Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » Қоғам » Арды ойлаған азамат

Арды ойлаған азамат

11 июль 2025, Пятница
5
0

Зейнетте болсақ та ауданымызда өтетін қоғамдық іс-шаралардан қалыс қалмай жастарға әркез қолдауымызды көрсетіп жүретініміз бар. Жасыратыны жоқ, біздер, яғни Құлан ауылының ардагерлері жиі бас қосып, шүйіркелесіп, әңгімелесіп тұрамыз. Жақында күнделікті дағды бойынша, тіпті жұмысымызға айналған десек те болады, Құлан ауылындағы ардагерлер үйіне барсам, ауданымыздың қазыналы қарттары, ауданның Құрметті азаматы Санат Қырықбаев пен ауданда өтетін кез-келген ілкімді іс шараларда өзінің аталық батасын беріп отыртын ардақты ақсақалымыз Райзо Шәділбеков екеуі әңгімелесіп отырған үстіне түстім. Әңгіме ауанынан түйгенім, шілде айында  Құлан ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы, ауданның Құрметті азаматы Берік Әліпбаев мерейлі 70 жасқа толады екен. Осыны санама тоқып алдым да бірден қолыма қалам алдым.
Серік Саттарұлы Әліпбаевтың еткен еңбегі ұшан-теңіз. Оны халық жақсы біледі. Ол аудандық қаржы бөлімінде ұзақ жылдар бойы басшылық қызмет атқарып, зейнетке шықты. Еңбек ете жүріп, көптеген марапаттарға ие болды. Атап айсақ, аудан әкімінің, аудандық мәслихаттың, облыс әкімінің, облыстық мәслихаттың, облыстық қаржы басқармасының Құрмет грамоталарымен марапатталды. Оның кеудесіне «Қаржы саласының үздігі», «Ауданға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгілері, «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне – 10, 20 жыл» мерекелік медалдары тағылған. Жастайынан еңбекқор, көпшіл, алғыр болып өскен Берік Саттарұлы біреудің ақысын жеп, ешкімге қиянат ойламаған азамат. Керісінше, ардайым көксегені – біреуге жақсылық жасау.
Аяулы жары Райхан Әліпбевамен бірге 2 ұл, 1 қызды тәрбиелеп өсіріп, оқытып, олардан 12 немере сүйіп отырған Берік Саттарұлы қандай мақтау сөзге болса да лайық азамат. Берік Саттарұлы айналасындағы адамдарға да сыйлы. Ол зейнетке шықса да, қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, Құлан ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы болып белсенді қоғамдық қызмет атқаруда. Берік Саттарұлын мерейлі 70 жасымен құттықтаймыз. Деніне саулық, отбасына амандық тілейміз. Мен ғана емес, осы тілекке Құлан ауылының барлық ардагерлері қосылады. Әркез жастарға осылай ақылыңызды айтып, көпшіліктің ортасында сыйлы әрі бетке ұстар азамат болып жүре беріңіз. 

Мұрат НӘМЕТҚҰЛОВ,
ауданның Құрметті ардагері,
Құлан ауылдық округі ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары    

Обсудить
Блок в статье:
Арды ойлаған азамат 11 июль 2025, Пятница
Бағы жанған азамат 11 июль 2025, Пятница

Похожие материалы:

Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры