Әркімнің өткен өмірі өзіне ғажап
Біраз өмір белсінен өтіп, зейнет жасына жеттік. Енді артқа қарауға болады. Артымызда қандай із қалды. Өмір жолымыз тақтайдай тегіс болмауы да мүмкін. Себебі бізді шариғатта «пенде» деп атайды. Яғни пенде қателесуі мүмкін.
Кез – келген қариямен әңгімелессең, өзінің балалық шағының қызық болғанын, қазіргі өмірге көңілі толмайтынын айтады. Мысалы менің әкем мен анам бұрынғы кезеңді жақсы еді дейтін. Неге?
«Себебі ол кезде тәртіп бар еді. Адамдар бір – біріне көмектесетін. Асар жасап бір – біріне үй соғып беретін. Адамдар тең еді» деп өзінің тұжырымын осылайша дәйектейтін.
Мен ойлаймын, ол кездің несі жақсы деп. Қанша адам аштықтан, қуғын-сүргіннен, соғыстан қынадай қырылды. Әкемнің бір ағасы Қондыбай ашаршылық кезінде ауырып қайтыс болған. Тағы бір ағасы жаламен сотталып, айдаудан қайтпай қалған. Өзі теміржолда жұмыс істеп аман қалған. Әкесі бай ретінде қудаланып, барлық қиындықты көрген. Соғысқа барып, басынан аяғына дейін қатысқан. Соғыстан кейінгі қиыншылықтарды басынан өткерген. Бірақ, ол заманның да еске алатын жақсы оқиғалары болды ғой.
Біздің кезең соғыстан кейінгі 50-60 жылдардан басталады. Сол кезді біз де аңсаймыз.
Соғыстан кейінгі қиыншылықтар өз алдына, әлі де қол еңбегі көбірек еді. Атпен жер жырту, атпен тырмалау, арбамен шөп тасу, атты көлік ретінде пайдалану дегендей Халықтың әлеуметтік жағдайы әлі де төмен болатын. Кеңшар берген бидай бар, яғни нанымыз бар. Соған көңіліміз тоқ. Киімді ауысып киеміз. Үлкендер киген киімді кішілері киюі керек, бұл – міндет.
Мектептің техникалық базасы өте төмен. Бір тақтадан басқа ештеңе жоқ. Екі сынып қосылып оқимыз. 1 мен 3 және 2 мен 4 сыныптар қосылып білім аламыз. Үлгермеген оқушылар сыныпта қалатын. Мұғалімдер оқушыларды нашар тәртібі мен үлгерімі үшін жазалайтын. Жазғы каникул кезінде 6 сыныптан бастап қырманға жұмысқа шығатын.
Ауыл мектебі бастауыш яғни төрт сыныптық. Ары қарай Қосбөлтек ауылындағы интернатқа барасың. Интернаттың өз тәртібі бар. Үш мезгіл тамақ береді. Оның өзі капуста, кисель, перловка сияқты біз көрмеген тамақтар.
Орталау мектепті бітірген соң Қайрат ауылындағы интернатқа барасың. Онда бүкіл Жуалының жартысы жиналады. Үлгерімі төмендер орталау мектептен кейін жұмысқа араласа бастайтын. Оқуға барам дегендер ғана орта мектепке барады.
Биыл 2025 жылды Президентіміз Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады. Себебі, қазір өндіріс жұмысшы жастарға зәру.
Біздің кезде мектепте еңбек, сурет, музыка, спорт сабақтарына үлкен мән беретін. Ал, қазіргі мектептерде осы аталған пәндердің техникалық базасы өте төмен дәрежеде.
Біз теориялық және практикалық жұмыстарды көп атқардық. Арық тазалау, тал егу сияқты жұмыстар үзілмейтін. Мектепте ағаш және темір жонатын станоктар болатын. Соның жұмысымен танысып, ағаш және темір жонып үйренетінбіз.
9-10 сыныптарда трактор жүргізуді үйрететін сабақ болатын. Мектептің жанында шынжыр табанды бір трактор болатын. Соны бір айда бір рет айдап машықтанатынбыз. Мектеп бітіргенде қолымызға трактор жүргізушісі деген куәлік беретін. Оқуға түспей қалған жағдайда ұжымшарға барып трактор жүргізушісі болуға мүмкіндігің бар.
Жыл сайын оқушылардың көркем-өнерпаздар үйірмесінің байқауы болатын. Мектеп жылдың басынан бастап дайындалатын. Әртүрлі үйірмелер жұмыс істейтін. Хор, ұлт-аспаптар оркестрі міндетті болатын. Мектептің үйірме жұмысына қатысып, оқушылар болашаққа бағыт-бағдар алатын.
Спорттың әр түрінен мектеп, аудан, облыстық жарыстар болып тұратын. Жүгіруден, футбол, баскетболдан, шахмат-дойбыдан жарыстар үзілмейтін.
Мектепте қыздарға арналған еңбек бөлмесі болатын. Екі қатар партада тігін машинасы, бір қатарда тамақ істеуге арналған жабдықтар орналасатын. Қыздар орамал тағып, тігін тігіп, әртүрлі тәтті тағамдар пісіріп жататын.
Қазір ондай мүмкіндік жоқ. Мектептің техникалық базасы өте төмен. Қазір кейбір мектептен станок түгілі жақсы балта мен балға таппайсың. Қазір барлық күш ұлттық бірыңғай тестілеуге бағытталған. Бізге білім сапасы керек. Қалғаны екінші орында.
Сонда, жұмысшы маманы қайдан шығады. Оқушыларды жастайынан икемдемеген соң өскенде кеш болады. Оқушылар қазір ешқандай қол жұмысын атқармайды. Ауылда тұрса да қолына күрек ұстамаған балалар бар. Мектепте арық тазалап, ағаш екпеген оқушы өскенде не істейді?
Атам қазақ «баланы жастан» деп өсиет қалдырған. Ондағысы баланы жастан өмірге, еңбекке тәрбиелеу дегені. Бәрінен хабардар болсын, бәрін үйренсін дейтін. Жастайынан тайға мінгізіп, қамшы өргізуді үйрететін. Қазір бұрынғыдай балалар тайға мінбейді. Бірақ ауылдағы балаға көп нәрсе үйретуге болады. Жер күректеу, ағаш егу, шөп шабу, қой қырқу секілді жұмыстар көп. Бірақ ата-аналар баласына ештеңе үйретпейді.
Қазіргі балалар тек «тұтынушы». Яғни, ештеңе өндірмейміз. Дайын нәрсені тұтынамыз. Ешкімнің жұмысшы болғысы келмейді. Себебі оған қызықпайды.
Қазір ойлап қарасам біздің ата-аналарымыз қазіргі заманды өз кезеңімен салыстырып, сол кезеңді жақсы дейді екен.
Бізге де өз кезеңіміз жақсы. Қысылып-қымтырылып оқысақ та сол кезең жақсы, қызық.
«Өнерді түсінген адамның жүрегі жылы, мейрімі мол болады» деген бұрынғылар. Мен сөз етіп отырған еңбек, сурет, музыка, дене тәрбиесі пәндері түсіне білген кісіге тұнып тұрған тәрбие. Аталған пәндер екінші сатыға түсіп қалғанда жастар арасында қатігездік белең алады. Адамгершілік, имандылық қасиеттер жастар арасында төмен. Жауыздықтың, зорлық-зомбылықтың себебін басқа жақтан іздеудің керегі жоқ.
Әл-Фараби бабамыз «Бірінші тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» деп еді. Бұл сөзді білім саласының басшыларының бәрі айтады. Бірақ іске асып жатқаны шамалы.
Мектептерде эксперимент жүріп жатқан сияқты. Бір пәнді алып тастап, басқа пәнді енгіземіз. Бір пәннің сағатын көбейтіп, бір пәннің сағатын азайтамыз. Нақты қазақстандық жоспар-жоба жоқ шығар.
Қазақ тілінің қолданыс аясы кеміп бара жатқан сияқты. Алматы, Астана қаласында оқып жүрген немере - жиендер қазақ тілін білмейді, тіпті түсінбейді. Бізде қазақстандық патриотизм жоқ. Біз үшін баламыз орыс немесе ағылшын тілінде сөйлегені мақтаныш.
Ауылдық поштада бір орыс келіншек жұмыс істейді. Бір жұмыспен барып қалған қазақтардың бәрі тілін бұрап орысша сөйлейді. Қазақша айтсаң бәрін түсінеді. Бірақ қазақша сөйлемейді. Біз әлі құлдық психологиядан шыға алмай келеміз. Егер жұмыспен барған барлық қазақ қазақша сөйлесе ол да қазақша сөйлер еді. Бүкіл ауыл бір орысқа орысша сөйлейміз. Масқара!
Зейнет жасқа жеткен соң, өткен өміріңді саралайсың. Адамдық қасиетті қаншалықты сақтадым? Қай жерден кемшілік жібердім? Осындай сұрақтар мазалайды.
Бар өмірімде арақ ішіп, темекі шекпедім. Ондағы айтпағым – арақ ішкен адам қателік жібереді. Біреуді балағаттап, үйінің берекесін алуы мүмкін. Шалыс басып сотталуы да мүмкін.
Менің әкем Әмірқұлдың 4 сыныптық білімі бар еді. Өмір бойы ұжымшардың малын бағып, арбасын айдап, қарауылы болған. Бірақ бүкіл ауыл-аймақ сыйлап құрметтейтін. Өтірігі, ұрлығы жоқ адал адам.
Адалдықтың шыңына шығу үшін әкім, бастық, жазушы, ақын, сазгер болу міндет емес шығар. Адалдық, мейірімділік, бауырмалдық танытып үлгі бол. Ұрпағың үлгі тұтып, сағынышпен еске алатын болса одан артық қандай бақыт керек.
Адамдықтың шыңы туралы бұл жолы пәлсафалық жолмен емес, қарапайым ғана көрген-білгенімді айту арқылы түсіндіруге тырыстым.
Әйтсе де біздің өмір сүрген жастық шағымыз бәрібір ғажап еді.
Аташбек ӘМІРҚҰЛҰЛЫ,
Көкбастау ауыл округі
ардагерлер ұйымы төрағасы
Жуалы ауданы

Обсудить
Блок в статье:
Арды ойлаған азамат
11 июль 2025, Пятница
МАЙДАНГЕР ӘКЕНІҢ ҰЛАҒАТЫМЕН ӨСТІК
11 июль 2025, Пятница
Бағы жанған азамат
11 июль 2025, Пятница
Похожие материалы:
Комментарии (0)