Әділ заң – әділетті қоғамның кепілі
Мен ұзақ жыл құқық саласында еңбек еттім. Тұрғындардың заңмен қорғалуын өзімнің жауапкершілігімнің шеңберінде жүзеге асырған адаммын. Ол кезде де Заң әділ болмады, халық қиянат көрді деп айта алмаймын. Заң аясында халықтың сөзін сөйлеп, дұрыс шешімдерді жасауға талпынып жаттық. Ал, қазіргі Конституцияның тармақтарында жеке тұрғындардың мүддесін қорғайтын Заң ережелері айқын жазылған. Бұл – жаңа Конституцияның жеңісі мен жемісі.
Қазіргі таңда Құрылтай депутат-тарын сайлау науқанына қатысты саяси партиялардың сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары қызу жүріп жатыр. Бұл ретте ел ішінде жеке пікірлер бар. Бірқатар тұрғындардың көңілінде: «Жекелеген кандидаттарға сайлаушылардың дауыс беруі арқылы неге шешілмейді?» деген сұрақ бар екенін байқаймыз. Бұл ретте сол халық сайлауы тиіс жеке қайраткер тұлғалардың әр партияның тізіміне еніп отырғанын ескергеніміз жөн. Жеті саяси партия да өздерінің басты жиындарын өткізіп, Құрылтайға депутат ретінде баруы тиіс өз үміткерлерінің тізімін жасақтап, халыққа жария етті. Енді сол үміткерлерімен бірге сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстарына қатысып, өздерінің жоспарлары мен айқын бағыттарын қорғап шығуға барлық күштерін салуда.
Құрылтай – еліміздегі саяси партиялардың беделін көтеруді көздейді деген сөз. Бәріне бірдей тең мүмкіндік беріліп отыр. Енді қай саяси партия өзін жақсы жағынан көрсете алды, қай партияның жоспары халықтың талабы мен жүрегіне жақын болады, міне солар ел сеніміне ие болады. Сондықтан, халықпен жұмыс істей алған, халықты сендіре алған партияның бағы да жанады, үміткері де Құрылтайдан орын ала алады. Саяси партияларда мүмкіндік бар. Сол мүмкіндікті пайдалана алған партияның жолы жарқын, салмағы жоғары.
Ал, енді аудан аумағына келетін болсақ, мойынқұмдықтар әрқашан жомарттығымен, әділдігімен, кеңдігімен аты шыққан. Қазіргі таңда сайлау науқанына қатысты барлық сайлау учаскелерінде ұйымдастыру жұмыстары қолға алынып жатыр. Ол ұйымдастыру жұмыстары аясында әр ауылдағы, әр көшедегі сайлаушылардың тізімге толық алынуы, сайлау учаскелерінде барлық қажеттіліктердің болуы бірінші кезекте ескерілген. Сайлау учаскесіндегі барлық істердің заң аясында жүзеге асырылуына да басымдық берілген. Сол сайлау учаскелерінде біздің әріптестеріміз және бүгінгі ізбасарларымыз – полиция қызметкерлері де уақытпен санаспай еңбек етуде.
Алдағы Құрылтай депутаттарын сайлау – жай ғана қоғамдық-саяси науқан емес, өте маңызды кезең. Себебі, Құрылтайға барған депутаттар еліміздің жаңа кезеңдегі тың қадамдарына өздерінің терең білімі және жоғары патриоттық сезім, саяси көзқарастарымен қызмет ететін болады. Лайықты үміткерлерге сенім артылуы осы жерде ерекше маңызға ие. Сондықтан, аудан сайлаушыларын белгіленген күні, белгіленген сайлау учаскесіне келіп, еліміздің жарқын болашағы үшін дауыс беруге шақырамын.
Жетібай ҚҰЛТАЕВ,
ішкі істер саласының ардагері.
Мойынқұм ауданы

Обсудить
Блок в статье:
ҚАРИЯЛАР ҚАЛЫС ҚАЛМАЙДЫ
19 август 2026, Среда
Тағылым
18 август 2026, Вторник
Даналық мекені – кітап әлемі
18 август 2026, Вторник
Похожие материалы:
Комментарии (0)