Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » Қоғам » Дінің тұрсын дін аман

Дінің тұрсын дін аман

06 апрель 2022, Среда
165
1
Бұрынғы адамдарды әулие десе де болады. Олар сөзге тоқтайтын, сөз қадірін білетін, досқа адал, уәдеге берік, мейірімді, иманды, әділдікті ту еткен, шариғат жолымен жүретін, бармын деп тасымайтын, жоқпын деп жасымайтын, барға қанағат, жоққа сабыр еткен, табиғаты мен жаратылысы бөлек жандар болатын. Сөзім дәлелді болу үшін отбасымнан өткен бір жайтты оқырмандарға жеткізгенді жөн көрдім. Әжем марқұм 1980 жылдың күз мезгілінде бір ғасыр жастан асып, қайтыс болды. Ол кісі иманды, қанағатшыл, тәубешіл, қазақтың салт-дәстүрін жақсы білетін, көзі ашық, көкірегі ояу, бойында жарасымды тектілік пен кісілік бар, мақал-мәтелсіз сөйлемейтін жан еді. Әңгімешіл, рухани бай, көркем мінезі – өз алдына бөлек әңгіме. Әрдайым басынан өткен қиыншылықтарды жиі есіне алып отыратын. «Біз, балам, не көрмедік. Ашаршылық нәубетін, алапат соғысты да бастан кешірдік. Ішсек тамаққа, кисек киімге жарымай, жоқшылықтың зардабын тартып өстік» дейтін. Ұмытпасам, әжеміз сол 60 жастан кейін-ақ қиямет күніне дайындалып, ескі сандығын киім-кешекке толтыра бастаған екен. Не үшін деп сұрасаңыз: «Балам, біз бұл өмірде қонақпыз, ерте ме, кеш пе – Алланың құзырына баратынымыз анық. Өмірге қалай таза келсек, о дүниеге де таза кеткеніміз жөн. Сол кезде бұл дүниеде біліп істеген, білмей істеген күнәларымыз үшін жауап беретін күн туады. Бұл жиналған заттар ағайын-туысқа, жоқ-жұқана адамдарға садақа ретінде, мүмкін ұмыт қалған қарыздарымның да өтеуі болар»  деп жауапты қысқа қайыратын. "Жалпы, садақа беру – үлкен сауапты іс", - деп отыратын. Қалай әулие демейсіз. Ешқандай сауаты жоқ, әліпті таяқ деп білмейтін адамның Аллаға сенуі, Алладан қорқуы керемет имандылық, көрегендік емес пе?
Біздің өркениетке қол жеткізген мына заманда осындай иманды адамдар көп емес. Неге дейсіз ғой?  Өйткені, заман өзгерді, қоғам түрленді. Адамдардың санасын дүние мен мансап билеп барады. Қоғамда жүрегінде иманы жоқ, санасында қанағаты жоқ жаңа ұрпақ өсіп келеді, "Өсіп келеді" дейміз, олар бізбен бірге өмір сүруде. 
Қазақ халқы – дана халық. Ерте заманнан жетім-жесірін жылатпаған ел емеспіз бе? Сол имандылық қайда, қалай жоғалтып алдық? Мәселе осында. Енді діни тұрғыдан адамдардың рухани әлсіреуіндегі бірнеше себептерге тоқталайын. Шариғатты оқымау, яғни діни сауатсыз болу, Алладан қорықпау, зекет бермеудің қиямет күні жазасы ауыр болатынын білмеу, жүректе иманның болмауы, қанағаттың жоқтығы, сараңдық.
Бүгінгі таңда қай қалада, қай елді мекенде болмасын қалталы азаматтар жетіп артылады. Қазақта «мың қосшыға – бір басшы», «көп түкірсе – көл» деген. Құран аяттарында зекет беру – әр мұсылманның парызы екені айтылған. Зекет беру Алланың пенделерін байлардың есебінен кедейшіліктен құтқару үшін жасаған амалы (бұйрығы) десе де болады.
Бақуатты кісілер зекеттерін төлеп, жүректерін қайырымдылыққа бұрса, талай игілікке қол жеткізуге болады емес пе?!
Қабылан КӨРПЕБАЕВ,
еңбек ардагері,
Мойынқұм ауданының Құрметті азаматы.

Обсудить
Блок в статье:
БӨЛТІРІКТІҢ БЕДЕРЛІ БЕЛЕСІ 28 ноябрь 2024, Четверг
СТАЛИНГЕ ХАТ ЖАЗҒАН ҚАРИЯ 20 ноябрь 2024, Среда
КӘСІБІ – ТРАКТОРШЫ 18 ноябрь 2024, Понедельник

Похожие материалы:

Айтамыз!
14 октябрь 2020, Среда
Айтамыз!
Қазақ бол!
12 ноябрь 2020, Четверг
Қазақ бол!
Поэзия
10 ноябрь 2021, Среда
Поэзия
АДЫРНА
05 май 2021, Среда
АДЫРНА
Добавить комментарий
Комментарии (1)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Klaus
Klaus Гости 23 октября 2024 15:39
Replica Sneakers for women ju745 Replica Sneakers for women,Replica Sneakers for Men kv963
Сотрудники
Партнеры