ОБЛЫСТЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНДЕ
Әдеттегідей өткен аптаның жұмасында салауатты өмір салтын серік еткен бір топ ардагерлер Қайрат Рысқұлбеков саябағында таңертеңнен скандинав таяқшасымен серуенге шықты. Саябақта біраз серуен құрып, сергіп алған ата-апалар "Ардагерлер орталығы" ғимаратының мәжіліс залына жиналды.
Осында Жамбыл облыстық және Тараз қалалық ардагерлер кеңестерінің мүшелерінің, тұрақты комиссиялар белсенділерінің қатысуымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды. Басқосуды кіріспе сөз сөйлеп ашқан облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Бейсенбекұлы Солтыбаев баяндама жасау ұшін сөзді Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Күләш Әмедияқызы Әбдікешоваға берді.
— Бес бағдардан және тағы бір тың саяси реформаларды қамтитын бөлімнен тұратын "Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам" деп аталатын кезекті Жолдауында Президентіміз ел экономикасындағы қордаланған мәселелерді атап көрсете келіп, оларды шешудің нақты жолдарын ұсынды, – деп аттап көрсетті Күләш Әмедияқызы. — Жолдауда айтылғандай елдің экономикалық саясатының негізгі мақсаты еш өзгермейді, оның мәні – сапалық және инклюзивтік тұрғыдан халықтың әл-ауқатын арттыру болып табылады.
Жаңа экономикалық саясаттың басты басымдылықтары:
—Жеке кәсіпкерлік бастамаларды ынталандыру;
— Бәсекелестікті дамыту;
— Сондай-ақ, ұлттық табысты әділ бөлу.
Жолдауда атап көрсетілгендей екінші бағдар бойынша нақты секторды дамытуға аса көңіл бөлінеді.
Үшінші бағдар бойынша ел болашағына арналған стратегиялық инвестицияға басымдық берілмек.
Төртінші бағдарда мемлекеттік басқару ісін қайта жаңғырту мәселесіне назар аударылды.
Бесінші бағдар бойынша заң және тәртіп мәселесіне айрықша салмақ берілді.
Президент қоғамда заң үстемдігі берік орнығып, сот төрелігі әділ атқарылуы қажеттігіне тоқталды.
Баяндамашы ел халқының ойынан шыққан тың жаңалықтарға жеке-жеке тоқталды. Қаңтар оқиғасына қатысушыларға бір реттік рақымшылық жариялау туралы Президент бастамасын халық қолдап отыр. Сондай-ақ соңғы отыз жылдан бері айтыла-айтыла жауыр болған түйткілді мәселенің түйіні осы Жолдауда шешімін тапты. 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап ұлттық қордың инвестициялық табысының 50 пайызы 18 жасқа дейінгі балалардың жеке есепшоттарына аударылатын болады. Бұны қазақстандықтар үлкен жеңіс ретінде қабылдап отыр. Келесі жылы жүз мың жас жұмыспен қамтылып, оларға жеңілдетілген тәртіппен жылдық өсімі 2,5 пайыздан аспайтын шағын несие беру жоспарлануда. 2025 жылға дейін 800 мың бала заманауи жасақталған мектепте білім алатын болады. Ұлттық жоба аясында 32 аудандық аурухана заманға сай жаңарады, ауданаралық көпбейінді мекемеге айналады. 4 миллионнан астам азамат үшін медициналық қызметтің сапасы жақсармақ.
Күләш Әбдікешова өзінің баяндамасында Жолдауда атап көрсетілген саяси жаңалықтарға да тоқталды. Кезектен тыс биыл күзде өтетін Президент сайлауы, келесі жылдың алғашқы жартыжылдығында болуға тиіс Парламент Мәжілісі мен жергілікті Мәслихаттардың сайлауы – ел күтпеген жаңалық болды.
—Жолдауда көптеген бастамалар көтеріліп, алдымызға нақты міндеттер қойылды. Жолдауды насихаттауға, қалың жұртшылыққа кеңінен түсіндіруге байланысты қоғамдық жұмысты өрістетуіміз керек, – деп сөзін түйіндеді қалалық кеңестің төрағасы.
Баяндаманы талқылауға бірінші болып облыстық билер кеңесінің төрағасы Оңласын Қарабайұлы Есіркепов жарыс сөзге шықты. Ол биылғы Жолдаудың мәні мен маңызына тоқтала келіп, жылдың бас құжатын халық арасында кеңінен насихаттауда билер кеңестерінің алдында тұрған міндеттерге тоқталды.
Жиналыста сөйлеген облыстық арда-герлер кеңесі төралқасының мүшесі, облыс-тық "Ғұмыр-Дария" газетінің директоры-бас редакторы Жаңабай Миллионов елімізді жаңа саяси және экономикалық өзгерістер күтіп тұрғандығын, ірі саяси науқандардың ұйымдастырылатындығын еске сала отырып, ардагерлерді белсенділік танытуға шақырды.
Жиналыстың жұмысын облыстық ардагероер кеңесінің төрағасы Е.Солтыбаев қорытындылады.
"ҒҰМЫР-ДАРИЯ" – АҚПАРАТ.
Обсудить
Блок в статье:
БӨЛТІРІКТІҢ БЕДЕРЛІ БЕЛЕСІ
28 ноябрь 2024, Четверг
СТАЛИНГЕ ХАТ ЖАЗҒАН ҚАРИЯ
20 ноябрь 2024, Среда
КӘСІБІ – ТРАКТОРШЫ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Похожие материалы:
Комментарии (0)