Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » Қоғам » Ата Заңымыз – әділдік кепілі

Ата Заңымыз – әділдік кепілі

28 август 2025, Четверг
76
0

Қазақстан Республикасының Конституциясы әділет және сот төрелігінің кепілі болып табылады. 1995 жылғы 30 тамызда  республи-калық референдумда қабылданған елдің негізгі заңы мемлекеттіліктің, құқықтық тәртіп пен демократияның мықты негізіне айналды.  Еліміз дәл осы күні  Қазақстан Республикасының негізгі мемлекеттік мерекелерінің бірі – Конституция күнін атап өтіп келеді. 
Конституция саяси және экономикалық жүйенің негізін қалыптастырады, азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен міндеттерін айқындайды, сондай-ақ биліктің барлық тармақтарының өзара іс-қимыл қағидаттарын белгілейді.
Бұл орайда сот жүйесі айрықша маңызға ие екендігі, оған заңдылықты қамтамасыз етуде басты рөл жүктелетіндігі Ата Заңмен бекітілген. Конституцияның 75-бабына сәйкес Қазақстан Республикасындағы сот билігі азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауға және заңдарды қатаң қарауды қамтамасыз етуге қызмет етеді. Судьялардың тәуелсіздігі және олардың тек Конституция мен заңдар алдындағы міндеттілігі Ата Заңмен айқындалған. Сот төрелігінің конституциялық нормалары – заң мен сот алдындағы теңдік, кінәсіздік презумпциясы, білікті заң көмегіне құқық, заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, сот процесінің ашықтығы және жариялылығы, сот актілеріне белгіленген тәртіппен шағымдану құқығы. Конституция мен сот жүйесінің қарым-қатынасы әрбір сот актісі, әрбір шешім немесе үкімнің сот төрелігі мен заңдылықтардың конституциялық қағидаларына негізделгендігінде көрінеді.
Сот жүйесінде негізгі заңның нормалары қолданылады, сонымен бірге оның өкілеттіктерін де қорғайды, сонымен қатар, адам құқықтарының бұзылуын тоқтатады, яғни азаматтардың мемлекетке сенімін арттырады. Елдің құқықтық жүйесін жаңғырту және дамыту аясында Конституцияның тәуелсіз және тиімді әділеттіліктің кепілі ретіндегі рөлі артып келеді. Оның ережелерін басшылыққа ала отырып, жеке тұлғаны қорғаудың маңызды тетігі – қоғамдық келісімді нығайту және құқық пен тәртіпті сақтау.
Сот жүйесі – бұл тәуелсіз конституциялық нормаларды бейнелейтін күш, әр адамның нақты құқықтық қорғалуына кепілдік береді. Конституция – біздің заңды қалқанымыз және тәуелсіз сот – оның сенімді қылышы, әділеттілікті қорғаушы күші болып табылады.  

Гүлвира БЕГІМБЕТОВА, 
Тараз қалалық сотының судьясы

Обсудить
Блок в статье:
Жасампаздық жаршылары 01 июль 2026, Среда
СЕЙТҚАЗЫ ҚАЖЫ – ЖЕҢІМПА3! 30 июнь 2026, Вторник
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры