар ма?-деп халықтың жағдайын сұрап жатыр. Әңгіме ауанынан байқағанымыз ауданның тыныс-тіршілігінен хабардар сыңайлы. Бірінші хатшының қабылдауында болып, алғашқы сапарын Қызыләуіт ауылынан бастады. Ауылға «Қасым батыр келе жатыр» деген хабарды естіген ел ауылдық клубқа лық толы болды. Тіпті, ине шаншыр жер қалмады. Ауыл жұртының батырға деген құрметі, ықыласы ерекше. Қасым батыр әуелі ауыл ақсақалдарымен амандасып, одан әрі мәдениет үйін бетке алды.
Жиналған халықтың алдында батыр өзінің өмір жолын баяндап, отты жылдардағы естеліктерінен сыр шертті. Майданға аттанбас бұрын барлаушылар даярлайтын арнайы мектепте әскери машықтан өткен екен. Украинада жау тылында партизан отрядын құрып, үлкен жауынгерлік даңқты жолдан өткендігін еске алды. Әңгіме барысында Украина халқының біздерге ерекше ықыласын байқадық. Ұлы Отан соғысы кезінде арнайы тапсырмамен жау тылында партизан отрядын құрып, фашистермен бетпе-бет келіп, қайтпас қайсарлық, мұқалмас рухын көрсеткен жауынгер жазушының әсерлі әңгімесін ауыл халқы аса зор ықыласпен тыңдады. Соғыстан кейінгі жылдары Украина халқының арнайы шақыруын алғанын, олар өз елінің батырындай құрмет көрсеткенін, бірнеше орден-медальдармен марапатталғанын зор қанағат сезіммен атап өтті. Жиналғандар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Сол күні тағылымға толы, есте қаларлық әдемі кездесу болды. Кездесу соңында ауыл тұрғындары қазақы дәстүр бойынша батырға ат мінгізіп, шапан жапты. Әрі қарай да осылай бірнеше ауыл мен шаруашылықтарды аралап, еңбекпен өркен жайған ауданымызға жылы лебізі мен ризашылығын білдіріп кетті.
Ерлік есеппен жасалмайды. Отанын сүйіп, ұлтын құрметтейтін әр адамның қолынан үлкен істер келуі мүмкін. Қасым Қайсенов осы сөздеріміздің нағыз үлгісі. "Аңыз адаммен, рухы өр батырмен өткен осы күнім өмірімнің бір елеулі сәті болды" десем, әсте қателесе қоймаспын.
Талғат ЖҰМАБЕК,
облыстық билер кеңесінің мүшесі.
Талас ауданы

Обсудить
Блок в статье:
БӨЛТІРІКТІҢ БЕДЕРЛІ БЕЛЕСІ
28 ноябрь 2024, Четверг
СТАЛИНГЕ ХАТ ЖАЗҒАН ҚАРИЯ
20 ноябрь 2024, Среда
КӘСІБІ – ТРАКТОРШЫ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Похожие материалы:
Комментарии (0)