ҚАН МАЙДАНДА ОТАН ҮШІН ҚАЗА БОЛҒАН МАЙДАНГЕРДІҢ СҮЙЕГІ АЙШАБИБІГЕ ЖЕТКІЗІЛДІ
«Атамның аманаты» қоғамдық бірлестігі осы уақытқа дейін Ұлы Отан соғысы жылдары жоғалып кеткен 1000-нан астам жауынгерді тапқан еді. Араға 79 жыл салып, Жамбыл ауданынан шыққан жауынгер Сауеей Толыбаевтың сүйегі туған жері Айшабибі ауылына жеткізілді.
Аманатты арқалап, осындай игілікті істі атқарған «Атамның аманаты» ҚБ мен «Генералдар кеңесі» республикалық қоғамдық бірлестігінің хатшысы Қанат Каналиев. Жауынгердің сүйегі Ресей елінің Волгоград облысы, Катлубань ауылының «Братская могила» аумағынан табылған.
Жауынгердің сүйегін жер қойнына тапсыру рәсіміне аудандық ардагерлер кеңесі, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі және аудандық ішкі саясат бөлімі мен ардагердің туыстары, немере-шөберелері қатысты. Атаның немересі Жайлаубай Сауеев өзінің алғысын айтып:
- Бұл – баланың баба алдындағы, тарих алдындағы міндеті. Әрине бұл сәтті әкем көре алмай кетті. Бірақ, барлығымыз қуаныштымыз, атамыздың сүйегі туған жеріне әкеліп, табысталғанына. Ерлік ешқашан ұмытылмайды деген осы болар. Баршаларыңызға әулетіміздің атынан басымды иіп, алғыс білдіремін, – деді.
-
Ұлы Отан соғысы ардагерінің елге жеткізілген сүйегі марқұм болған ұлы Қалдар Сауейұлының жанына жерленіп, құран бағышталды.

Обсудить
Блок в статье:
СТАЛИНГЕ ХАТ ЖАЗҒАН ҚАРИЯ
20 ноябрь 2024, Среда
КӘСІБІ – ТРАКТОРШЫ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Сейітхан ЖҰМАШЕВ, Жуалы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы: ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС ІСІМІЗГЕ СЕРПІН БЕРЕДІ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Похожие материалы:
Комментарии (11)