Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11

Тәмсіл

14 октябрь 2020, Среда
159
0
Үндістанда су тасығыш бір кісі екі шелек алып, иін ағашпен су таситын болса керек. Алайда екі шелектің біреуі тесік екен. Бүтін шелекке кұйылған суды қожайынның үйіне сол күйі шашау шығармай жеткізеді екен де, ал тесік шелекке толтырып құйылған су үйге жол бойы сыздықтап төгіліп, жартысы жететін. Бұл жағдай дәл осылай тұп-тура екі жыл бойы жалғасыпты.
Су тасушы күн сайын қожайынының үйіне толықтай екі шелек емес, бір жарым шелек қана су жеткізіп жүріпті. Сау шелек өзінің қалтқысыз қызметін мақтаныш көрген сайын, тесік шелек байғұстың іштей мұңайғаны сонша, жерге кіріп кете жаздап ұялып, өзін қатты ыңғайсыз сезінеді екен.
Екі жыл өтіп, бір күні әдеттегідей өзен жағасына тағы барғанда, шыдамаған тесік шелек су тасушыға кысыла-қымтырыла: «Сізден кешірім сұрасам деп едім, білсеңіз ылғи алдыңызда ұяттан өртене жаздаймын» депті назарын төмен салған күйі. Таңқалған су тасушы: «Неге?» деп сұрапты.
Шелек: «Өйткені менің бір бүйірім тесік болғандықтан ылғи да сіз толтырып құйған судың жартысы ғана жетеді, сондықтан өзіме жүктелген міндетті толық орындай алмай жүргеніме іштей катты қысылам. Менің кесірімнен сіз де өзіңізге тиесілі төлемақыңызды толықтай ала алмай келесіз» дегенде, су тасушы: «Оған бола қайғыратын түк те жоқ. Одан да қожайынның үйіне баратын жолдың су төгілген жағындағы гүлдердің жайқалып тұрғанын қарасаңызшы, депті жай ғана.
Тесік шелек байқаса, қожайынның үйіне жеткенше жолдың өзі жағы, шындығында, жапырағы жайқалған, иісі аңқыған небір гүлдерге толы екен.
Сонда су тасушы:
– Көрдің бе? Бұл – cендегі кемшілікті менің байқағандығым әрі оның өз жөнін тауып, орайластыруымның жемісі, — деп сөзін жалғастырыпты. – Жолдың сен жағына әдейілеп гүл тұқымдарын тастадым ал сен болсаң, күн сайын біз өзеннен су алып қайтқанда оларды тесік шелектің сорғалаған тамшыларыларымен ылғалдандырдың. Екі жылдан бері осы әдемі гүлдердің бумаларын қожайынға ұсынып, риза етіп келемін. Егер сен тесік болмағаныңда қожайынымыздың үйінің кіре берісінде мұндай әдемілік болмас еді- деп түсіндірген екен.
Пенде болған соң тесік шелек секілді әркімнің де өзіне тән кемшіліктерінің болары сөзсіз. Алайда кемшіліктен қуыстанып, жөнсіз жасқаншақтай беру де жөн емес. Қайта сол кемшіліктен  адам өзіне кажетті сабақ ала білсе, қорытынды шығаруға тырысса әр істен оң нәтиже болары даусыз. 

Жақсылық ДОСАЕВ, 
еңбек ардагері. 
Тараз қаласы

Обсудить
Блок в статье:
"Ана тілің-арың бұл" 20 сентябрь 2024, Пятница
БАТАМЕНЕН ЕЛ КӨГЕРЕР 19 сентябрь 2024, Четверг

Похожие материалы:

Дәстүрдің озығы бар...
14 октябрь 2020, Среда
Дәстүрдің озығы бар...
АҢЫЗ БЕН АҚИҚАТ
20 март 2020, Пятница
АҢЫЗ БЕН АҚИҚАТ
АҢЫЗ БЕН АҚИҚАТ
20 март 2020, Пятница
АҢЫЗ БЕН АҚИҚАТ
ДАҢҚ
06 май 2020, Среда
ДАҢҚ
Ұлы даланың өнер саңлақтары
20 март 2020, Пятница
Ұлы даланың өнер саңлақтары
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры