АЛТЫ АРУ ОДАҚҚА МҮШЕ БОЛДЫ
"Анаға тағзым" орталығында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай Қазақстан Журналистер одағы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Жаңабай Миллионов облыстың бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында жұмыс істеп жүрген журналист қыз-келіншектермен кездесті.
Мерекеге орай құттықтау сөз алған Жаңабай Миллионұлы осы салада еңбек етіп жүрген нәзік жанды қаламгерлердің шығармашалық табыстарын ерекше атап өтіп, олардың қоғамдағы атқарып жатқан қызметтеріне жоғары баға берді. Арнайы ақ дастархан жайылып, еркін форматта әңгіме өрбіді.
Салтанатты жиында «Aulieata-Media» ЖШС-нің бас директоры Оралхан Дәуіт, "Jambyl" телеарнасының директоры Гүлбаршын Құланбаева, «Aulieata-Media» ЖШС-і бас директорының орынбасары Алпамыс Қазыбаев, «Анаға тағзым» орталығының директоры, танымал медиа-менеджер Эльмира Мырза-Ғали, облыстық "Знамя Труда" газетінің бас редакторы Татьяна Борисенко, жуналист Дариха Үмбетиярова, «Aq Jol» газетінің жауапты хатшысы Маржан Рақай, Шу аудандық «Шу өңірі» газеті бас редакторының орынбасары Динара Батырханова сөз сөйлеп, журналист қыз-келіншектерді алда келе жатқан мерекелерімен құттықтап, істеріне сәттілік тіледі. Облыстық "Aq Jol" газетінің бас редакторы Хамит Есаман және облыстық "AR-AI" газетінің бас редакторы, филиал басшысының орынбасары Тұрсынбек Сұлтанбеков кеш себепкерлеріне жырларын арнады.
Блок в статье:
Серік Сәлемов Жамбыл облыстық бокс федерациясының президенті болып сайланды
28 март 2025, Пятница
Еске алу кеші
28 март 2025, Пятница
БИ ӘДІЛ БОЛМАЙ – ІС ІЛГЕРІ БАСПАЙДЫ
23 март 2025, Воскресенье
Сондай-ақ жиынға шақырылған журналист қыз-келіншектердің баршасы мерекелік сый-сияпатқа ие болды.
Ақтоты ЖАҢАБАЙ,
Қазақстан Журналистер одағы облыстық филиалының жауапты хатшысы.
Похожие материалы:
Комментарии (0)