Поэзия
Тарих куә далаңғайыр даңқына,
Ел бірлігін – ұран еткен халқына,
Хан Абылай: «Бір түс көрдім жоры», деп,
Қарт жырауды алдырыпты алдына.
Хан жүзінен байқалады толғаныс,
-Былай болды түсімдегі болған іс:
"Арыстанды қудым сойыл сілтедім,
Ол ғайып боп, тұра қашты жолбарыс.
Жеткен кезде сол жолбарыс ышқына,
Сан соқтырып, ол айналды қасқырға.
Қасқыр – түлкі, түлкі – бақа – шаян боп,
Ғайып болды ат тұяғы астында.»
– Өр мінезді жаратылған намыстан,
Жауларымен арыстанша алысқан,
Осы кез ғой ел бірлігін ту еткен,
Түске кірген жолбарыс пен арыстан.
Қулық – сұмдық, асқан айла амалы,
Туар келіп қасқыр, түлкі заманы.
Түске кірген бақа – шаян сияқты,
Ұсақтанып азғындайды-ау адамы!
Бұхар жырау түсті осылай жорыпты,
«Ұрпағымыз ұсақтар» деп қорытты.
Болашақты болжап тұрып алайда,
Өз ойынан өзі бірақ қорықты...
Тағылымдық тарихы сан ғасырлық,
Қанда тулап ағушы еді батырлық.
Рухы биік қасиеттен айрылып,
Парқы төмен момындыққа бас ұрдық.
(Не жетеді шырылдаған шындыққа,)
Мойынсұнып пейіл болдық құлдыққа.
Бас шұлғыған көмпістігің асқынып,
Жуастығың айналдырды ынжыққа.
Іргеңе кеп келімсектер жайланды,
Сана сонан ботана боп лайланды.
Бодандықтың көгеніне бас сұғып
Отарланып қой мінезге айналды.
Қалыңдады маңдайдағы қайғың да,
Қалды иесіз, ұлтжандылық, айбын да.
Адамзаттың азбанының кейпін ап,
Ынжықтығың айналдырды азғынға.
Асылына ұлтымыздың қас қылдық,
Дінін, ділін, салт – дәстүрін жатсындық.
Азғындардың тұқымынан тараған,
Арамызда пайда болды сатқындық.
Бабалардың бай мұрасы қалдырған,
Құстай болды топшысынан қайрылған.
Сатқындардың ұрпақтары айналды,
Мәңгүрттерге Ана тілден айрылған.
Ар, ұятты жөргегінде жерлеген,
Қоғамдағы жат қылықты дендеген,
Қайран жырау!
Қалай ғана дөп басып,
Ұрпағының келешегін меңзеген.
Ел боп енді бағы басым, сорынан,
Тәуелсіздік таңым атты оңынан.
Жойылуға аз-ақ қалып, оңалдық,
Хан түсіндей Бұхар бабам жорыған.
Қайран елім!
Қайсар мінез, текті едің.
Не қиямет, бастан зұлмат кешпедің?
Бақа – шаян болсаң-дағы ұсақтап,
Жер бетінен жоқ боп мүлде өшпедің.
Арман – үміт қайта жанды жылтырап,
Қайғы ыдырап, сәуле шашты нұр шуақ.
Мемлекеттік егемендік мәңгі боп,
Шеру тартсын енді бірлік, ынтымақ.
Дәулетжан Байдалиев.
Жуалы ауданының
Құрметті азаматы.
Ел бірлігін – ұран еткен халқына,
Хан Абылай: «Бір түс көрдім жоры», деп,
Қарт жырауды алдырыпты алдына.
Хан жүзінен байқалады толғаныс,
-Былай болды түсімдегі болған іс:
"Арыстанды қудым сойыл сілтедім,
Ол ғайып боп, тұра қашты жолбарыс.
Жеткен кезде сол жолбарыс ышқына,
Сан соқтырып, ол айналды қасқырға.
Қасқыр – түлкі, түлкі – бақа – шаян боп,
Ғайып болды ат тұяғы астында.»
– Өр мінезді жаратылған намыстан,
Жауларымен арыстанша алысқан,
Осы кез ғой ел бірлігін ту еткен,
Түске кірген жолбарыс пен арыстан.
Қулық – сұмдық, асқан айла амалы,
Туар келіп қасқыр, түлкі заманы.
Түске кірген бақа – шаян сияқты,
Ұсақтанып азғындайды-ау адамы!
Бұхар жырау түсті осылай жорыпты,
«Ұрпағымыз ұсақтар» деп қорытты.
Болашақты болжап тұрып алайда,
Өз ойынан өзі бірақ қорықты...
Тағылымдық тарихы сан ғасырлық,
Қанда тулап ағушы еді батырлық.
Рухы биік қасиеттен айрылып,
Парқы төмен момындыққа бас ұрдық.
(Не жетеді шырылдаған шындыққа,)
Мойынсұнып пейіл болдық құлдыққа.
Бас шұлғыған көмпістігің асқынып,
Жуастығың айналдырды ынжыққа.
Іргеңе кеп келімсектер жайланды,
Сана сонан ботана боп лайланды.
Бодандықтың көгеніне бас сұғып
Отарланып қой мінезге айналды.
Қалыңдады маңдайдағы қайғың да,
Қалды иесіз, ұлтжандылық, айбын да.
Адамзаттың азбанының кейпін ап,
Ынжықтығың айналдырды азғынға.
Асылына ұлтымыздың қас қылдық,
Дінін, ділін, салт – дәстүрін жатсындық.
Азғындардың тұқымынан тараған,
Арамызда пайда болды сатқындық.
Бабалардың бай мұрасы қалдырған,
Құстай болды топшысынан қайрылған.
Сатқындардың ұрпақтары айналды,
Мәңгүрттерге Ана тілден айрылған.
Ар, ұятты жөргегінде жерлеген,
Қоғамдағы жат қылықты дендеген,
Қайран жырау!
Қалай ғана дөп басып,
Ұрпағының келешегін меңзеген.
Ел боп енді бағы басым, сорынан,
Тәуелсіздік таңым атты оңынан.
Жойылуға аз-ақ қалып, оңалдық,
Хан түсіндей Бұхар бабам жорыған.
Қайран елім!
Қайсар мінез, текті едің.
Не қиямет, бастан зұлмат кешпедің?
Бақа – шаян болсаң-дағы ұсақтап,
Жер бетінен жоқ боп мүлде өшпедің.
Арман – үміт қайта жанды жылтырап,
Қайғы ыдырап, сәуле шашты нұр шуақ.
Мемлекеттік егемендік мәңгі боп,
Шеру тартсын енді бірлік, ынтымақ.
Дәулетжан Байдалиев.
Жуалы ауданының
Құрметті азаматы.
Обсудить
Блок в статье:
СТАЛИНГЕ ХАТ ЖАЗҒАН ҚАРИЯ
20 ноябрь 2024, Среда
КӘСІБІ – ТРАКТОРШЫ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Сейітхан ЖҰМАШЕВ, Жуалы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы: ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС ІСІМІЗГЕ СЕРПІН БЕРЕДІ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Похожие материалы:
Комментарии (0)