Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11

Қазақ бол!

08 апрель 2020, Среда
179
0
-Мама, сен неге айранды күбімен піспейсің? Әжем күбіге ағаш салып, былай-былай піседі, – деп қояды немере қызым анасына қарата. «Бала тілі – бал» ғой. Көргенін, естігенін айтып жүреді. Дегенмен, сәбидің бұл айтқан әңгімесінің астарында үлкен мән жатыр. Расында, бүгінде нәзікжандылар жалқауланып барады.
Жаз мезгілі басталысымен әкемнің үйінен қолдың айранын арнайы ішетіндер мен сұрайтындар қатары көбейді. Ауылдағы кез-келген отбасындағы тіршілік осындай. Бұл мезгілде ағарған молайып, оны қаладағы туыстарына беріп жатады, кейде қаладағылар балаларын ағарған ішіп қайтсын деп ауылдағыларға жібереді.
Қазіргі уақытта аядай ауылдан күбі табу да қиын. Бүгінгі таңда пысықай келіндер айранды кір машинамен немесе соның моторымен жасалған құрылғымен піседі. Алайда, күбімен айран пісудің өз ерекшеліктері де бар.  Айранды ағаш күбімен пісіп, майын алғанға жетпейді. Әрі денсаулыққа да пайдалы. Оның өз әдісі бар. Сонда ғана дәмі айрықша болады.
Әуелі күбіні суға салады. Өйткені, суға салғанда ағаш ісініп, жарылған тұстары бітеледі. Одан кейін 5-6 сағат тұрып, ұйытылған қатықты күбіде пісе бастайды. Оның температурасы жылы да, мұздай да емес, бірқалыпты болуы керек. Сол кезде сұйылып, май түседі, айран бөлінеді. Сары майын тұздап жіберіп, күнделікті пайдаланады. Ертеректе әжелеріміз артық айранды жинап, шүберек дорбаға құяды да, астына табақ қойып қоятын. Дорбада қалған қоюынан құрт жасаса, табаққа тамшылаған сары су – асқазан ауруына бірден-бір ем.
Күбі, әдетте қатты ағаштан – жидеден жасалады. Піспегі де солай. Жұмсақ ағаштан жасалса, іші бірте-бірте үгітіле бастайды. Аталмыш ыдысқа күтім керек. Ол сан ғасыр өтсе де қазақ халқының сүт өнімдерін алуға негізделген құралы болып сақталып келеді. Күбі апта сайын жуылып, кептіріліп, сүр еттің майымен, қойдың құйрығымен майланып, тобылғы, жүзген, құлмұрын ағаштары, қоғажай шөбі түбінің түтінімен ысталып отырады. Күбіде пісілген қымыздың да дәмі өзгеше. Қымыз бен айранның бойындағы бар дәрумен тек ағаш күбіде ғана сақталады. Ауылда тұрса да құрт жасауды, күбі пісуді білмейтін қыз-келіншектер бар екені жасырын емес.
Сонымен қатар, осындай қасиетті ыдыстан пісіп шыққан айранның денсаулыққа пайдалы екенін жастар біле бермейді. Себебі, оның орнын газды сусындармен алмастырған. Мәселен, айран – шөлімізді қандырады әрі қуат береді, қазақтың ең танымал ұлттық сусындарының бірі. Ата-бабамыз кешкі астан соң, міндетті түрде бір кесе айранды ішетін болған. Бұл асты қорытуға көмегін тигізеді екен. Кішкентай нәрестелерге де ауру-сырқаудан сақ болсын деп айран берген. Кез-келген тағаммен бірге қонақ алдына да сол өнімді ұсынған. Бұл – қонақжайлылықтың белгісі. Осылайша қазақтың дастарханынан айран үзілмеген. Ал, бүгінде не, «дайын асқа тік қасық». Қазақтың ұлттық тағамдарын тұтынуды былай қойғанда аттарын да ұмыта бастадық. Қолдан жасалған сүт өнімдерінің зияндылығын білсек те, көбінесе соларды пайдаланымыз. Қолдың айранының, сүтінің қадірін білгенге не жетсін!  

Гүлбаршын ӘМІРБЕКҚЫЗЫ, 
еңбек ардагері
Тараз қаласы
Обсудить

Похожие материалы:

Ұлы даланың өнер саңлақтары
20 март 2020, Пятница
Ұлы даланың өнер саңлақтары
Тәрбие басы - талбесік
19 март 2020, Четверг
Тәрбие басы - талбесік
Таным
08 апрель 2020, Среда
Таным
Қазақ бол!
19 март 2020, Четверг
Қазақ бол!
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры