Айтамыз!
«Бүгінде жастар ғана емес, қасиетті қара нанның қадірін осы үлкендердің өздері біледі ме екен?» деген сұрақ көкейіме келеді кейде. Себебі, күнделікті тұрмысымызда нанды көрінген жерге тастайтын әдет етек алып бара жатқандай. Бұл сөзіме келіспейтіндер қаладағы қоқыс тастайтын орындарға барса көз жеткізері анық. Онда шашылып жатқан нанның неше түрін көресің. Кейбір иманды жандар нан қалдығын көшедегі шарбаққа іліп кетеді.
Атам қазақ нанның қасиетін ұғына білген. Қазақта «қатықсыз қара су ішіп, қара нан жесек те, аман болайық» деген сөз бар. «Нанды жерге тастама», «нанның үстіне зат қойма», «нанды төңкерме», «нанды бір қолмен үзбе» деген сөздің барлығы – сол астың қасиетіне орай айтылған тыйымдар. Оның қасиеттілігін айтып жеткізу мүмкін емес.
Мәселен, адам ашыққан кезде қолы жетпейтін биікте тұрған нанды Құранның үстіне шығып алуға болады деген. Сондықтан нанды ешқашан баспаған. Сондай-ақ, үйге келген кез келген адам асығыс болса да наннан ауыз тиген. Оның себебі, адамдардың арасындағы ынтымақ-бірлік, бір-біріне деген жақсы қарым-қатынас, ауызбіршілік дастарқанның үстіне қойылған нан арқылы нығая түседі деп есептеген. Яғни, нан ауыз тиген үйіне қазақ жамандық тілемеген. Қазақтың «бір күн дәм татқанға қырық күн сәлем» дейтін сөзі осыдан қалған.
Оның ұсағының өзі киелі. «Нанның ұсағын жеген бала сауапқа қалады» деген сөзді бабаларымыз көп айтатын. Себебі, қиыншылық кездерде бір үзім нан көптеген жандардың жанына жалау болып, өмірден үмітін үзбеуге себеп болған. Тіпті, қазірдің өзінде әлемде бір үзім нанға зар болып отырған елдер аз ба? Айлығы шайлығына жетпей, қалт-құлт етіп бір үзім нан үшін базар жағалап жүргендер өзімізде де бар. Олардың күйін көйлегі көк адамдар сезіне алмас. Олар жанының қадірін білмесе де, нанның қадірін жақсы түсінеді.
Жалпы, әр нәрсенің қадірін білу үшін ол жайлы оқып, біліп санаға жеткізу қажет. Ал, бүгінгінің жастары кітап та оқымайды. Тек әлеуметтік желіге өздерінің неше түрлі суреттерін салумен және оған пікір жазумен шектелуде. Жастау кезімізде Б.Майлиннің «Күлпаш» әңгімесін оқығанда өзіміз сол аштықты сезініп отырғандай, кітапты оқи отырып, жылайтынбыз. Бір үзім нан үшін қасірет шеккен Күлпаштың күйін бастан өткергендей болатынбыз. Қазақ жазушыларында нанның қадірі және оны қастерлеу керектігі жөнінде шығармалар жеткілікті. Шерхан Мұртазаның «Интернаттың наны» шығармасы түсініп оқыған адамды терең ойға қалдырады. Мәселе, бүгінгі өрендердің осындай тағылымды шығармаларды оқымайтындығында. Бүгінгі ұрпақ ешқандай қиындық көрместен, әрбір дүниенің қандай қиындықпен келетінін ұғынбастан өсуде.
Күнде көзбен көріп жүргендіктен қоқыс толы нанды байқағаныңда ішің ашиды. Мұндай көрініс обал-сауаптың жоқтығынан, иманның әлсірегенінен шығар деп ойлаймын. Қоғамда иманды кісілер азайып бара жатқандай сезінемін өзімді. Бір үзім нанның киесі ұратынын ұғыну қажет. Алдымен, рухани тұрғыда жастарға тәрбие берілуі керек деп ойлаймын. Біздің айтпағымыз, көпқабатты үй тұрғындары нан тастайтын жер таппаса, арнайы орын белгілеп, жинап алу жағын ойластырған жөн болар еді. Сонымен қатар, түрлі іс-шараларды қолға алып, жас ұрпақтың бойына қасиетті астың қадірін сіңірсе дейміз. Ислам тағылымдарында түрлі апаттардың көбеюі осы нанды тастаудың, қорлаудың, ысырапшылдыққа бой алдырғанның кесірі деп айтады. Шүкір, бүгінде заман жақсарды. Десек те, «Бір тоқтықтың бір аштығы болады» деген халық даналығын естен шығармағанымыз абзал.
Борат Мыңбасынов,
еңбек ардагері.
Тараз қаласы.

Обсудить
Блок в статье:
Адамгершілігі бар адам –арлы адам
25 октябрь 2024, Пятница
ІСТІҢ АДАМЫ
25 октябрь 2024, Пятница
Әке аманаты
25 октябрь 2024, Пятница
Похожие материалы:
Комментарии (0)