Әке аманаты
Мен сексен жеті жасқа толып, әні-міне тоқсанға аяқ басқалы тұрған қарт анамын. Көпті көріп, көненің көзі болған еңбек ардагерінің бірімін. Жас келген соң өткен күндерге ой жүгіртіп, көзбен көрген, болған оқиғаларды еріксіз еске алады екенсің. Өткен ғасырдың дүрбелеңге толы болғанын тарих шежіресінен жақсы білеміз. Қазан төңкерісі, Кеңес өкіметінің орнауы, ашаршылық, саяси қуғын-сүргін, Ұлы Отан соғысы қазақ халқына оңай болған жоқ. Әкем көзі ашық, көкірегі ояу, шежірелі кісінің бірі болған еді. Есейіп қалған шағымда әкемнен көп әңгімелер естідім.–Халқымыз көп қиындық көрді, қызым,-деп бастайтын еді әкем әңгімесін, –Бастан кешкенімді айтайын. Біле жүргенің де дұрыс болар. Әсіресе ашаршылық жылдары балапан басымен, тұрымтай тұсымен кеткен заман болды. Ашаршылық қасақана қолдан жасалды. Кеңес өкіметінің шолақ атқа мінер белсенділері төрт түлік малды тәркілеп, айдап кетті. Төрт түлік малдан айырылған халық аштыққа ұшырады. Арқадан Қаратауды бетке алып үдере көштік. Аш-жалаңаш халықтың елсіз, сусыз Бетпақдаладан аман-сау өтуі оңай болған жоқ. Қынадай қырылды. Көретін жарығы бар ел-жұрт осы Жайылма жеріне жетіп қоныстандық. «Өзен жағалағанның өзегі талмайды» демекші өзен, көлдерден балық аулап, қоян, қырғауыл құстарға тұзақ құрып күн көріс жасадық. Ұжымшар құрылып, оған мүше боп, еңбек ете бастадық. Қостөбедегі «Еңбек» ұжымшарына төраға боп сайландым. Қуғын-сүргін науқанынан мен де шет қалған жоқпын, қызым. Ауылдық кеңесте қызмет етіп жүрген Оразбай ағаң екеуміздің үстімізден «Халық жауының құйыршықтары» деген арыз түсіп, қудаландық. Екеуміз де қызметтен қуылдық. Жоғарыдан келген өкілдердің әділ тексерістерінің арқасында екеуміз де сотты болмай аман қалдық. Ақталған соң Оразбай ауылдық кеңестегі қызметін қайта жалғастырды.
Қуғын-сүргін басылып, ел-жұрт есін енді жинай бастағанда соғыс басталды. Ауылдағы барлық жалын атқан жастар әскер қатарына шақырылып, майданға аттанды. 27 жасқа толған Оразбай ағам да майдан шебінде қолына қару алды. Ұжымшардың барлық шаруасын қарттар мен әйелдер атқарғанының шет жағасын өзің де көрдің. Өзіңе қызым аманат айтқалы отырмын. Елі үшін ерлік жасап мерт болған Оразбайдың қай елде қаза болғанын білмейміз. Іздеу салып, анық-қанығын біліп жатсаң, басына барып зиярат етіңдер. Зиратының басына туған жерінің бір уыс топырағын ала барыңдар,–деді.
Мен әкемнің аманатын Ұлы Жеңістен кейін арада 70 жыл өткен соң орындадым. Туған жердің бір уыс топырағын ала барып, қабірінің басына қойып, рухына тағзым еттік.
Сол жерге барып, ағамның зиратын тауып, бір уыс топырағын елге жеткізуіме, осы жұмыстарды атқаруыма атсалысқан, тікелей көмектескен сол кездегі аудан әкімі Қанатбек Мәдібекке, өзге де көмек қолын созған азаматтарға алғысым шексіз.
Алтын Досжанова, еңбек ардагері, Сарысу ауданының Құрметті азаматы

Обсудить
Блок в статье:
Азаттық пен еңсесі биік елдіктің айшықты мерекесі
01 ноябрь 2024, Пятница
Адамгершілігі бар адам –арлы адам
25 октябрь 2024, Пятница
ІСТІҢ АДАМЫ
25 октябрь 2024, Пятница
Похожие материалы:
29 август 2024, Четверг
ҚАН МАЙДАНДА ОТАН ҮШІН ҚАЗА БОЛҒАН МАЙДАНГЕРДІҢ СҮЙЕГІ АЙШАБИБІГЕ ЖЕТКІЗІЛДІ
Комментарии (0)