Елге ел қосылса құт
Бұрын шетелдерден ата жұртқа атбасын бұрған ағайындарды «оралман» деп атайтын. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бізді «қандас» деп атауға пәрмен берді. Қандас деген – қандай тәтті сөз. Бұл бізді ата жұртпен жақындастыра түсіп отыр.
Биыл еліміздегі көші-қон бағдар-ламасының жүзеге асырылып келе жатқанына 30 жыл толады екен. Атажұртқа көш басын бұрғандардың алғашқы легінде келгендер жергілікті ағайынмен біте қайнасып, араласып кетті. Олардың еңбекке қамтылуы, жеке кәсіпкерлікпен айналысуы биліктің басты назарында.
Жасыратыны жоқ, алғашында Қазақстан азаматтығын алудың қиындықтары болған. Қазір бұл мәселеде ешқандай күрделілік жоқ. Жеке басыңызды немесе отбасы мүшелерін куәландыратын құжаттарыңыз заңды болса, әрі қарай рәсімдеу тиісті тәртіп бойынша жүзеге асырылады.
Байзақ ауданы – елге оралған қандастардың ең көп шоғырланған аймағы. Мұнда 20400 қандас тұрып жатыр. Олар негізінен Сарыкемер, Түймекент, Көктал ауылдық округтері аумағында қоныстанған.
Жергілікті билік олардың кәсіп-керлікпен айналысуларына жағдай жасауда. Осы орайда айта кетуіміз керек, қандастарымыз кез-келген кәсіпке бейім, еңбекқор болып келеді. Оларға жалқаулық жат. Өмірдің рахатын еңбектен іздейтін қандастарымыз аз емес. Оған мысалдар көп.
Жеке кәсіпкер, «Бегей» шаруа қожалығының жетекшісі Қайырғали Еламанов 30 адамды жұмыспен қамтып отыр. Оның 2 азық-түлік дүкені халыққа сауда қызметін көрсетуде.
Тағы бір қандас Елмұрат Күнібеков 40-50-ге дейін адамды еңбекке тартып, облыстың Т.Рысқұлов, Қордай аудандарында тапсырыспен мектеп, көпқабатты тұрғын-үй құрылыстарын жүргізуде. Менің өзім де құрылыс дүкенін ашып, 10 адамға жұмыс тауып беріп отырмын. Жекелеген қандасар аудандық мекемелерде, ауруханаларда, мектептерде, егіс алқаптарында жұмыс істейді.
Ауданда қандастардың қоғамдық жұмысқа араласуына мүмкіндіктері мол. Мысалы, мен – Сарыкемер ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасымын. Сонымен қатар, «Дүнежүзі қазақтары қауымдастығы» аудандық филиалының директорлығы қызметі де маған жүктелген. Жергілікті билік пен аудандық ардагерлер кеңесі қалыпты жұмыс жүргізуме игі ықпал жасап отыр. Әсіресе, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Ермековтің ақыл-кеңесі мен көмегі көп.
Қандастар арасында да зейнеткерлер бар. Олар жергілікті қариялармен қоян-қолтық араласып, әртүрлі мемлекеттік және кәсіптік мерекелердегі көпшілік іс-шараларға белсене қатысады. Наурыз, Халықаралық әйелдер күні, Жеңіс мерекесі, Қарттар күні, Тәуелсіздік күні сынды мерекелерде дастархан төрінен орын алып, жастарға ақыл-кеңестерін айтып отырады. Олардың ұлттық құндылықтарымызды насихаттаудағы белсенділіктері жоғары. Және бұл белсенділіктері жергілікті билік пен тұрғындар тарапынан қолдау тауып отыр.
Қандастар арасында да көпбалалы, тұрмысы төмен отбасылар аз емес. Оларға қолдан келгенше қамқорлық көрсетілуде. Мектепте оқитын балалары киім-кешекпен, оқу құралдарымен қамтамасыз етіледі.
«Өзі жақсы кісіге бір кісілік орын бар» қағидасын ұстанған жергілікті қандастар тұрғындармен жақсы қарым-қатынас қалыптастырып, өзара сыйластықта өмір сүруде.
«Өзің өзекке теппес» дейді ғой қазақ, жергілікті бауырларымыз қолдан келген көмектерін аяп жатқан жоқ. Жаңа ортаға бірден үйреніп кету оңай емес. «Адам– сөйлескенше, жылқы – кісінескенше» деген өзара сыйластық қарым-қатынас туралы мәтел бар ғой. Осы даналық сөздің шынайы көрінісін біздің күнделікті өмірімізден көруге болады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына наурыздағы Жолдауында Жаңа Қазақстан қоғамын жасау идеясын тастады. Бұл игі мақсатты жүзеге асыруға қандастар да белсене атсалысып, өз үлестерін қосуға дайын.
«Бөлінгенді бөрі жейді», «Бірлік бар жере тірлік бар». Қандастар жергілікті билік, ардагерлер кеңесі және тұрғындардың қолдауы мен көмегін сүйеніп, Тәуелсіз Қазақстанның өркениетті бетке алған Ұлы көші қатарында жасампаздық пен жарқын болашаққа батыл қадам жасай беретін болады.
Жиенғали ЖҰМАҒҰЛОВ,
«Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы» Байзақ аудандық филиалының директоры,
Сарыкемер ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы.

Обсудить
Блок в статье:
СТАЛИНГЕ ХАТ ЖАЗҒАН ҚАРИЯ
20 ноябрь 2024, Среда
КӘСІБІ – ТРАКТОРШЫ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Сейітхан ЖҰМАШЕВ, Жуалы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы: ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС ІСІМІЗГЕ СЕРПІН БЕРЕДІ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Похожие материалы:
Комментарии (0)