Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » Қоғам » «Тарихқа тағзым»

«Тарихқа тағзым»

05 август 2024, Понедельник
106
1
«Таза Қазақстан» акциясын Айбек Қадралиев басқаратын облыстық «Жастар ресурстық орталығы» бұл жолы «Тарихқа тағзым» атты тақырыпта Эко-турнир қасиетті Қарахан баба кесенесінің аумағында ұйымдастырылды.
Бұл іс – шара Халықаралық жастар күні қарсаңында «Жастармен бірге» жастар онкүндігін өткізу жоспарына сәйкес барлық аудандардың, Тараз қаласының жастар ресурстық орталықтарының, еріктілер мен Жастар рухы, барлығы  200 ге жуық белсенділерінің қатысуымен өтті.  Жастардың осындай игі бастамасын Аға буын аталар қолдап облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Бейсенбекұлы Солтыбаев құттықтау сөзбен ашып, жастарға ақ батасын берді. Сондай – ақ акция ашылуында «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» РҚБ филиалының директоры  Қасымхан Төлендиев, облыс әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасы басшысының м.а. Құралай Өскембекова мен облыстық «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің жаңа директоры Айбек Қадралиев сөз сөйледі.
Бүгінгі шара Тараз қаласының Қарахан кесенесі - қараханидтер дәуірінде – 11 ғасырда тұрғызылған,  Қарахан әулеті өкілдерінің бірі – ШахМахмұд Боғра Қараханның жерленген қасиетті жерінде өтті. Ол Әулиеата өңіріне Ислам – мұсылман дінін алғаш әкеліп таратқан тұлға.
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен биыл 8 сәуірден бастап елімізде «Таза Қазақстан» атты экологиялық акция жүріп жатыр. Оған жамбылдықтар да белсене қатысуда. Ашық ақпаратқа сүйенсек, Жамбыл облысының барлық аудандарында «Таза Қазақстан» акциясына жарты миллионнан аса адам қатысып, 818 шақырым арық пен канал жағасын, 4 жарым шақырым болатын көшелерді тазаланған. Нәтижесінде 12 мың тонна қоқыс – мусор шығарылыпты. 
Ал Тараз қаласы бойынша экологиялық акцияға 17 мыңнан аса адам қатысса, олардың басым көпшілігі жастар.  
Әр апта өзінің атына сай өткізілді.  Бірінші апта «Таза өлке» деп аталған, екінші апталық «Киелі мекен», келесілері: «Жасыл аймақ», бұлардың бәрінде жастармен қатар облыс ардагерлері де белсенді қатысты, әсіресе тал отырғызу жұмыстарына.  «Өнегелі ұрпақ» апталығында қаланың белсенді жастары «Жасыл ел – Тараз» мекемесі қызметкерлері ҰОС ардагерлері, тыл ардагерлері, зиялы қауым өкілдері мен қарттар үйіне санитарлық – тазалдық, ағаш отырғызу, талдарды бұтау, сырлау жұмыстарын жүргізіп, зиялы қауым өкілдерімен еркін форматта сұхбаттасу, әңгімелесу ұйымдастырылған.  Сондай-ақ, «Мөлдір бұлақ» апталығы су қоймалардың айналасы, өзен-көлдерді күл-қоқыстан  арам шөптен тазалау жүргізіліпті.  Ал Ассамблея жастары, спорт, мәдениет саласының жастары және «Жасыл ел – Тараз» мекемесінің қызметкерлерімен бірге Талас өзенінің бойында санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізгенін білеміз.
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясының басты мақсаты – халықтың, облыс тұрғындарының назарын табиғаттың ластану проблемасына, қоршаған ортаны қорғауға, барлық жерде тазалықты сақтауға және қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыруға аудару.
Құрметті жамбылдықтар! 
Әркім өзінен бастау арқылы барлық жерде тазалық сақтауға қадам жасай алады, сондықтан Президенттің бастамасын қолдай отырып, үлкен-кіші, барша ел болып экологиялық акцияға, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға белсене қатысуға шақырамыз!

Qasymhan Estemesuly Tólendiev

Обсудить
Блок в статье:
"Ана тілің-арың бұл" 20 сентябрь 2024, Пятница
БАТАМЕНЕН ЕЛ КӨГЕРЕР 19 сентябрь 2024, Четверг

Похожие материалы:

Нұр тараған Наурыз тойы
19 март 2021, Пятница
Нұр тараған Наурыз тойы
Даңқ
20 март 2020, Пятница
Даңқ
АЛТЫ АРУ ОДАҚҚА МҮШЕ БОЛДЫ
10 март 2023, Пятница
АЛТЫ АРУ ОДАҚҚА МҮШЕ БОЛДЫ
Добавить комментарий
Комментарии (1)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
dianalas151
dianalas151 Посетители 5 августа 2024 15:08
Привет. Подписывайся на телеграм канал знакомств и выбирай себе девушку по вкусу, переходи по ссылке: https://t.me/Lovzeo Или пиши в поиске телеграма: @Lovzeo
Сотрудники
Партнеры