Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » Қоғам » ЖЕТПІС ПАЙЫЗҒА ЖЕТІППІЗ

ЖЕТПІС ПАЙЫЗҒА ЖЕТІППІЗ

06 апрель 2023, Четверг
191
1
Еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму-ында және қоғамның саяси тұрақтылығында халықтың санының алатын рөлі зор. 
Үстіміздегі жылғы ақпан айындағы Қазақ-стан Республикасы Ұлттық статистика бюросының ақпараты бойынша Қазақстан халқының жалпы саны 19 миллион 810 мыңға жетіпті. Халықтың жалпы санындағы қазақ ұлтының үлес салмағы 70,6 пайызды құрап отыр. 
Тәуелсіздіктің таңын қырық пайыздың төңірегінде қарсы алған, жалпы халықтың жартысына да жете алмай, ұлттық руханиятта, тіл мәселесінде көп теперіш көрген еліміз енді-енді өз даңғылына шыға бастағандай. 
Енді аймақтардағы жағдайдың қандай екендігіне тоқталып көрейік. Жалпы халықтың саны бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр. Мұнда бүгінгі таңда 2 миллион 418 мың адам есепке алынса, оның 75,4 пайызы қазақ екен. Алматы облысында 1 миллион 500 мың 700 халық тұрады. Оның 72 пайызы қазақтар. Ал Жамбыл облысында 1 миллион 220 мың 500 кісі тұрады, қазақтардың үлес салмағы 73 пайыз. Қарағанды облысында халықтың саны 1 миллион 130 мың 300-ді құраса, оның 53 пайызы жергілікті ұлт өкілдері. 
Қазақтың үлес салмағы жағынан Ақтөбе, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының көрсеткеіштері өте жоғары. Мәселен, 730 800 адам тұратын Ақтөбе облысында қазақтардың үлес салмағы 85 пайыз, 835 200 адам тұратын Қызылорда облысында 96,8 пайыз, 805 500 адам тұратын Маңғыстау облысында 94 пайыз, 705 200 халқы бар Атырау облысында 94 пайыз, 675 300 халқы бар Батыс Қазақстан облысында 81 пайыз қазақтар тұрып, өмір сүріп жатыр екен. Бұл сөз жоқ, ұлтымызды одан әрі ұйыстыруға қажет көрсеткіштер. 
Халқының саны 660 100 жеткен Жетісу облысында қазақтардың үлес салмағы 72 пайыз, халқының саны 630 200 болатын Абай облысында – 73 пайыз, халқының саны ең аз 223 900 болатын Ұлытау облысында – 75 пайызға жеткен. Ал 705 100 халқы бар Шығыс Қазақстан облысында  қандастарымыздың үлесі 60,2 пайызды көрсетіп отыр. 
Ал енді мегаполистер болып саналатын Алматы қаласында бүгінде 2 миллион 200 мың 700 адам тұрып жатыр. Олардағы жергілікті ұлттың үлесі 68 пайызды құрайды, ал халқының саны 1 миллион 360 мыңға жеткен Астанада қазақтар 82 пайыз, халқы 1 миллион 200 мыңды құрап отырған Шымкент қаласында 73 пайыз болған. 
Әрине, бұрынғысынша солтүстік облыс-тарда әлі күнге дейін мемлекет құраушы халықтың саны көңілдегідей болмай тұр. 755 мың халқы бар Павлодар облысы мен 730 200 халқы бар Ақмола облысында жергілікті тұрғындардың саны жартысынан асып, 56 пайызды құрапты. Бұған да шүкіршілік айтамыз. Ал енді сепаратистері үй ішінен үй тіккісі келіп жатқан Солтүстік Қазақстан облысында 535 100 халықтың 39 пайызы ғана қазақ ұлтының өкілдері екен. Ал ең астықты өңіріміз саналатын Қостанай облысында 855 300 халықтың 45 пайызы ғана қазақтар. 
Көп көрсеткішке көңіліміздің көншімей-тіні де анық. Десек те, өсіп келе жатқанымыз қуантады. Халқымыздың саны өспей өркендей алмаймыз. Жарты жыл, бір жылдың көлемінде арман болған 20 миллиондық межеге де шығып қалармыз. Тырбанып жетпіс пайыіыздық межені де алдық қой, аман болсақ сексен пайыздық көрсеткіштің де көмбесі көрініп қалар. 
Осындай жақсы бір үмітпен қысқа ғана ақпаратымызды аяқтауды жөн көрейік.

"ҒҰМЫР-ДАРИЯ" – АҚПАРАТ.
Обсудить

Похожие материалы:

Добавить комментарий
Комментарии (1)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Frederick
Frederick Гости 23 октября 2024 04:24
replica shoes hq639 Reps Shoes,Reps Shoes cg925
Сотрудники
Партнеры