Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » Қоғам » ЖАСТАР-ЖАРҚЫН ІСТІҢ ЖАРШЫСЫ

ЖАСТАР-ЖАРҚЫН ІСТІҢ ЖАРШЫСЫ

29 август 2024, Четверг
85
1
Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасына қарасты «Жастар ресурстық» орталығының ұйымдастыруымен «Мейірімділік мекені» жобасы аясында ардагерлер мен жастар арасында «Ұрпақтар ізімен» атты шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ ойындарынан жарыс өтті. Жарыстың басты мақсаты – жастардың бос уақытын тиімді пайдалану, салауатты өмір салтын қалыптастыру, бұқаралық спортты барынша дамыту, жастардың ойөрісін кеңейту, ұлттық ойындарды жастар арасында дәріптеу, жастар мен зиялы қауым өкілдері арасында байланысты нығайта отырып, үлкенге құрмет көрсету қағидаларын насихаттау. Қ.Рысқұлбеков атындағы саябақта салтанатты түрде ашылған жарыс алдында Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Күләш Әбдікешова жастарды қолдау-болашаққа іргетас қалау екендігін айта келіп, жарысқа қатысушы ардагерлер мен жастарға сәттілік тіледі. Сөз кезегін алған облыстық «Жастар ресурстық» орталығының директоры Айбек Қадыралиев «Жастармен бірге» атты ұлттық жастар онкүндігінің өтіп жатқанын, сол жоспарға сәйкес бүгінгі күні ардагерлер мен жастар арасында «Ұрпақтар ізімен» атты шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ ойнаудан жарыс ұйымдастырылып отырғандығын атап өтті. Қалалық ардагерлер кеңесінің осы жарысты ұйымдастыруда қолдау көрсеткеніне алғысын білдірді. Белсенді ардагерлер мен ерікті жастардан құралған 10 жұп арасындағы болған сайыс тартысты өтіп, өз мәресіне жетті. Жарыс қорытындысында жеңімпаз және жүлдегер атанған қатысушыларды облыстық «Жастар ресурстық» орталығының директоры А.Қадыралиев дипломдармен марапаттап, бағалы сыйлықтар табыстады. Өз кезегінде қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары М.Жаманбаев жеңімпаз командаға арнайы кубок табыс етті. Сондай-ақ, ең жас жарысқа қатысушы №8 мектеп-лицейінің 2 сынып оқушысы Арсен Иманбайды дойбы ойнаудан шеберлік танытқаны үшін алтын медальмен марапаттады. Өте қызықты әрі тартысты өткен спорт бәсекесіне қатысқан аға ұрпақ өкілдері мен еліміздің қуаты-жастар өздерінің ризашылық көңілдерін білдірді.
Ардагер Т.Садықов жиналған көпшілікке ақ батасын берді.

Алдаберді МАҚАШЕВ, Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің мүшесі
Обсудить
Блок в статье:
"Ана тілің-арың бұл" 20 сентябрь 2024, Пятница
БАТАМЕНЕН ЕЛ КӨГЕРЕР 19 сентябрь 2024, Четверг

Похожие материалы:

АРДАГЕРЛЕР ІСІ ЖАСТАРҒА ӨНЕГЕ
20 август 2024, Вторник
АРДАГЕРЛЕР ІСІ ЖАСТАРҒА ӨНЕГЕ
«Тарихқа тағзым»
05 август 2024, Понедельник
«Тарихқа тағзым»
Кеңейтілген төралқа отырысы
11 август 2024, Воскресенье
Кеңейтілген төралқа отырысы
Добавить комментарий
Комментарии (1)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
dianalas151
dianalas151 Посетители 29 августа 2024 06:49
Привет. Подписывайся на телеграм канал знакомств и выбирай себе девушку по вкусу, переходи по ссылке: https://t.me/Lovzeo Или пиши в поиске телеграма: @Lovzeo
Сотрудники
Партнеры