САЯБАҚТАРДЫ САҚТАЙЫҚ
Көңілге қуаныш төгіп жайдары жаз да келді. Қала іші де ығы-жығы тіршілікке ұласып жатыр. Саябақтар мен аллеялар, мәдени орындарда адам қарасы көп бүгінде. Тараз жасыл қала болғандықтан, бұлай болуы да заңдылық. Алайда кейде көңілді мазалайтын жайттар да баршылық екендігін жасыруға да болмас. Әсіресе, сол демалыс орындарында кейбір жастардың өзін-өзі ұстай алмауы, қоғамдық орындағы олардың мәдениеті біздей қариялардың көңіліне кірбің түсіреді.
Жастарды ел болашағы, ел ертеңі деп жатамыз. Алайда көбіне сол мәдени демалыс орындарында кейбір жастардың әдепсіздіктерін көріп, түңілгендей боламыз. Неге дейсіз ғой?! Жастар қоғамдық орындарда тәртіп сақтай бермейді, үлкен бар-ау, кіші бар-ау демей былапыт сөйлейді, ашық-шашық жүреді, қақырынып, түкіренеді. Тәртіп сақшылары болса мұндай-мұндайларды елемеуге тырысады.
«Баланы жастан» деген қастерлі сөз бар дана халқымызда. Бұл елдің келешегін ойлағандықтан, халықтың қамын жегендіктен туған кемел ой. Қай халықтың болсын даму, өсу, өркендеу жолында бала тәрбиесі ең бірінші кезекке қойылған. Осы тұста Шәкәрімнің «Сөзіңді түзе - әдетіңе айналады,әдетің - мінезіңе айналады. Мінезің - сенің тағдырың» деген қанатты сөзі ойға оралады. Шынында бүгінгі мүгедек қоғамның кейпіне енуіміз өз сөзімізге өзіміз мән бермеуден, өзгеге еліктеуден, өз рухани өзегіміздің жұтаңдығынан туындаған мәселе.
Әрине, жастардың бәрі дерлік әдепсіз, тәртіпсіз деуге де келмес. Спортпен шұғылданып, өз уақытын тиімді пайдаланып жүргендері де, саябақтарда демалып, кітап парақтап отыратындары да аз емес. Оларды көріп сүйсінесің. Міне, осындай жастардан үлгі алу керек. Оларды қолдап, көтермелеп отыруға тиістіміз. Жалпы жастарымыздың жаман қылықтан жиреніп, жақсы әдетке бой ұсынып өскенін қалаймыз біз.
Бейбіт БАЙСАРИЕВ,
еңбек ардагері
Тараз қаласы.
Обсудить
Блок в статье:
СТАЛИНГЕ ХАТ ЖАЗҒАН ҚАРИЯ
20 ноябрь 2024, Среда
КӘСІБІ – ТРАКТОРШЫ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Сейітхан ЖҰМАШЕВ, Жуалы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы: ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС ІСІМІЗГЕ СЕРПІН БЕРЕДІ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Похожие материалы:
Комментарии (0)