Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11

Ұлттық салт

29 июль 2020, Среда
149
0
Орамал қасиетті дүние ғой. Ол қашаннан отбасылың, берекенің, мейірім мен тазалықтың белгісі болған. Бола да береді. Өкінішке қарай, бүгінде орамал деген ұғымның ауқымын тарылтып алғандаймыз.
Қазіргі заманда көп келіндер орамал тартуды үлкендердің алдындағы әйтеуір бір парыз санаса, кейбіреулері жай ғана тамаққа шаштары түспеуі үшін ғана тағады. Ондай келіндерді өзіміз де көріп жүрміз.
Орамал – бәрінен биік, киелі дүние. Бағзы замандарда жауласқан жандарды бітімге келтіріп, татуластыру мақсатында да екі ердің арасына әйел-ананың ақ жаулығы тасталынған. Кейбір замандастардың есінде болар, кезінде ер-азаматтар көрші ауылдан танып-білмейтін, бірақ өздері ұнатқан қыздарды алып қашып келгенде көнбей, тасыраңдап тұрған небір адуынды қыздардың алдына ауылдың ең үлкен кейуанасы келіп  ақ жаулығын тастағанда амалсыз тағдырына мойынсұнып, келін боп қалып қойғанын да көзіміз көрген. Кейін сол бойжеткендер әп-әдемі келін болып, ұрпақ өрбітіп, әулеттің шырағын жақты.
Міне, осының бәрі орамалдың қасиеті шығар бәлкім…
Ал, қазір қалай? Көшеде кіндігін ашып, шашын жалбыратын жүруге арланбай, орамал тағуды ұят санайтын жастар көбейді. Бұрындары келіндер ақ, қыздар қызыл орамал тартқан. Ақ орамал ақ ниеттің, адалдықтың белгісі болса, қызыл орамал пәктіктің белгісі саналған. Ақ жаулық, орамал – қазақ үшін киелі. Ақ жаулық – аналарымыздың ажары, кестелі орамал – қыз-келіншектеріміздің көркі. 
Бұрындары орамалды қыздарымызға дейін тартса, қазір қыз түгілі, келіндердің басынан да көрмейміз. "Сәнімді бұзады, шашымның «модасын» құртады", - деп жоламайтындар да болды. Олар өздері бұзылғанымен қойса бір сәрі ғой, орамал тартқан келіншекті көрсе, «Келін боп түскеніңе бір жыл болды ғой, әлі орамал тартасың ба?»-деп мысқылдай қарайтындарын қайтерсің. Бұл ұлттық сананың кемшіндігінен бе, қалай? Орамал – әдептің үлкені, оның үстіне, шашты жинақы ұстап, ас әзірлегенде оған қыл-қыбырдың түсуінен сақтайды. «Орамал – сақал үкімінен де жоғары» дейді Құран Кәрімде.
Орамалдың киесі мен қасиетін дұрыстап ұғындыра, саналарына сіңдіре алмай жүрген біздің тараптан кеткен қателіктің салдары бұл. «Қыздар тақсын» демейміз, «келін де үнемі тақсын» деп те талап қоя алмаймыз. Заман ағымы қазір басқаша екенін біз де түсінеміз. Ене мен қайын атасы, қайын ағалары және басқа да үлкендердің алдында ақ орамалын тағып сәлемін салып тұрса, қандай жарасымды!  Мұны  жас келіндерге, қыздарымызға жақсылап ұғындыруымыз керек.
Бірде құран оқылып жатқан жерге жалаңбас, иығы ашық киіммен келген қыздарды көріп жағамды ұстадым. «Осындай жағдайға қалай жеттік екен?!» деген ойға қалдым. Шаңырақта осындай қарапайым мәселе тұрғысында да өнегелік әңгіме айтылмайтын болғаны ма? Күніге тақпаса да, әлгіндей орындарға шашын жинап, орамал тағып келу шарт емес пе? Осындай олқылықтарды көріп қарның ашады.  Сән мен ән қуып жүріп абыройдан айырылып, ұлт болудан қалмасақ болғаны!
Гүлзира Сармантаева,
қазақ тілі және қазақ  әдебиеті пәнінің мұғалімі,
ардагер ұстаз.
Талас ауданы.

Обсудить
Блок в статье:
"Ана тілің-арың бұл" 20 сентябрь 2024, Пятница
БАТАМЕНЕН ЕЛ КӨГЕРЕР 19 сентябрь 2024, Четверг

Похожие материалы:

Ойталқы
29 апрель 2020, Среда
Ойталқы
Ауылымыз көркейіп келеді
13 март 2020, Пятница
Ауылымыз көркейіп келеді
Қазақ бол!
08 апрель 2020, Среда
Қазақ бол!
Тәрбие басы - талбесік
19 март 2020, Четверг
Тәрбие басы - талбесік
Ашық әңгіме
29 июль 2020, Среда
Ашық әңгіме
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры