Парасат
Біздер, бүгінде ағалық, аталық жасқа бет бұрған, өткен ғасырдың жетпісінші жылдарында еңбек деп аталатын ең қасиетті ұғымның алғашқы ащы да тәтті дәмін тата бастаған ұрпақ өкілдері, тағдырдың бұйрығымен екі ғасырдың тоғысар тұсында кемел шаққа келіп, кәсібімізге адалдық танытып, шама-шарқымыз келгенше ең алдымен өзімізге, қала берді елімізге қызмет жасау бағы бұйырды. Жүріп өткен жолымызға бүгіннің биігінен көз салар болсақ, соншалықты ұзақ та болмаған сияқты, десек те біраз өмір белестерін артқа тастағанымыз көкірегімізде сайрап-ақ тұр. Сол азды-көпті алған асуларымызда талай жақсылар мен жайсаңдардың тәлімін алып, тәрбиесін көріп өскендігімізді бүгінде зор ризашылықпен еске алып отырамыз. Бағы жүрген, жолы болған, еңбегі жанған әр қазақты кездестіргенде көкейде "көргені кім екен" деген сауал тұратыны белгілі.
Бала жігіт шағымыздан талабымыз таудай болды ма, аудандық газетте, комсомол қызметінде жұмыс істей жүріп алғашында біраз жақсылардың атына сырттай қанығып, ісіне қызығып жүрдік. Сәті келіп жатқанда сол мықтыларға шын көңілімізбен қос қолымызды ұсынып сәлем беруді өзімізге парыз деп санаушы едік. Солардың арасынан өткен ғасырдың жетпісінші жылдары облыс жастарының жалынды жетекшісі, сол заманның көзі ашық, көкірегі ояу, талабы таудай жастарының қызыға қарар кумирі болған Елубай Олжабаевтың есімін айрықша атар едім.
Шымкенттегі Қазақ химия технологиялық институтында оқып жүрген кезінің өзінде үздік білім ала жүріп, қоғамдық жұмыстарға белсене араласқан Елекең өзінің болашақ өміріне айқын мақсат қойып, негіз қалаған еді. Олай дейтінім, институт комсомол комитетінің мүшелігіне сайланды, факультет комсомол комитетінің хатшысы болды. Қоғамдық негізде комсомол жұмысын оқумен ұштастырып, институттың және қаланың саяси-мәдени өміріне белсене араласты. Мұның барлығы алдағы үлкен өмір мектебінің бастауы болатын.
Елубай Тақубайұлы 1963 жылы институтты инженер-технолог мамандығы бойынша тәмамдағаннан кейін, аздаған уақыт жоғары оқу орнында ассистент болып қызмет атқарады да, 1964 жылы Жамбыл технологиялық институты комсомол комитетінің хатшысы болып сайланады.
Әрине, ол жылдарда заман басқа, қоғам басқа, заң басқа. Талантты, талапты жастарды билік көрмей қалмайды. Сонда да болса, Елубай Олжабаевтың өмір жолын, өсу жолын бағамдай отырып, басқаларда көп кездесе бермейтін ерекшеліктерді байқауға болады. Жаңа айттық, жоғары білім алғаннан кейін бір жылдан кейін институт комсомол комитетінің хатшысы болып сайланды, енді бір жыл өткенде Жамбыл қалалық комсомол комитетінің бюро мүшесі болды, ал, 1967 жылы облыстық комсомол комитетінің хатшылығына жоғарылатылады. Енді, үш жыл өткеннен кейін 29 жасында Жамбыл облыстық комсомол комитетінің бірінші хатшысы және облыстық партия комитетінің бюро мүшесі болып сайланады. Кейінгі жылдарда атқарған жауапты қызметтеріне алда тоқтала жатармыз, дегенмен комсомол қызметіндегі сол заманда феномен болып саналатын мұндай сатылай жоғарылаудың астарында оның сонау бала кезінен, жігіт шағынан мықты ішкі даярлығы, білім-білігі, асқан парасаттылығы, атқаруға тиісті міндеттеріне деген зор жауапкершілігі, адамдарды тыңдай білуі, оларға ұғындыра алуы, ең бастысы – жастарды соңынан ерте алуы сияқты қасиеттер жатқандығына ешқандай талас бола қоймас.
Бір мысал. Жақында Жазылбек Қуанышбаевтың туғанына 125 жыл толуына байланысты редакцияға бір мақала келіп түсті. Сол мақаладан Елекең туралы бір тың дерек оқыдым. Жазылбек Қуанышбаев Мәскеуге колхозшылардың Бүкілодақтық ІІІ съезіне делегат болып қатысады. Елге– Мойынқұм ауданындағы "Жамбыл" совхозына келгеннен кейін жергілікті басшылар Жазекеңмен жастардың кездесуін ұйымдастырады. Ел алдында шопан ата Мәскеуден алған әсерлерін бөліседі.
– Съездер сарайында өткен Бүкілодақтық басқосудың кезекті бір үзілісінде Жамбылдан барған делегаттар оқшауланып тұрып қалдық. Бас хатшы Леонид Ильич Брежнев облыстардан келген делегаттармен жағалай суретке түсіп жүр екен. "Әй, бізге үлгермейді-ау!" деп тұрғанбыз. Бір кезде қасымызда тұрған әдеміше келген жас жігіт бас хатшыны бетке алып, ол кісіге барып әңгімелескендей көрінді бізге. Сол-ақ екен партия көсемі бізге қарай бет бұрды. Мені ортаға алып суретке түстік. Кейін білдік қой, Бас хатшыны ертіп алып келген жас жігіт өзіміздің комосол хатшысы Елубай Олжабаев екен,- дейді жерлестеріне Жазекең. Міне, Елекеңнің көзге көріне бермейтін тағы бір қасиеті. Әйтпесе, Бас хатшы кім, со-о-н-о-о-у Қазақстанның Жамбыл облысындағы облыстық комсомол комитетінің хатшысы кім?! Жолын тапқан, жөнін тапқан ерді айт. Бұл – Елубай Тақубайұлының қызмет бабындағы көп тапқырлықтарының бірі ғана.
Елубай Олжабаев комсомол қызметінде жүргенде мен де совхозда жастар жетекшісі болдым. Облыстық комсомол комитеті өткізетін барлық жиындарға қатысатынбыз. Жас болсақ та Елекеңнің ұйымдастырушылық қабілетін, жастар жетекшісіне тән жалынын көріп өстік. Оның үстіне ол кісімен жеке туыстық та байланысымыз болды. Отбасында, басқа да басқосуларда көріп-біліп жүрдім, ол кісінің тәрбиесін алдым, ақыл-кеңесін тыңдадым. Елекең облыстық партия комитеті насихат және үгіт бөлімінің меңгерушісі, облыстық атқару комитеті төрағасының орынбасары болып жүргенде облыстық газетте бөлім меңгерушісі болып қызмет атқардым. Жалпы, осы деңгейдегі басшының болмыс-бітімін, қарым-қабілетін, басшылық және адами болмысын біраз білуіме мүмкіндігім болды.
1973 жылы, ұмытпасам маусым айы болуы керек, облыстық комсомол комитетінің пленумы шақырылып, онда ұйымдастыру мәселесі қаралды. Облыстық партия комитетінің сол кездегі екінші хатшысы, екі тілде еркін сөйлейтін А.Шалов Елубай Олжабаевтың облыстық партия комитеті насихат және үгіт бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалғанын айта келіп, пленумға қатысушыларға:
– Сіздер білесіздер ме, Елубай Тақубайұлы 33 жасында облыстық партия комитетіне жауапты қызметке бара жатыр. Партия жас жігітке сенім артып отыр,-деген сөзі менің әлі есімде.
Әрине, ол жылдары идеология – партияның монополиясы. Облыстағы бүкіл мәдениет мекемелері, баспасөз бен теледидар, радио, басқа да толып жатқан салалар, партия ұйымдарының идеологиялық бағыты осы бөлім арқылы сараланып, мақсат-жоспарлары айқындалып отырады. Осы қызметте Елубай Тақубайұлы 6 жыл тапжылмай табысты қызмет атқарды. Елге танылды, есімін көпшілік айта жүретін болды, өзінің жеке мінез-құлқымен, жүріс-тұрысымен, сөйлеу мәнерімен, тіптен қонымды киім киюімен айналасына үлгі көрсетті. Олжабаевтың қабылдауына келген жас болсын, кәрі болсын адамдарды орнынан тұрып, ізет көрсетіп сәлемдесуін замандастары күні бүгінге дейін айтып отырады.
1979 жылы маусымда Елубай Олжабаев облыстық атқару комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды. Бұл лауазымды қызметте де ол өзіне тән табандылығынан, іскерлігінен, мәселені оңтайлы шешетін жеделдігінен танған жоқ. Бүкіл облыстың әлеуметтік-мәдени саласын қаржылық жағынан қамтамасыз етіп, қалалар мен ауылдардағы мәдени ошақтарды, білім беру жүйесін, спорт саласын жоспарлау мен дамытуды үйлестіріп отырды.
Өткен ғасырдың жетпісінші жылдары және сексенінші жылдардың ортасына дейінгі кезең Кеңес Одағының тарихындағы жасампаздық жылдары ретінде есте қалды. Қазақстанды кемеңгер қазақ Дінмұхамед Қонаев басқарды. Ашаршылық, қуғын-сүргін, қан-қасап соғыстан кейінгі "қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған" заман болды десек, ешкім ренжи қоймас. Бұл жылдары Жамбыл облысы да қарыштап дамыды. Облысқа Хасан Шаяхметұлы Бектұрғанов сияқты кең пішілген, көреген басшы жетекшілік етті. Облыстың идеологиясы мен мәдениетінің, әлеуметтік саласының дамуына Ғайникен Бибатыровамен бірге Елубай Олжабаевтың қосқан үлесі ауқымды болатын.
Өзінің мемлекеттік, қайраткерлік қызметін осылай жемісті де, жеңісті бастап, қалыптасу кезеңінен сәтті өткен оғлан Олжабаевтың өмірі 1984 жылдың 2 қазаны күні 43 жасында кенеттен тоқтады. Ешкім ойламаған, ешкім күтпеген қаза болды. Содан үш жыл бұрын ғана 40 жасын Елубай ағаның анасы Жаңыл апаны ортамызға алып тойлаған едік. Көзіміз көрді, бүкіл облыс, Жамбыл қаласы күңіреніп кетті. Елекеңмен соңғы қоштасу қазақ драма театрында болды. Театрға, орталық алаңға ағылған халыққа сан жетпейді. Бұл өзінің қысқа өмірінде мәнді де мағыналы қызмет еткен халқының Елубай Тақубайұлына көрсеткен соңғы құрметі болатын.
Әрине, одан бері талай уақыт өтті, заман өзгерді, қоғам өзгерді. Бүгінде Елекеңнің замандастары мен қатарластарының өзі азайып қалды. Тіліміз жеткенше ол кісінің қайраткерлік қызметінің сәтті басталғандығы туралы айттық. 43 жасында облыс басшыларының бірі болып тұрған кезінде кілт үзілмегенде оның қызметтік жолының қай деңгейге жететіні бір Аллаға ғана аян. Елубай Олжабаевтай арда азаматтан халқының күткені көп еді.
Күні кеше қарымды қайраткер болған, жасындай жарқыраған Елубай Олжабаев 80 жасқа толатын еді. "Орнында бар оңалады" деп жатады қазақ. Бүгінде Олжабаевтар отбасы – өнген, өскен әулет. Ардақты ұстаз, асыл ана Ермеккүл жеңгеміз балаларға басие болып өсірді, өндірді. Балалардың үлкені Ерланы – кәсіпкерлікте, мемлекеттік қызметте өзін танытқан салиқалы азамат. Гауһары әке жолын қуып мемлекеттік қызметте талапшылдығымен, әділдігімен танылды. Бүгінде Тараз қалалық әкімі аппаратында жауапты қызметте. Асфаты "ТрансГаз Аймақ" акционерлік қоғамы Жамбыл филиалы директорының орынбасары. Еркежаны да білімді, білікті азамат.
Кезінде Елубай Тақубайұлы "Құрмет белгісі" орденімен, "Еңбектегі ерлігі үшін" медалімен марапатталды. Елубай Олжабаев атында Таразда көше бар.Елекең туралы талай замандастары естелік жазды, артында өзінің жазған "Үлкен химияның алыбы" деген кітабы қалды.
Біз білетін Елубай Олжабаев туралы айтпағымыз осы еді. Бір шындықты айтуымыз керек, халқы тұрғанда, өзі қызмет еткен елі тұрғанда Елубай Олжабаевтың есімі ешқашан ұмытылмақ емес.
Жаңабай МИЛЛИОНОВ,
Қазақстанның Құрметті журналисі.

Обсудить
Блок в статье:
СТАЛИНГЕ ХАТ ЖАЗҒАН ҚАРИЯ
20 ноябрь 2024, Среда
КӘСІБІ – ТРАКТОРШЫ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Сейітхан ЖҰМАШЕВ, Жуалы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы: ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС ІСІМІЗГЕ СЕРПІН БЕРЕДІ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Похожие материалы:
Комментарии (1)