Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » Қоғам » Даналық мекені – кітап әлемі

Даналық мекені – кітап әлемі

18 август 2026, Вторник
42
0
Республика Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың  «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы»  Жарлығына сәйкес, елімізде кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру,халықтың рухани дамуына ықпал ету, білімді, әрі ой-өрісі кең ұрпақ тәрбиелеу бағытында бірқатар игі бастамалар жүзеге асырылуда.

Мемлекет басшысының аталған Жарлығын іске асыру аясында облыста «Кітап оқитын ұлт» жобасы бастау алды.Осы бағытта Тараз қалалық ардагерлер кеңесі Абай атындағы орталық кітапхана қызметкерлерімен бірлесе отырып, ардагерлер мен жастар арасында «Даналық мекені – кітап әлемі» атты танымдық әдеби кешін өткізді.
Әдеби кешті жүргізген кітапханашы Анар Тілеген: «Кітап оқитын адам – ойы терең, сөзі салмақты, дүниеге көзқарасы кең адам. Ал бүгінгі біздің қонақтарымыз-өмірден көргені мен түйгені мол, кітаптан алған тағылымын ортаға салатын ардақты ардагерлеріміз. Бұл кездесуіміздің бір ерекшелігі-әр қатысушы өзі оқыған бір кітабымен таныстырып,оның өз өміріне қандай әсер бергенін, қандай ой түйгенін ортаға салады», – дейді. 
Алғашқы сөзді алған облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев:
– «Кітап оқу ұлттың рухани, интеллектуалдық әлеуетін арттырады. Сондықтан қолға алынып отырған «Кітап оқитын ұлт» жобасы – өңірдің рухани әлеуетін көтеруге бағытталған маңызды қадам. Мұндай бастама қоғамда білім мен мәдениетке деген құрметті нығайтып, кітап оқуды өмір салтына айналдыруға мүмкіндік береді.Сондықтан кітап оқу мәдениетін қалыптастыру – бүгінгі күннің маңызды міндеттерінің бірі», – деп атап өтті. 
Әрбір кітаптың адамның жүрегіне қалдырған ізі болады. Осы орайда ардагерлер Сауранбек Жамалбеков Санжар Керімбайдың «Мәдени майдан», Жанат Сарыбекова Рамазан Тоқтаровтың «Абайдың жұмбағы», Ханымкүл Бесінбай Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» кітаптары бойынша жан-жақты әңгіме өрбітіп, бұл шығармалардан алған тағылым-кейінгі ұрпаққа үлкен мұра болатынын айта келіп, іс-шараға қатысып отырған жастарға аталған кітаптарды оқуға кеңес берді.
Аға буын өкілдері Малтабар Жаманбаев Әзілхан Нұршайықовтың «Махаббат, қызық мол жылдар», Алдаберді Меңлібайұлы Бердібек Соқпақбаевтың «Балалық шаққа саяхат» атты кітаптарына шолу жасап, бұл туындылардың өздерінің өмірлік жолдарына сара бағыт бергендігін толғаныспен, әсерлі баяндап берді.Аталған шығармалардың залдағы жастарға да өз әсері бола білгендігі анық сезіліп тұрды.
Ал, өнерпаз ардагер Сатыбалды Досымбеков Илья Жақановтың шығармашылық туындыларына кеңінен шолу жасай отырып, жазушы-сазгердің «Еділ мен Жайық» әнін нәшіне келтіре орындап берді.
Кітапхана – ұлттың рухани байлығы мен мәдени мұрасын жинақтайтын киелі орын. Кітапхана – өткен мен бүгінді жалғайтын, болашаққа бағыт беретін рухани көпір.Мұнда әрбір кітап – түрлі тағдырларды, құбылыстарды сипаттайтын бір әлем, тарихтың куәгері. Осы бағытта кітапхана қызметкерлері Г.Бименова, Ұ.Байманова және А.Ноғайбаева «Кітап – рухани қазына»  атты кітап көрмесіне кең көлемде шолу жасады.
Танымдық әдеби кешті Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Күләш Әбдікешова қорытындылады.
– Қазақтың көрнекті жазушысы Ғабит Мүсіреповтың мынандай бір ғибратты сөзі бар: «Кітап дегеніміз –алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті». Ендеше, сол өсиетті көздің қарашығындай сақтап, кітаппен достығымызды үзбейік. Бүгін біз кітап жайлы ғана емес, кітап арқылы келген өмір тәжірибесі мен даналық туралы әңгімелестік. Кітап – адамның жасын емес, жанын жаңартады. Оқыған сайын ой толысады, ізденген сайын адам рухани өседі.Осындай тағылымды кездесулеріміз көбейіп, кітап оқитын,ойы зерек, рухы биік ұлт бола берейік, – деп өз сөзін тұжырымдаған Күләш Әмедияқызы мағыналы кешке қатысушыларға зор денсаулық, жүректеріне жылу мен мейірім, өмірлеріне жақсы адамдар мен жақсы кітаптар серік бола берсін деген шынайы тілегін білдірді. 
Кітап – ең қымбат сыйлық. Қалалық ардагерлер кеңесі тарапынан Абай атындағы орталық кітапханасына бірқатар жазушылардың кітаптары сыйға тартылды. 
Қазақ халқы кітапты – білімнің, ал әнді-көңілдің азығы деп бағалаған. Белсенді ардагерлерден құрылған ән-би ансамблі әдеби кешті әсем әуенмен әрлей отырып, концерттік бағдарламасын ұсынды.

Алдаберді МАҚАШЕВ,
Тараз қалалық
ардагерлер кеңесінің мүшесі.

Обсудить
Блок в статье:
ҚАРИЯЛАР ҚАЛЫС ҚАЛМАЙДЫ 19 август 2026, Среда
Тағылым 18 август 2026, Вторник
Даналық мекені – кітап әлемі 18 август 2026, Вторник

Похожие материалы:

Кітап фестивалі
17 апрель 2025, Четверг
Кітап фестивалі
«Отбасы – аялы алақан мекені»
08 сентябрь 2024, Воскресенье
«Отбасы – аялы алақан мекені»
ЖАСТАР-ЖАРҚЫН ІСТІҢ ЖАРШЫСЫ
29 август 2024, Четверг
ЖАСТАР-ЖАРҚЫН ІСТІҢ ЖАРШЫСЫ
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры