Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » ҚАРИЯЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ҚАРИЯЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

27 сентябрь 2023, Среда
84
0
Төскейі төрт түлік малға, етегі егінге толы Тұрар Рысқұлов ауданының 85 жылдығына орай «Аманат» партиясы аудандық филиалының төрағасы Қанатбек Дәкенұлы Арыстанбеков партияның «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында аудандық ардагерлер кеңесінде өңірдің өсіп - өркендеуіне, экономикасының нығайып, көркеюіне сүбелі үлес қосқан бір топ ардагерлермен кездесу өткізді. Ата салтымыз бойынша ұрпағына өсиет айтар қариялардың иықтарына қазақы шапан жауып, құрмет көрсетті.  
«Ардагерлер үйі» ғимаратының кең мәжіліс залында ұйымдастырылған «дөңгелек стол» отырысында көпті көрген көнекөз қариялар ауданның жүріп өткен тарихи жолына тоқталып, 85 жыл ішінде атқарылған игі істер жөнінде келелі әңгіме қозғады. Қасиетті Құлан өңірінің шежірелі тарихы жайлы сыр шертісіп, еліміздегі халыққа жақын, елдің мұң-мұқтажымен санасатын бірден-бір іргелі саяси ұйым – «Аманат» партиясының бағдарламаларына жан-жақты қолдау білдірді. 
Жиын соңы партияның аудандық филиалы ұйымдастырған ардагерлер арасында бильярдтан спорттық жарысқа ұласты. Тартысты болған бәсекеде жасы 80 - нен асқан қадірменді қария Райзо Шәділбеков бірінші орынды жеңіп алса, еңбек ардагерлері Бейсенбай Таңбаев пен Омар Нұрмашев екінші және үшінші орындарды бөлісті. Жарыс жеңімпаздарына партия филиалының арнайы Дипломдары мен бағалы заттай сыйлықтары табыс етілді. 
Кездесу соңында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қожайхан Бижанов пен Құлан ауылдық ардагерлер ұйымының жетекшісі Берік Әліпбаев келелі кездесу өткізіп, игілікті іс - шара ұйымдастырған «Аманат» партиясының аудандық филиалы мен оның төрағасына ризашылықтарын білдірді.


Тұрсынхан ЖАМАНБАЕВ,
ардагер журналист.
Т. Рысқұлов ауданы
Обсудить
Блок в статье:
"Ана тілің-арың бұл" 20 сентябрь 2024, Пятница
БАТАМЕНЕН ЕЛ КӨГЕРЕР 19 сентябрь 2024, Четверг

Похожие материалы:

Батагөй қария
10 ноябрь 2021, Среда
Батагөй қария
МЕРКІДЕ ТӨРАҒА АУЫСТЫ
28 июль 2022, Четверг
МЕРКІДЕ ТӨРАҒА АУЫСТЫ
Ардагерлермен ақылдасты
01 июль 2022, Пятница
Ардагерлермен ақылдасты
ҮЛКЕНДЕР ҚАМҚОРЛЫҚ АЯСЫНДА
08 июнь 2023, Четверг
ҮЛКЕНДЕР ҚАМҚОРЛЫҚ АЯСЫНДА
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры