"Әкім бол — халқыңа жақын бол"

Қоғамдағы кез келген қадам көпшіліктің назарынан қалыс қалмайтыны белгілі. Ендеше «халықтан асқан сыншы жоқ» деудің мағынасын осыдан іздеген жөн.
Сіз бен біз айтып жүрген «Жаңа Қазақстанда» әкімдер жаңашылдықты жиі көрсетіп жүр.

Иә, тілмен түйілген түйінді тіспен тартып шешу ең қиынның қиыны.
Бірақ, елдің пікіріне қарап, көптің көңілін сезе жүріп халықтың арқалап келген сауалдарына жауап табылуда.

Өңірдегі өзекжарды һәм өзекті мәселелердің оңтайлы шешімі табылып жатса бір бақ. Ол айтылған дүние орындалса қос бақ.
«Әкім елмен етене араласып, бұқараның мұң-зарына дер кезінде назар аударғаны жөн.
Сонда тұрғындардың билікке деген сенімі нығайып, тұрақтылық тұғыры беки түседі.
Ол үшін шенеуніктер әлеуметтік желіні тиімді пайдаланып, жұртпен тікелей қарым-қатынас орнатуы тиіс».
Бұл – Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы.
Мемлекет басшысының бастамасы әлемдік тәжірибеде сыналып, тиімділігі дәлелденген дүние.
Біздіңше осынау болашақта атқарылатын үлкен істердің бәрі әкімнің іскерлігін, қабілет-қарымының зор екенін аңғартса керек. Бірақ ойға алған іс бар да, оны жүзеге асыру екінші мәселе. «Сүйер ұлың болса сүй, сүйенерге жарар ол» деп ұлы Абай айтқандай, халық тарапынан да белсенді әкімге қолдау көрсеткеніміз жөн. Көп болып береке-бірлікпен кіріссек алмайтын қамал болмайды.
Обсудить
Блок в статье:
Серік Сәлемов Жамбыл облыстық бокс федерациясының президенті болып сайланды
28 март 2025, Пятница
Еске алу кеші
28 март 2025, Пятница
БИ ӘДІЛ БОЛМАЙ – ІС ІЛГЕРІ БАСПАЙДЫ
23 март 2025, Воскресенье
Похожие материалы:
Комментарии (0)