Ардагерлер ұйымдарының қызметінде бос уақыт деген болмайды.
Біржан Әлімбет, Қордай аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы:
– Ардагерлер ұйымдарының қызметінде бос уақыт деген болмайды. Қоғамдық ұйым болсақ та мемлекеттік мекемелер қызметкерлері сияқты уақытпен санаспай жұмыс істейміз. Тұрақты жұмыс істейтін белсенділеріміз жалақы алмайды. Оларды патриоттар десе де болғандай.
Ауданда 16 мыңнан аса зейнеткер бар. Барлық ауылдық округтерде, елді мекендерде, ірі мекемелерде, кәсіпорындарда бастауыш ардагерлер ұйымдары құрылған. Осы жақында ғана ардагерлердің белсенді қатысуымен облыс прокуроры Н. Әбдіровтың тікелей бастамасымен "Тәртіпті өзіңнен баста" деген тақырыпта форум өтті. Ауданда той, жаназа, ас өткізу мәдениеті тәртіпке келе бастады. Бұл бағытта көптеген жұмыстар атқардық, тұрғындармен, асабалармен, ел ағаларымен кездесулер өткіздік. Нәтижесі жаман емес.
Ардагерлеріміз жасымыз келді деп қарап отырған жоқ. Олар мәдени-көпшілік, саяси- қоғамдық шараларға, көркемөнерпаздар үйірмелеріне, спорттық жарыстарға, батагөйлер байқауларына белсене қатысуда. Біздің ұйым жұмысының нәтижесін осыдан-ақ байқауға болады.

Обсудить
Блок в статье:
Серік Сәлемов Жамбыл облыстық бокс федерациясының президенті болып сайланды
28 март 2025, Пятница
Еске алу кеші
28 март 2025, Пятница
БИ ӘДІЛ БОЛМАЙ – ІС ІЛГЕРІ БАСПАЙДЫ
23 март 2025, Воскресенье
Похожие материалы:
Комментарии (2)