Үлкендер белсенділігі бірлікке бастайды
Батыр Бауыржан Момышұлы жасы ұлғайған қарттарға абыз, ақсақал, қария, шал деген сипаттамалар бергені туралы көзі қарақты оқырмандарымыз хабардар болар. Олар сол сипаттамаларға сай белгілі бір дәрежеде белсенділік танытып та жүр. Өкінішке орай, үлкендердің бәрінде белсенділік қасиеттер байқала бермейді.
Жасыратыны жоқ, көп қарияларымыз– жағымпаздыққа бейім, жалтақ. Белсенді дегендерінің өзі биліктің ығына жығылып, жұмсақтық танытады. Биліктің сөзін сөйлеген де дұрыс. Дегенмен, мәселені қабырғасынан қойып, елдің сөзін, көптің мұңын айтатындар аз.
Қазір ардагерлер ұйымдары қоғамда ең бір белсенді, ықпалды, бұқаралық топқа айналып отыр. Билік те әрқашан аға буын өкілдерімен ақылдасып, күрделі мәселелерді бірлесіп шешіп жүр. Әйтсе де, көп жағдайда орынды көтерілген мәселелер оңтайлы шешілмей жатады. Осыдан барып, кейбір қариялар «сөзімді әуре қылып қайтеміз» деп бұғып қалатыны да өтірік емес.
Рас, елдік мәселелерге қатысты әңгімелер қозғап, өзекті ойларын ортаға салып жүрген қариялар аз ба?! Ардагерлер ұйымдары белсенді қарияларды қатарға көбірек тартып, кейбір маңызды мәселелерді шешуге қатыстырғысы-ақ келеді. Әйткенмен, қариялар белсенділігіне қол жеткізу қиындау соғып тұрғанын көріп жүрміз.
Алқалы жиындарда шешен қариялар шешіле сөйлеп, жастарға бағыт-бағдар айтып жүргеніне куәміз. Бірақ, «сөз түзелді, тыңдаушым, сен де түзел» деген нәтижеге қол жеткізе қойған жоқпыз. Бұл адамдардың пиғыл, пейілдеріне де байланысты-ау, бір жағынан.
Қазір дүние жиған, атақ пен мансап қуған заман болды ғой. Адамдардың тұрмыс-тіршіліктерін жақсартуына ешкім қарсы емес. Адал жолмен дүние тауып, заманға сай өмір сүргенге кім қарсы болсын!? Қариялар айтпай жатқан жоқ, айтып-ақ жатыр. Бұқаралық ақпарат құралдары да жазып жатыр. Нәтиже шамалы. Басты шұлғып уәде бергенмен, сөз бен істің алшақтығы – жер мен көктей.
Қаңтар қасіреті қоғамдағы көлеңкелі тірліктің бетпердесін ашып берді. Осыдан сабақ алғандай болып, қоғам Жаңа Қазақстан құруға бет бұрды. Иншалла, алған бағыт дұрыс. Жағдай да түзелетін шығар? Солай болғанын тілейік!
Жақында бүкілхалықтық референдум өткізіліп, Қазақстан Республикасының Конституциясы – Ата Заңымызға көптеген өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін болды. Енді сол жаңалықтарды жан-жақты насихаттауда ардагерлер белсенділігі керек. Ол белсенділік жалпылама жалаң сөз емес, нақты істе көрініс тапқаны дұрыс.
Қариялар міндетті түрде үлкен жиындардың болғанын күтіп жүрмесін. Олар кез-келген басқосуда, отбасында өткеннің өнегесін, келешектің кемелдігін айтып отырса жараспай ма? Ақыл-кеңес айту үшін қандай жиналыс керек. Күні кеше бүкілхалықтық референдум өтті. Облыс ардагерлер ұйымдарының белсенділері қыруар тіршілік атқарды. Біліп отырдық, облыстық, Тараз қалалық, аудандық ардагерлер кеңестерінің мүшелері референдумға қолдау көрсету жөніндегі қоғамдық штабтардың құрамында еңбек ұжымдарында, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын кеңінен жүргізді, тіптен, көше-көшені аралап, егістік алқаптарда, жылыжайларда, зауыт-фабрикалардың цехтарында адамдармен кездесті. Олардың кейбірінің құйтырқы сұрақтарына тянақты, салиқалы жауап берді. Қариялардың бұл жанкешті, мемлекетшіл әрекеттерін сынап жатқан «блогерсымақтарды» да оқып жатырмыз. Ел болашағы, ұрпақ тәрбиесі жолында уақытпен санаспай белсенділік танытып жүрген мұндай ардагерлерге тек қолдау көрсеткен абзал болар.
Міне, біздің қариялар осылайша сөздерімен де, істерімен де қоғам дамуына, елдің бірлік-берекесіне үлес қосуда.
Осы орайда тағы бір мәселені көтере кетсе артық болмас. Белсенді ардагерлерді ынталандыру жайлы да аз айтылып жүрген жоқ. Атқарушы билікке қай кезде де өздерінің қастарынан табылып, қоғамдық тірліктен сырт қалмай жүретін белсенді ардагерлерге моральдық болсын, қаржылай болсын демеу көрсетудің бір тетігін тапса деген тілегімізді жеткізгіміз келіп отыр.
Замандастарыма айтқым келгені осы. Қалай болғанда да қариялар белсенділігі керек мына заманда.

Әділбек ӘЛІШЕВ,
салық саласының ардагері.
Тараз қаласы.
Обсудить
Блок в статье:
СТАЛИНГЕ ХАТ ЖАЗҒАН ҚАРИЯ
20 ноябрь 2024, Среда
КӘСІБІ – ТРАКТОРШЫ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Сейітхан ЖҰМАШЕВ, Жуалы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы: ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС ІСІМІЗГЕ СЕРПІН БЕРЕДІ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Похожие материалы:
Комментарии (0)