Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » Қоғам » ТАРАЗ – ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ҚОЛӨНЕРШІЛЕР ҚАЛАСЫ

ТАРАЗ – ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ҚОЛӨНЕРШІЛЕР ҚАЛАСЫ

13 октябрь 2022, Четверг
122
0
«Тараз – қолөнершілер қаласы» тақырыбында ұйымдастырылған ауқымды шараға алыс-жақын шетелдерден және еліміздің әр аумағынан қолөнершілер мен құрметті қонақтар қатысты.
Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков, Азия-Тынық мұхит аймағы қолөнершілері дүниежүзілік кеңесінің вице-президенті Азиз Муртазаев, Қазақстан қолөнершілер одағының президенті Айжан Бекқұлова, «Асыл Дизайн» сән үйі «Аспара» брендінің бас дизайнері Айдархан Қалиев, «Шебер шаңырақ» мүгедектер ҚБ   төрағасы      Анар Бексұлтанова және Ресей, Өзбекстан, Татарстан, Тәжікстан, Қырғыз Республикаларынан келген бірқатар қонақтармен кездесті. Тараптар Тараз қаласының Дүниежүзілік қолөнершілер қалаларының тізіміне енуіне қатысты орамды ойларын ортаға салып, пікір алмасты.
Облыс әкімі өз сөзінде 2000 жылдан астам тарихы бар Тараздың өткені өнегеге, тағылымға бай екенін, бүгінде құндылықтарды жаңғырту жолында ауқымды жұмыстар жоспарланып, қолға алынып жатқанын жеткізді. Аймақ басшысы Тараздың Дүниежүзілік қолөнершілер қаласы мәртебесіне лайық екенін айтып, оны оң бағалап, шешім шығарған сарапшыларға үлкен алғысын білдірді.
—Тарихымызды таныту арқылы туризмді дамыту мақсатында ауқымды шаралар жоспарлануда. Бұл бағытта жұмыс істейміз деген кәсіпкерлерге барлық қолдаулар көрсетіледі, – деді Нұржан Нұржігітов.
Өз кезегінде қонақтар да жылы шыраймен қарсы алған жамбылдықтарға ризашылығын жеткізіп, аймақтың мәдени, рухани бағыттағы жұмыстарын оң бағалады.
Облыстың қолөнершілік және туристік әлеуеті жоғары екенін атап өткен Азиз Муртазаев Дүниежүзілік қолөнершілер қалаларының тізімі 2014 жылдан бері құрылғанын, бүгінгі таңда бұл тізімге дүниежүзінің 59 қаласы енгендігінін атап өтті.
Сондай-ақ, ол Тараз қаласы аталған тізімге енген Қазақстан-дағы алғашқы қала екенін жеткізді.
Айта кетейік, бүгінгі таңда облыста 3435 тарихи-мәдени ескерткіш бар. Олардың 5-уі халықаралық, ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мәдени мұра тізбесіне алынған, 25-і – республикалық дәрежедегі, 698-і жергілікті мәндегі ескерткіштер.
Қолөнершілер қалаларының Дүниежүзілік тізімі 2014 жылдан бастап қалыптасып, Самарқан, Бұхара, Хиуа, Қоқан сияқты әлемнің елуден астам қаласы енгізілген. 
«Ғұмыр-Дария» – ақпарат.
Обсудить

Похожие материалы:

ДАҢҚ
30 май 2022, Понедельник
ДАҢҚ
Ұлы Жеңіске 77 жыл
05 май 2022, Четверг
Ұлы Жеңіске 77 жыл
Таразым қандай тамаша!
26 октябрь 2021, Вторник
Таразым қандай тамаша!
Мерейтой
08 декабрь 2021, Среда
Мерейтой
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры