Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » Қоғам » Жақсы көзқарас қалыптасып келеді

Жақсы көзқарас қалыптасып келеді

28 август 2025, Четверг
56
0

Қазақстан Республикасының Конституциясы – ел тәуелсіздігінің тірегі, мемлекет пен қоғам арасындағы алтын көпір. Биыл Ата заңымызға 30 жыл толып отыр.
Бұл – еліміздің демократиялық даму жолындағы елеулі белесі. Үш онжылдықта Қазақстан Конституциясы бірнеше мәрте өзгеріп, заман талабына сай жаңарып отырды. Алайда оның басты қағидаттары – адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, әділеттілік, заң үстемдігі – өзгеріссіз сақталып келеді.
Конституция – бұл мемлекеттің негізгі заңы, ол жоғары заңды күшке ие және мемлекеттің саяси, құқықтық және экономикалық жүйелерінің негіздерін айқындайды.
Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Конституциясы 1993 жылы Жоғарғы Кеңестің тоғызыншы сессиясында бекітілді. Бұл құжат Қазақстанды парламенттік басқару нысаны бар республика деп жариялады, онда Жоғарғы Кеңес елдің жалғыз заң шығарушы және жоғары өкілді органы болып есептеледі. 
1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясымен жаңа конституциялық қадағалау органы – Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі құрылды, осыған байланысты Қазақстан Республикасының Конституциялық соты өз қызметін тоқтатты.
Қазақстанның Ата заңы әлемдегі ең жас Конституциялардың бірі саналады.
Қазақстан Конституциясына 28 жылда алты рет өзгеріс енгізілген, яғни 1998, 2007, 2011, 2017, 2019 және 2022 жылдары.
Ең ауқымды өзгерістер 2022 жылы жалпыхалықтық референдум негізінде қабылданды. Қазіргі Ата заңымыз 9 тараудан тұрады.
2022 жылғы реформалардан кейін Конституциядағы мынадай маңызды өзгерістер орын алды:
– Президенттің саяси партияға мүше болуына тыйым салынды;
– Сенат пен Мәжілістің құрылымы мен өкілеттігі қайта қаралды;
– Конституциялық кеңестің орнына – Конституциялық сот құрылды;
– Азаматтардың тікелей Конституциялық сотқа жүгіну мүмкіндігі енгізілді;
– Жер және табиғи ресурстар халыққа тиесілігі деп заңмен бекітілді;
– Тұңғыш Президент туралы Конституциялық нормалар алынып тасталды.
Реформалар заңнамалық өзгеріс ғана емес, саяси жүйені жаңғыртудың көрінісі. Мемлекет халықтың сеніміне арқа сүйейтін жүйеге бет бұрды. Осы арқылы «Жаңа Қазақстан» ұғымы нақты саяси мазмұнға ие болды.
Конституцияның өзі мына сөздермен басталады:
«Бiз, ортақ тарихи тағдыр бiрiктiрген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерiнде мемлекеттiлiк құра отырып, өзiмiздi еркiндiк, теңдiк және татулық мұраттарына берiлген бейбiтшiл азаматтық қоғам деп ұғына отырып, дүниежүзiлiк қоғамдастықта лайықты орын алуды тілей отырып, қазіргі және болашақ ұрпақтар алдындағы жоғары жауапкершілігімізді сезіне отырып, өзіміздің егемендік құқығымызды негізге ала отырып осы Конституцияны қабылдаймыз».
Ата Заңның құндылықтарын қорғау және қағидаттарын ұстану – әрбір азаматтың парызы және міндеті.
Әрине бұл заманның талаптарына сай жасалған қадамдар. Біздің өзіміздің салада қаншама заңдармен және кодекстермен іргелесіп жұмыс атқарамыз, осы уақытқа дейін көптеген жаңа кодекстер мен жаңа заңдар шыққан.
Ата Заңымыз мемлекетімізге және онда тұратын барлық азаматтарға керекті принциптері, қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылыққа кепілдік береді. Мемлекеттің тәуелсіздігін әлемге танытады, мемлекеттің демократиялық бағытын айқындайды, азаматтардың құқықтарының, мемлекеттегі дінаралық татулықтың сақталуына жол ашады. 
Конституция мемлекет пен қоғамдық өмірге тәртіп пен реттілікті орнықтыру адам мен мемлекет арасындағы қатынастарды реттеу, құқықтың негізгі принциптері мен мемлекеттік органдардың функцияларын бекіту үшін пайдаланылады. Ол мемлекеттік биліктің жұмыс істеуіне және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, сондай-ақ мемлекет құрылымын қамтамасыз етуге байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді. 
Менің ойымша, қазіргі таңда жас ұрпаққа Конституцияның не екенін, оның азаматтарға деген пайда әкелетін жақтарын мектепте жиі-жиі еске салып отыру керек, өйткені мемлекеттің келешегі– біздің жас ұрпақ екендігін ұмытпағанымыз жөн. 
Мемлекетіміздің туын биікке көтеретін және Ата Заңымызды қорғайтын, оның талаптарын сөзсіз жүзеге асыратын өскелең ұрпақ екендігін есте мықтап ұстауымыз керек.  

Бабырхан АБУЕВ,
Жуалы аудандық
сотының төрағасы


Обсудить
Блок в статье:
Жасампаздық жаршылары 01 июль 2026, Среда
СЕЙТҚАЗЫ ҚАЖЫ – ЖЕҢІМПА3! 30 июнь 2026, Вторник

Похожие материалы:

Ата  Заңымыз – әділдік  кепілі
28 август 2025, Четверг
Ата Заңымыз – әділдік кепілі
Адам құқын қорғау – негізгі құндылық
08 сентябрь 2024, Воскресенье
Адам құқын қорғау – негізгі құндылық
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры