Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » АРЛЫ АДАМ – АДАЛ АДАМ

АРЛЫ АДАМ – АДАЛ АДАМ

14 июль 2023, Пятница
187
0
Қазақ халқының тарихына терең  үңілетін  болсақ, сонау  ерте заманнан бері ата-бабаларымыз  ұлт  тағдыры сынға  түскен кездерде келелі кеңес құрып, ақылдасып, елдің болашағын  айқындаған. Халқымыздың бірлігі  мен тұтастығының ордасы болған киелі Түркістан  қаласында үстіміздегі жылдың  16-17 маусым күндері  өткен Ұлттық құрылтайдың «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» атты тақырыпта екінші отырысы өтіп, еліміздің болашағын айқындады. Бұл басқосу – еліміздің тарихындағы өте маңызды оқиғаның бірі деп есептеймін. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Шын мәнінде, біз айтып жүрген Әділетті Қазақстанды Адал азаматтар құрады. Бұл – бір-бірімен өте тығыз байланысты ұғымдар. Отанға, отбасына адалдық – парасаттылық пен адамгершіліктің белгісі. Адал еңбек етіп, адал табыс тапқан адам жетістікке жетеді, құрметке ие болады. Ұлы Абай «Адал еңбекпен мал іздемек – арлы адамның ісі» деген. Ал арлы адам әділетсіздік жасамайды. Әр салада адалдық басты орында тұрса, әділ қоғам орнайды. Жемқорлыққа жол берілмейді, ел мүддесіне сай шешім қабылданады. Бір сөзбен айтсақ, қоғамдағы ізгіліктің бәрі адалдықтан бастау алады. Ендеше, Әділетті Қазақстан және Адал азамат ұғымдары ел тірегі болатын егіз құндылық ретінде әрдайым қатар тұруға тиіс. Әділетті Қазақстанды құру үшін әрбір отандасымыз адал азамат болуға ұмтылуы қажет. Сонымен бірге жас ұрпақты адал азамат етіп тәрбиелеуіміз керек» деп  келешек ұрпақ  тәрбиесіне ерекше мән берді.Сондықтан жастарымызды отаншылдыққа, елін, жерін қадірлеп сүйетін азамат болып қалыптасуы жолында отбасы, оқу орындары мен жұмыс орындары мен қоғамдық ортада үздіксіз тәрбие беріп, ұлтымыздың салт дәстүрлерін бойына сіңіру бағытында нақты жұмыстар жүргізу басты міндетіміз болып қала береді. Менің айтайын дегенім: Президентіміз «Әділетті  Қазақстанды құру  министрліктер  мен әкімдіктердің ғана жұмысы емес  оған  бүкіл қоғам болып жұмылуымыз     керек»  дегенін толық қолдауымыз керек. Мемлекетіміздің басшысы айтқандай халықаралық ахуалдың  беталысы көңіл көншітпейді. Сондықтан халқымыз бұрын-соңды болмаған бірлікте, біртұтастықта  болуы керек. Барша қазақстандықтардан зор жауапкершілік талап етілетінін әрқайсымыз сезінуіміз қажет деп ойлаймын. Ұлттық құрылтайда айтылғандай адал азамат – ел тірегі  болатынын ескерсек, әсіресе жастарымызды отансүйгіш, адал азамат болуға тәрбиелеуге ардагерлер қауымы өз үлестерін қосулары тиіс.
Алқалы жиында мемлекеттік орден-медальдарға көрнекті, ұлы тұлғаларымыздың  есімдерін беру туралы  айтылған мәселе де ел құптарлық іс. Өйткені жастарымыз  еліміздің  дамуына, тарихы мен әдебиетінің, өнері мен мәдениетінің өркендеуіне  өлшеусіз үлес қосқан  тұлғаларды танып - біліп өскені дұрыс. Мұндай қадамдар әр азаматтың бойында  отаншылдық рухты асқақтатары сөзсіз. Осы орайда Қасым - Жомарт Тоқаев өз сөзінде жастарымыздың болашағына нық сеніммен қарайтынын, қазіргі жастарымыздың ғылым-білім, музыка, кино, спорт тағы басқа салаларда әлемге танымал бола бастағанын, олардың тарих тағлымын, елдің жарқын болашаққа ұмтылысын бір арнаға тоғыстырып жатқандығына зор сеніммен қарайтынын атап көрсетті. Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы еліміздің  жаңа құндылықтарын орнықтыру  үшін атқарылатын  жұмыстардың нақты сегіз бағытын айқындап берді. Ендігі міндет- осы айқындалған бағыттарды жүзеге асыруға атсалысу әрқайсымыздың парызымыз екенін ұмытпайық ардақты ағайын!


Серік  ӨТЕГЕНОВ
Тұрар Рысқұлов ауданы билер кеңесінің төрағасы
Обсудить
Блок в статье:
"Ана тілің-арың бұл" 20 сентябрь 2024, Пятница
БАТАМЕНЕН ЕЛ КӨГЕРЕР 19 сентябрь 2024, Четверг

Похожие материалы:

Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры