Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » Экономика » ҚАЛАМГЕРЛЕР МАРАППАТТАЛДЫ

ҚАЛАМГЕРЛЕР МАРАППАТТАЛДЫ

29 июнь 2023, Четверг
108
0
Кеше бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында Тараз қаласындағы "Taraz Hall" мейрамханасында Жамбыл облысының әкімі Нұржан Молдиярұлы Нұржігітов облыстың бетке ұстар журналистері мен сала ардагерлерін жинап, кәсіби мерекелерімен құттықтады. 
Облыс басшысы өзінің құттықтау сөзінде журналистер қауымының және белсенді әлеуметтік желі пайдаланушылардың жанкешті еңбегі туралы айтып, билік пен халық арасында алтын көпір болып жүрген қалам иелерінің шығармашылық жұмысына сәттілік тіледі. Облыста 81 бұқаралық ақпарат құралының тіркелгендігін, оның 41-і газет-журналдар, 3-еуі телеарна және қалғандары сайттар екендігін тілге тиек еткен аймақ басшысы мемлекеттік ақпараттық саясатты қаржыландыру көлемі жылдан-жылға көбейіп келе жатқандығын атап көрсетті. 
Нұржан Нұржігітов үлкен мереке үстінде бірқатар маңдайалды журналистерге Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрілігінің "Ақпарат саласының үздігі",  "Жамбыл облысына сіңірген еңбегі үшін" төсбелгілерін, облыс әкімінің Құрмет грамоталарын және Алғыс хаттарын салтанатты жағдайда табыс етті.
Мерекелік жиында құттықтау сөз сөйлеген облыстық мәслихаттың төрағасы Абдалы Нұралиаев қалам ұстаған қауымды кәсіби мерекесімен құттықтай келіп, облыстың бірқатар талантты журналистеріне Жамбыл облысының Құрмет грамотасын табыс етті. 
Журналистер мерекесіне арналған салтанатты жиында сөз алған  Қазақстан Журналистер одағы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы, облыстық "Ғұмыр-Дария" газетінің директоры-бас редакторы Жаңабай Миллионов қаламгер әріптестерінің қиындығы мен қызығы қатар жүретін еңбегіне кеңірек тоқталды. Олар жасампаз еңбектің жаршысы болуымен қатар, орын алып жатқан қандай бір қиындықтар, табиғи апаттар болған жағдайда оқиғаның орнынан табылып, жедел ақпараттар ұйымдастырып жүретін жанкешті еңбегіне тоқталды.
Өз кезегінде Жаңабай Миллионұлы Қазақстан Журналистер одағы басқармасының шешімімен Қазақстанның Құрметті журналисі атанған Серікбай Құралбайға арнайы төсбелгісін табыс етті. Сондай-ақ, Журналистер одағы облыстық филиалының шешімімен тағайындалған "Жамбыл облысының Үздік журналисі" атағы мен төбелгісін облыстық "Ақ жол" газеті бас радакторының орынбасары Эльмира Жарылқасыноваға, тележүргізуші Найымбек Бағбановқа, ардагер журналист Құрманбек Әлімжанға салтанатты жағдайда табыс етті. Облыстың төрт талантты журналисіне Қазақстан Журналистер одағының Құрмет грамотасы табыс етілді.
Облыс әкімінің қабылдауында Жамбыл облыстық филармониясының өнерпаздары ән шырқап, қаламгер қауымға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Кеше кешкілік облыстың бірқатар белгілі журналистерін, ардагер қаламгерлерін Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков қабылдап, өздерінің жылы лебіздерін білдірді, сый-сияпатын жасады. 
Ресми шарадан кейін "Бақ сарайы" дәмханасында қаламгерлер қауымына мерекелік дастархан ұйымдастырылды. 

"ҒҰМЫР-ДАРИЯ" – АҚПАРАТ


Обсудить
Блок в статье:
"Ана тілің-арың бұл" 20 сентябрь 2024, Пятница
БАТАМЕНЕН ЕЛ КӨГЕРЕР 19 сентябрь 2024, Четверг

Похожие материалы:

Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры