Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » ЕЛ ТҰТАСТЫҒЫ МЕН ТЫНЫШТЫҒЫНЫҢ КҮЗЕТІНДЕ

ЕЛ ТҰТАСТЫҒЫ МЕН ТЫНЫШТЫҒЫНЫҢ КҮЗЕТІНДЕ

10 май 2024, Пятница
40
0
Кеше Тараз қаласындағы «Баласағұн» орталық концерт залында 7 мамыр – Отан қорғаушы күніне байланысыты салтанатты жиналыс болып өтті.
Жиналғандарды Жамбыл облысының әкімі Ербол Шырақпайұлы Қарашөкеев Отан қорғаушылар күнімен және Қазақстан Қарулы Күштерінің құрылғанына 32 жыл толуымен шын жүректен құттықтады.
Аймақ басшысы 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай және көпжылғы жемісті еңбегі мен қызметтік міндеттерін үлгілі орындағандары үшін «Оңтүстік» өңірлік әскерлері қолбасшылығы №28903 әскери бөлімінің командирі полковник Сымбат Базарбекұлы Тұяқбаевқа, Жамбыл облысы полиция департаментінің оқу-жаттығу взводының командирі, полиция полковнигі Ғалым Рәтбекұлы Тайшаповқа, Меркі аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Сәбит Мұсабекұлы Мамытбековке, Жамбыл облысы қорғаныс істер жөніндегі департаментінің жұмылдыруды жоспарлау бөлімі бастығының орынбасары Жарас Сарабекұлы Жүзбаевқа, Жамбыл облысы бойынша экономикалық тергеу-тексеру департаментінің криминалистика бөлімінің басшысы, экономикалық тергеу-тексеру қызметінің полковнигі Мақсат Құралбекұлы Байдалиевке «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісін, Жамбыл облысының төтенше жағдайлар департаменті жедел-құтқару жасағының бас құтқарушысы Владислав Маратұлы Рүстемовке, Жамбыл аудандық пайдалану бөлімінің ғимараттарды және құрылымдарды пайдалану бөлімінің инженері Айнұр Пәрімбекқызы Айтетееваға, Жамбыл облысының төтенше жағдайлар департаменті мемлекеттік өрт-бақылау басқармасының өрт-сынық зертханасының бас маманы, азаматтық қорғаныс подполковнигі Руслан Бектұрсынұлы Қоржиевқа, «Оңтүстік» өңірлік әскерлері қолбасшылығы №23903 әскери бөлімінің ұтқыр тобы байланыс батальонының рота технигі, үшінші сынып сержанты Самат Әлімбекұлы Қармысовқа Жамбыл облысы әкімінің Құрмет грамотасын салтанатты жағдайда табыс етті. Сондай-ақ бірқатар әскері қызметшілерге, төтенше жағдайлар, қорғаныс істері қызметкерлеріне облыс әкімінің Алғыс хаты табыс етілді.
Отан қорғаушы күніне арналған салтанатты жиынға қатысушылар Кенен Әзірбаев атындағы облыстық филармониясы өнерпаздарының концертін тамашалады.
Обсудить
Блок в статье:
"Ана тілің-арың бұл" 20 сентябрь 2024, Пятница
БАТАМЕНЕН ЕЛ КӨГЕРЕР 19 сентябрь 2024, Четверг

Похожие материалы:

ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕДЕ ҰЛЫҚТАЛҒАНДАР
27 октябрь 2022, Четверг
ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕДЕ ҰЛЫҚТАЛҒАНДАР
ҚАЛАМГЕРЛЕР МАРАППАТТАЛДЫ
29 июнь 2023, Четверг
ҚАЛАМГЕРЛЕР МАРАППАТТАЛДЫ
Даңқ
20 март 2020, Пятница
Даңқ
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры