Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » ЕРЛІК ЕСКЕРУСІЗ ҚАЛМАСЫН

ЕРЛІК ЕСКЕРУСІЗ ҚАЛМАСЫН

13 ноябрь 2023, Понедельник
79
0
Қазіргідей жетпістен біраз асқан жасымызда оңаша отырып, ойға шоматын болдық. Ендігі ғұмырымда әділ сөйлеп, турасына тоқтап, тазалық жолымен жүруді мақсат еттім. Онымның дұрыс немесе бұрыс екенін де білмеймін. Көпшіліктің талқысына салғым келеді.
Осыдан бес – алты жыл бұрын полиция қызметінде еңбек ететін Бекжан (ата тегі Тіленшиев болуы керек, ұмытпасам) деген батыр жігіт көшеде үш бұзақыға тап болып, олармен жалғыз өзі алысып, бұзақылардың атқан оғынан мүгедек болып қалды. Көңілі қалап жүрген қалыңдығымен әне-міне шаңырақ көтеремін деп отырғанда, төсекке таңылып, жылдар бойы емделді. Бекжанды емдету үшін құзырлы орындарға барып жүріп, көмектестік. Тіпті, марқұм Бейсен Құранбек жүргізетін  «Қарекет» бағдарламасына да түстік. Жасаған ерлік ісі үшін  «Ерлігі үшін» медалімен де марапататалды. Сөйтіп, полиция саласының біраз ардагерлері күш салып жүріп Бекжаның баспана алуына да ықпал еттік. 
Бірақ, өкінішке қарай, Бекжан 2020 жылы  өмірден озды. Сол азаматтың ерлігі әлі толық бағаланбағандай көрінеді маған. Жуалы ауданында ата-анасы, осы Тараз қаласында бауырлары тұрады. Туып - өскен ауылынан Бекжанға бір көшенің аты берілсе деген де ой бар менде.
Ал, екінші айтайын дегенім қазіргі Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Ринат Зайтов жайлы. Ринат Зайтов шындықты шырылдап айтып жатыр. Сонысымен де жоғары лауазым иелеріне жақпай жүрген жайы бар. Оның ең төменгі жалақының 85 мың теңге екені, ол қаржының ештеңеге жетпейтіні туралы батыл айтқан ойлары қандай өткір. Тіліп тұрып ақиқатты айтты. Халыққа жаны ашыған адам сол Ринаттай - ақ болсын. Парламентке барғанына көп болған жоқ. Бірақ, талай мәселені көтеріп тастады. Театр қызметкерлерінің айлығының төмендігін айтты. Айтыскер ақындарға арнайы «Айтыскерлер үйі» қажет екенін көтерді. Мүмкіндігі келгенше мәселені көтеріп жатыр. Үндемей отырған жоқ. 
Ринат Зайтовтың «Алаяқтардың 80 пайызы намазхан» деген пікірі бүкіл әлеуметтік желіде кең тарады. Мүмкін, Ринаттың пайызға шағып айтқаны сәл асығыстығы шығар. Бірақ, бұл сөзі де шындықтан соншалықты алшақ емес. Қазір әлеуметтік желі арқылы халықты алдап, арбап жатқан алаяқтардың біразы – намаз оқитын кісілер. Алдайтын нәрсесіне сендіру үшін де «Мен де намаз оқып жүрген адаммын» деп сенімге кіретіндер бар. Сондықтан, Ринаттың бұл сөзін теріс дей алмаймын. Дінді дұрыс түсінбей жүрген топтармен күресіп жатқаны да дұрыс. Осы сауатсыз діни топтар білімсіз жастарды теріс жолға салуда. Олардың арасында сақалын өсіріп алғандар да көп. Мемлекетке қауіп, міне, осы діннің атын жамылғандардан келуде. Ринат сондай қатермен күресуде. Шамасы келгенше. 
Ринат – жаны таза, елдің қамын ойлайтын жігіт. Оның ары да, жолы да таза. Ол бір белгілі айтыскер ақын секілді «Баспана әперемін» деп халықты алдаған жоқ. Қаржылай, заттай ешкімге қиянат жасаған жоқ. 
Қазір Ринат Зайтовқа қысым көрсетіп жатыр. Шындықты айтқаны үшін. Оны, тіпті, Мәжіліс депутаты мандатынан айырмақшы. Оған жол беруге болмайды. Ақиқатты айтатын адам Мәжіліске керек. Ол – Ринат.
Сондықтан, Ринатты қолдаңыздар. Ол Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі төрінде депутат болып қалуы тиіс. Ол азаматтың депутат ретінде халыққа пайдасы көп. Осыны естен шығармайық. Ринатты қолдайық.

Аралбек ТОНБАЕВ,
ішкі істер қызметінің ардагері.

Тараз қаласы.
Обсудить

Похожие материалы:

КӨКТӨБЕДЕ ТҰРАДЫ ЖАҚСЫ АДАМДАР
12 январь 2023, Четверг
КӨКТӨБЕДЕ ТҰРАДЫ ЖАҚСЫ АДАМДАР
Тағлым
31 май 2022, Вторник
Тағлым
БилIктегI белестер
01 июль 2022, Пятница
БилIктегI белестер
Біздің белсенділер
30 май 2022, Понедельник
Біздің белсенділер
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры