Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » Қоғам » Зайнулиндер әулеті – алпыс жыл қоғамдық тәртіп күзетінде

Зайнулиндер әулеті – алпыс жыл қоғамдық тәртіп күзетінде

11 июль 2025, Пятница
354
3

Ішкі істер органдарында тұтастай екі немесе үш, одан да көп ұрпақ өкілдері еңбек ететін әулеттерде уақыт келе отанға деген сүйіспеншілік, патриотизм, қызметке, өзінің кәсібіне деген адалдық, жоғары жауапкершілік қасиеттері қалыптасады. Бұл – жай әншейін сөз жүзінде айтыла салатын мәселе емес, шын мәнінде, осындай ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан кәсібилік, өз қызметіне деген сүйіспеншілік, ортасына құрметті болу жайдан-жай келе салмайды. Мұндай қасиеттер атадан балаға, баладан немереге, шөбереге беріліп отырады. Атасы, әкесі таңдаған кәсіпке ұрпағы бала жастан бейімделеді, алдыңғы толқын ата-әкеден көргендерін бойына сіңіріп өседі. 
Зайнулиндер әулеті туралы осындай мадақ сөздерді айтуға әбден болады ғой деп ойлаймын. Оларда ұрпақтан ұрпаққа беріліп отыратын еңбек дәстүрі жалғастығы бірнеше ондаған жылдар бойы қалыптасқан. Мұндай жалғасын тапқан кәсіпке деген сүйіспеншілік, қоғамдық тәртіпті сақтау қызметіне берілгендіктің бастауында сөз жоқ Тахир Халилұлы Зайнулиннің тұрғандығын бүгін біз мақтанышпен айта аламыз. Бүгінгі заманның батыры деп атауға болатын Тахир Халилұлы  ішкі істер органдарында 25 жыл үздіксіз адал, абыроймен еңбек етті. Ол кісі екі ұл баласын және бір қызын аялап өсірді, азамат етіп тәрбиеледі. Атап айтарлығы, оның балалары мен немерелері аталарының жолын қуып, қоғамдық тәртіпті сақтау қызметінің қиын жолын таңдады. 
Тахир Халилұлы ішкі істер органдарындағы еңбек жолын 1973 жылы Жамбыл қалалық ішкі істер басқармасы  мемлекеттік автоинспекциясында инспектор болудан бастады. Одан кейінгі жылдарда осы салада талай лауазымды қызметтер атқарды. Сөйтіп, 1998 жылы Жамбыл облыстық ішкі істер басқармасында (ол кезде бұл мекеме солай аталатын) кезекші инспектор болып жүріп зейнет демалысына шығады. 
Қоғамдық тәртіпті сақтау қызметіндегі адал еңбегі үшін ол түрлі марапаттарға ие болды. 79 жастағы Тахир ақсақал өзінен кейінгі буын – жас полицейлерді тәрбиелеуде. 
Жоғарыда да айттым, оның балалары мен немересі әке салып берген сара жолмен жүріп келеді. Ардагердің үлкен ұлы отсавкадағы майор Наиль Тахирұлы ішкі істер органдарында 25 жыл абыроймен еңбек етті. Бастапқыда жол полициясы басқармасында қызмет етіп, одан кейінгі жылдарда облыстық ішкі істер департаменті құрылымдарында жемісті жұмыс атқарды. 
Тахир ақсақалдың екінші ұлы Ильнур Зайнулин да отставкадағы полковник. 1994 жылдан облыстық ішкі істер департаментінде учаскелік инспектор лауазымынан еңбек жолын бастап, облыстық департаменттің кадр саясаты басқармасы басшысының орынбасары қызметінен зейнет демалысына шықты.  
Бүгінде Жамбыл облысының ішкі істер органдарында Тахир Зайнулиннің немересі – полиция майоры Рамиль Зайнулин де қызмет етуде. Ол атасы мен әкесінің офицерлік жолын жалғастырып, Жедел қимылдайтын арнайы жасақта қызмет етуді таңдады. Оның әкесі Ильнур Зайнулин лейтенанттан полковник дәрежесіне дейінгі жолды жүріп өтіп, 29 жылын полиция қызметіне арнаған болатын. Бүгінде Тахир Зайнулиннің немересі Рамиль әулеттің абыройын асырып, даңқын шығаруда. 
Ол ішкі істер органдарында қызмет атқарған жылдарында жоғары кәсібилік, алға қойылған міндеттерді шешуде табандылық, өз қызметіне деген жоғары жауапкершілік танытып жүр.  
Ильнур жедел қимылдайтын арнайы жасақта қызмет ете жүріп қоғамдық тәртіпті сақтау бағытында бірқатар маңызды операцияларды сәтті атқарып шықты. Тек биылдың өзінде 35 рет төтенше шақыруға барып, ел тыныштығын, қоғамдық тәртіпті бұзған 57 азаматты полиция бөлімшілеріне тапсырды. 
Биылғы жылдың қаңтар айында Жуалы ауданында орын алған төтенше табиғи жағдай кезінде №10 блок постта арнаулы жедел қимылдайтын жасақ құрамында құтқару шараларына қатысты. "Батыс Еуропа – Батыс Қытай" автотрассасы бойында қарлы боран кезінде жолда қалған автокөліктер мен жолаушыларды аман-есен құтқаруға атсалысты. 
Полиция әулеттері – бұл өз ісіне адалдықтың, жауапкершіліктің және мамандығына деген терең құрметтің айғағы. Осындай әулеттердің арқасында құқық қорғау органдарының ең үздік дәстүрлері сақталып келеді.
– Тек Заңды қатаң сақтау ғана әділеттіліктің кепілі бола алады. Бір-бірімізге, кез келген істе әділ қарау, адамдарға деген адалдық – мен бұл қағидаларды ұлдарыма кішкентай кезінен үйреттім, немерелерімді де осы рухта тәрбиеледім. Біздің отбасымызда Заңға деген құрмет бала күннен бастап қалыптасқан. Бүгінде өмірлік тәжірибеме сүйене отырып, мен өз жолымды дұрыс таңдағанымды түсінемін, – дейді әулеттің ақсақалы, полиция органдарының ардагері Тахир Зайнулин. 
Ол Мемлекет Басшысының қолынан Алғыс хат алғанын бүгінде өзінен кейінгі тәртіп сақшыларына мақтанышпен айтуда.  
Біз бүгін бір ғана әулеттің ұландары туралы айттық. Біздің қатарымызда ұрпақтар сабақтастығын берік орнықтырып, қоғамдық тәртіптің сақталуына үлес қосып жүрген полицейлер әулеттері аз емес. 
Біз олармен мақтанамыз, ардақтаймыз, жастарға үлгі етеміз. 

Гүлсара МҰХТАРҚҰЛОВА, 
облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы. 
 
Обсудить
Блок в статье:
Арды ойлаған азамат 11 июль 2025, Пятница
Бағы жанған азамат 11 июль 2025, Пятница
Добавить комментарий
Комментарии (3)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Rosalyn
Rosalyn Гости Вчера, 19:01
Строительство загородных домов под ключ - это процесс создания дома с нуля, включая все этапы от проектирования до сдачи готового объекта заказчику. облицовка дома кирпичом цены спб
Tawanna
Tawanna Гости Сегодня, 01:05
игры на андроид с бесплатными покупками — это отличный способ повысить качество игры. Особенно если вы играете на мобильном устройстве с Android, модификации открывают перед вами огромный выбор. Я часто использую игры с обходом системы защиты, чтобы развиваться быстрее. Моды для игр дают невероятную свободу в игре, что делает процесс гораздо интереснее. Играя с плагинами, я могу создать новый игровой процесс, что добавляет виртуальные путешествия и делает игру более достойной внимания. Это действительно интересно, как такие модификации могут улучшить взаимодействие с игрой, а при этом не нарушая использовать такие взломанные версии можно без особых неприятных последствий, если быть внимательным и следить за обновлениями. Это делает каждый игровой процесс уникальным, а возможности практически неограниченные. Советую попробовать такие модифицированные версии для Android — это может открыть новые горизонты
Taj
Taj Гости Сегодня, 06:06
взломанные игры на андроид без root — это интересный способ повысить качество игры. Особенно если вы играете на Android, модификации открывают перед вами огромный выбор. Я лично использую взломанные игры, чтобы наслаждаться бесконечными возможностями. Модификации игр дают невероятную свободу выбора, что делает процесс гораздо красочнее. Играя с плагинами, я могу добавить дополнительные функции, что добавляет виртуальные путешествия и делает игру более достойной внимания. Это действительно интересно, как такие изменения могут улучшить игровой процесс, а при этом не нарушая использовать такие модифицированные приложения можно без особых проблем, если быть внимательным и следить за обновлениями. Это делает каждый игровой процесс персонализированным, а возможности практически неограниченные. Обязательно попробуйте попробовать такие игры с модами для Android — это может переведет ваш опыт на новый уровень
Сотрудники
Партнеры