Таным
Сәуір қазақ есепшілерінің есебі бойынша, осы айдың 20-ларына кіреді. Сәуір туғанда алғаш рет күн күркірейді, бөлек-бөлек «жаз бұлты» көкте қалықтайды. Қариялар сәуір айы кіргенде жаз бұлттарын бақылайды. Бұлт төніп, ыдырамаса, сәуірдің бұлты қалып қойғаны. Онда сәуір айы ұзаққа созылып, 40 күнге жалғасады. Жаңбыр нөсерлеп жауып, соңы қарға ұласады. «Сәуір болмай, тәуір болмайды» деген мақал осыдан қалған болса керек. Тілімізде сәуір кезінде табиғи құбылыстардың шаруашылыққа пайдалы болатыны туралы басқа да мақал-мәтелдер қалыптасқан: «Сәуір – суымен, мамыр – гүлімен», «Сәуір айы – малшыға тәуір ай», «Сәуір айы – жауын айы», «Сәуір болмай, сайран болмас, Сайран болмай, айран болмас», «Сәуір болса күн күркірер, Күн күркіресе көк дүркірер», «Сәуірдегі жауын – жауып тұрған сауын», «Сәуір жақсылығына бақса алты күн, жақсылығына бақпаса алпыс күн» деген мақал-мәтел, қанатты сөздері бар.
Ақтоты ЖАҢАБАЙ,
«ҒҰМЫР-ДАРИЯ»
Ақтоты ЖАҢАБАЙ,
«ҒҰМЫР-ДАРИЯ»
Обсудить
Блок в статье:
СТАЛИНГЕ ХАТ ЖАЗҒАН ҚАРИЯ
20 ноябрь 2024, Среда
КӘСІБІ – ТРАКТОРШЫ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Сейітхан ЖҰМАШЕВ, Жуалы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы: ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС ІСІМІЗГЕ СЕРПІН БЕРЕДІ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Похожие материалы:
Комментарии (0)