Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11

Тағлым

31 май 2022, Вторник
134
0
Билікке бір кісідей еңбек сіңірген азамат  Талғаттай-ақ болсын. Кеңестік кезеңде партияның тапсырмаларын қалтқысыз орындаған. Қазақстан Тәуелсіздігін жариялап, егеменді ел болғаннан кейінгі қызметі атқарушы биліктің айналасында болды. Соның бәрінде де ел игілгі үшін қызмет етті. 
Алматыда  зоотехникалық-малдәрігерлік институтын 1974 жылы бітіріп келген соң Талас аудандық малдәрігерлік стансасында мамандығы бойынша еңбек жолын бастады. Талғат Жұмабек көп ұзамай комсомол қызметіне шақырылған. Аудандық комсомол комитетінде нұсқаушылықтан екінші хатшы лауазымына дейін көтерілген. Осында саяси қызметке төселді. 
Алты жыл комсомолдық қызметте ысылған жас жігіт «Ақкөл» кеңшарында кәсіподақ комитетінің төрағасы, аупарткомда нұсқаушы болып тағы үш жыл жұмыс істегеннен кейін, 1983 жылы ауданда жаңадан ұйымдастырылған «Аққұм» кеңшарына партком хатшысы қызметіне жіберілген. Партияның солдаты осындағы 7 жыл қызметінде коммунистерді жаңа шаруашылықты аяғынан тік тұрғызуға жұмылдыра білді. Оған дәлел – осы жылдарда шаруашылықтың алдыңғы қатардағылар сапынан көрінуі. 
Одақ ыдырап, тәуелсіз елімізде жаңа билік құрылымдары дүниеге келген 1992-1997 жылдар аралығында  Талғат Ахатұлы аудандық әкімдікте де бөлім басқарып, одан кейін аудан әкімі аппараты басшысының орынбасары лауазымында жемісті қызмет атқарған. 
1997 жылы Қаратау ауылдық округінің  әкімі болып тағайындалған. Еңбекақы, зейнетақы, әлеуметтік жәрдемақы төлеу қиындығы туындап, тұрғындар тарапынан наразылық пайда болған кез. Сонда зейнетақыны үй аралап жүріп таратқандары ешқашан естен кетпес. Әлеуметтік-тұрмытық жағдайлары төмен отбасыларына көмек көрсету үшін де барын салды. Жоғарыдан бөлінген азды-көпті қаржыны көмекке зәру, мұқтаж жандарға әділ бөлу оңай болған жоқ. Бірақ, көпшіліктің көңілін табу, жағдайдан шығу керек. Қоғам белсенділері мен агроқұрылымдар қолдауының арқасында бұл қиындықтарды жеңе білді. 
2000-2003 жылдары Қызыләуіт ауылдық округінің әкімі қызметінде де осы қиындықтарды бастан кешті. Бірақ, білікті басшы Керімбай Оязбековтің тауарлы несие жобасының арқасында тығырықтан шыққандай болды. «Таластық үлгі» деп аталған бұл жұмыс тәсілі жақсы нәтиже бергені белгілі. 
Өтпелі кезеңнің «өткелдерінен» сәтті өтіп жүрген тәжірибелі маман одан кейін Қаратау қаласы әкімінің орынбасары, аудан әкімінің ішкі саясат  бөлімінің меңгерушісі, әкімдіктің бас инспекторы лауазымдық қызметтерінде болған. Сол жылдарда ауданда жүзеге асырылған игілікті істерлің көпшілігінде Талғат Ахатұлының да үлесі бар. 
«Нұр Отан» партиясы аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары қызметіне 2008 жылы тағайындалды. Мұнда турашылдық ұстанымынан таймай, елімізде Тәуелсіздік тұғырының нығая түсуіне атсалысқан. 
Мұның бәріне жеке-жеке тоқталмай, сыдырата шығуымның себебі бар. Ол өзінің «Өмір өткелдері мен ойға түйгендерім» атты кітабында көп мәселеені тәптіштеп көрсетіпті. Ендеше, қайталап жатудың қажеті жоқ. 
Талғат Ахатұлы – аттан түспеген азамат. Ол қазір де қоғамдық жұмыстарға белсене араласып жүр. Облыстық ардагерлер кеңесі жанындағы билер кеңесі төрағасының орынбасары. Бұл ұйымның отбасылық кикілжіңдер, тұрмыстық дау-дамайлар, адамдар арасындағы кейбір келіспеушілік-терді сотқа жеткізбей шешіп, қоғамда қалыпты өмірдің салтанат құруындағы рөлі жоғары. Талғаттың билер  кеңесінің  жұмысын насихаттаудағы еңбегі ерекше. 
Талғат – сегіз қырлы, бір сырлы, «Өлеңге таласы бар» азамат. Оның Отанға, туған жерге, анасына, жарына, замандастарына арналған жыр жолдары азаматтың ақындық қырын аңғартқандай. 
Бүгін 70 деген белестің биігіне көтеріліп отырған азаматтың жетістіктері жеткілікті. Талғат Жұмабек – «Қазақстан Республикасы Тәуелсізігіне 20 жыл», «Қазақстан Конституциясына – 20 жыл», «Жамбыл облыстық ардагерлер ұйымына – 30 жыл» мерекелік медалдарымен марапатталған. Ол– Талас ауданының Құрметті азаматы, Талас ауданының Құрметті ардагері. 
Талғат – үлгілі отбасының отағасы. Жоғары білімді педагог, музыка пәнінің мұғалімі, жары Рахима Жұманқызы «Күміс алқа» иегері. Ұл-қыздарынан 16 немере сүйіп отырған бақытты ата мен апа. 
Өмір белестерінде талай асулардан асқан азамат замандастары, әріптестері арасында абыройлы. 

Болат ЖАППАРҰЛЫ,
«Ғұмыр-Дария». 

Обсудить
Блок в статье:
"Ана тілің-арың бұл" 20 сентябрь 2024, Пятница
БАТАМЕНЕН ЕЛ КӨГЕРЕР 19 сентябрь 2024, Четверг

Похожие материалы:

Біздің белсенділер
30 май 2022, Понедельник
Біздің белсенділер
Парасат
25 август 2021, Среда
Парасат
Парасат
10 июнь 2021, Четверг
Парасат
Ғибрат
12 ноябрь 2020, Четверг
Ғибрат
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры