АТА ЗАҢЫМЫЗ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ АРҚАУЫ
Қай мемлекетте де оның әрбір азаматының ерік-жігері мен таңдауы сол елдің басты заңы аясында жүзеге асады. Еліміздің басты құқықтық құжатын ұлттық құндылықтар мен азаматтық қадір-қасиеттің негізі деуге әбден болады. Сонымен бірге мемлекеттіліктің бастауы мен біртұтастығының қайнар көзі де осы Ата заңымыз болып табылады. Қазақ тарихында «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», Әз Тәукенің «Жеті жарғысы» сынды заң үлгілері болғаны белгілі. Ата Заңымыз солардың жалғасы ретінде Тәуелсіздігіміздің өрлеуімен рухани жаңғыруының, саяси тұрақтылықтың алтын қазығы бола білді. Жамбыл облыстық әділет департаментінің басшысы Нұрғали Есіркепұлы Андасовпен Конституция күні қарсаңындағы болған сұхбатымыз басты заңымыздың салмағы және жауапкершілігі турасында өрбіді.
ТІЛШІ: Сөзіміздің басын Тәуелсіз еліміздің Конституциясының қашан, қалай қабылдануы жөнінде бастасақ.
Нұрғали АНДАСОВ: Қазақстан Республикасының қолданыстағы Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда жалпыхалықтық референдумда қабылданды, оған 2022 жылғы 5 маусымда өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Құжатқа сәйкес Қазақстан президенттік басқару нысанындағы мемлекет болып жарияланып, 30 тамыз мереке күні болып белгіленді. Одан бері басты құқықтық құжат бірнеше рет өзгертіліп, толықтырылды. «Бiз, ортақ тарихи тағдыр бiрiктiрген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерiнде мемлекеттiлiк құра отырып, өзiмiздi еркiндiк, теңдiк және татулық мұраттарына берiлген бейбiтшiл азаматтық қоғам деп ұғына отырып, дүниежүзiлiк қоғамдастықта лайықты орын алуды тілей отырып, қазіргі және болашақ ұрпақтар алдындағы жоғары жауапкершілігімізді сезіне отырып, өзіміздің егемендік құқығымызды негізге ала отырып осы Конституцияны қабылдаймыз» - делінген Ата Заңда. Конститутцияның 2-бабында жазылғандай, Қазақстан Республикасы - президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет. Сондай-ақ құжатта мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық екені айтылған. Қазақстан Республикасын қорғау – оның әрбір азаматының қасиетті парызы және міндеті.
ТІЛШІ: Конститутцияға тәуелсіздік жылдарында бірнеше өзгерістер және толықтырулар болды дедіңіз. Енді соның жай-жапсарына толығырақ тоқталсаңыз.
Нұрғали АНДАСОВ: Өткен 29 жылда еліміздің Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар 6 рет енгізілді. Атап айтқанда, 1998, 2007, 2011, 2017, 2019 және 2022 жылдары. 1998 жылы Конституцияның 19 бабына түзету енгізілді. Президенттікке кандидаттың жас шегі 40- қа дейін көтерілді, 65 жасқа дейінгі шектеу алынып тасталды. Сонымен қатар Парламент депутаттарын партиялық тізіммен сайлау туралы және басқа да түзетулер енгізілді. 2007 жылғы мамырда Парламент палаталарының бірлескен отырысында елдің мемлекеттік құрылымының нысанына қатысты түзетулер енгізілді. Қазақстан президенттік-парламенттік басқару нысаны бар біртұтас мемлекетке айналды. 2017 жылғы наурызда «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойылды, оған сәйкес Президенттің бірқатар өкілеттігі биліктің басқа тармақтарына берілді. Негізгі өзгерістер екі жыл бұрын енгізілді. 2022 жылы 5 маусымда Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы республикалық референдум өтті. Жалпыұлттық референдумда қазақстандықтар Ата заңымыздың 33 бабына 56 өзгеріс енгізу үшін өз дауыстарын берді.
ТІЛШІ: Енді осы Конститутциялық реформаға кеңінен тоқталсаңыз.
Нұрғали АНДАСОВ: Бұл жолы Тәуелсіздік жылдарындағы ең ірі Конститутциялық реформа жүзеге асты. Ата Заңымыздың үштен біріне өзгертулер мен толықтырулар енгізіледі. Бастыларына тоқталар болсақ, олар мыналар: Қазақстан суперпрезиденттік басқару формасынан күшті парламенті бар президенттік жүйеге көшті. Ендігі жерде жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар халыққа тиесілі болатын болды. Алғаш рет Президенттің жақын туыстарының саяси мемлекеттік қызметші, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің басшылары лауазымдарын атқаруға тыйым салынды. Қазақстандықтар өз бетінше Конституциялық сотқа жүгіне алады. Өлім жазасына тыйым салынады. Ешкімнің адам өмірін қиюға құқығы жоқ. Мәжілістің депутаттық корпусы аралас сайлау жүйесі бойынша жасақталады. Сенаттағы президенттік квота қысқарады, мәжілістегі Қазақстан Халқы Ассамблеясының квотасы жойылды. Мажоритарлық жүйе депутатты сайлаушылардың қалауы бойынша қайта шақыртып алуға мүмкіндік береді. Тұңғыш Президенттің ерекше рөлі мен артықшылықтары туралы ережелер алынып тасталды. Жалпы құқықтық жағынан алғанда негізгі өзгерістердің бірі — Конституциялық Соттың құрылуы болды.
ТІЛШІ: Облысымыздың басты заңгері ретінде айтыңызшы, біздің елімізде Конституциясыз өмір сүруге бола ма?
Нұрғали АНДАСОВ:Біздің қоғамда Конституциясыз өмір сүру мүмкін емес. Өйткені біз Қазақстан Республикасы құрылған күннен бастап Конституциямен өмір сүріп келеміз. Бірінші Конституция 1995 жылы республикалық референдумда қабылданды, өйткені біздің барлық нормаларымыз, құқықтарымыз Конституцияға негізделген.
ТІЛШІ: Халықаралық құқықтық тәжірбиеде Конституциясы жоқ елдер бар ма, олардың халқы қалай өмір сүреді?
Нұрғали АНДАСОВ: Конституциясыз өмір сүретін елдер бар, бірақ оларда басқа заңдар жинағы бар. Мұсылман елдерінде исламға негізделген діни қағидалар негізінде өмір сүреді. Мысалы, Сауд Арабиясында бұл шариғат. Бұл ережелер мен заңдар жиынтығы. Ұлыбританияда англосаксондық құқық жүйесі қалыптасқан. Мұндай елдердің конституциясы жоқ болғанымен басқа да негізгі заңдар жиынтығы жұмыс істейді.
ТІЛШІ: Ел азаматтары Конституцияны білуі керек деген талап қойылып жатады. Неге?
Нұрғали АНДАСОВ: Өз құқығыңды білу, сауатты болу және заң тұрғысынан өзіңді қорғай алуың және басқа адамдарға көмектесуің үшін Конституцияны білуің керек. Біз бірыңғай құқықтық кеңістікте өмір сүрудеміз, сондықтан бәріміз Ата Заңымыздың негізгі қағидаларын білуге және сақтауға тиістіміз.
ТІЛШІ: Қоғам дамуында мемлекет халқын топтастыратын бірнеше құндылықтар болса, соның ең негізгісі әрі бастысы мемлекеттік тіл дер едік. Мемлекеттік тіліміз заңнама тіліне айналмай отырғандығы өмір шындығы. Осы орайда айтарыңыз бар ма?
Нұрғали АНДАСОВ: Біз Қазақстанды Отаным дейтін жүзден аса этнос өкілдерінің басын қосқан бірегей елміз дегенді жиі айтамыз. Ал әлемде құрамында Қазақстаннан әлдеқайда көп ұлыстар бірігіп, біртұтас мемлекет құрып, тату-тәтті өмір сүріп жатқан елдер де бар. Мәселен, Францияда – 180 ұлт, Түркияда – 140 ұлт, Ұлыбританияда тіпті 1 мыңға тарта ұлт өкілдері тұрады. Олар өздерін «ағылшынмын, французбын, түрікпін» деп, тұрып жатқан мемлекеттерінің бір бөлшегіне айналғанын мақтан етеді. Көкірегінде елге деген жылылық пен сүйіспеншілік болған соң, көп ұлыстың өкілдері сол мемлекеттің тілінде сөйлейді. Біздің еліміздің Ата Заңында «Мемлекеттік тіл – Қазақстан халқын топтастырушы фактор» деп көрсетілген. Ал, Қазақстан Республикасындағы «Тіл туралы» Заңның 4-бабында: «Мемлекеттiк тiл – мемлекеттiң бүкiл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттiк басқару, заң шығару, сот iсін жүргiзу тiлi» деп айтылған. Одан бөлек, Азаматтық, Қылмыстық, Әкімшілік рәсімдік және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстерде сот ісі қазақ тілінде жүргізіледі деп анық көрсетілген. Заңның осы талабын дұрыс түсініп, дұрыс қолдану – өзекті мәселе. Жасыратыны жоқ, тәуелсіздік алғанымызға 30 жылдан асса да, заңдардың 99 пайызы әуелі орыс тілінде әзірленіп, кейіннен қазақ тіліне аударылады. Содан келіп отандық Заңдардың аудармасы сапасыз, сөздері түсініксіз деген сыни пікірлер жиі айтылады. Терминдер әр кодексте әртүрлі мағына береді. Мұның соңы қазақ тілін құқықтық жүйеде өз деңгейінде қолданбауға әкеп соқтыруда. Дана халқымызда «Ауруын жасырған өледі» деген сөз бар. Қазақ тілді білікті мамандар жоқ емес, бар. Оларды салаға тарту үшін қолдан келетін амалдың барлығын жасауымыз керек! Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, тіл мәселесінің дұрыс шешілуі кез келген елдегі қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығына едәуір ықпал ететіні сөзсіз. Ендеше, жаһандану кеңістігінде мемлекеттің болмысын, ерекшелігін танытатын басты құндылық – мемлекеттік тілі. Олай болса, мемлекеттік тілдің болашағы туралы ойлану, оны толыққанды заңнама тіліне, этносаралық тілге және құжат тіліне айналдыруға үлес қосу – баршамыздың азаматтық парызымыз!
ТІЛШІ: Кейінгі жылдары елімізде жүзеге асырылып жатқан саяси және конституциялық рефрмаларға құқық маманы және еліміздің көзі ашық тұлғалы азаматы ретінде көзқарасыңызды білгіміз келеді.
Нұрғали АНДАСОВ: Қоғамның саяси жүйесін жаңғырту мәселелері ел басшылығы, саяси партиялар мен үкіметтік емес ұйымдардың ұдайы басты назарында болды. Сондықтан Қазақстанның тәуелсіздігі жылдарында бұл бағытта көптеген оң жұмыс атқарылды. Қазіргі таңда әлеуметтік процестер өте белсенді. Сол себепті де біз алға қойған мақсаттарымызға жету жолында тоқтап қала алмаймыз. Кейінгі жылдардағы сыртқы факторлар да қоғамдағы процестерге үлкен әсер етті. Посткеңестік кеңістіктегі және жалпы әлемдегі оқиғалар елдегі жағдайға өз ықпалын тигізбей қоймады. Мұндай серпінді өзгерістер мемлекеттік саясаттың басымдықтарын жедел өзгертуді, заңнамалық базаны жаңартуды, мемлекет пен басқа да қоғамдық институттардың күштерін біріктіруді талап етеді.
ТІЛШІ: Әңгімеңізге рахмет.
« Ғұмыр – Дария»

Обсудить
Блок в статье:
СТАЛИНГЕ ХАТ ЖАЗҒАН ҚАРИЯ
20 ноябрь 2024, Среда
КӘСІБІ – ТРАКТОРШЫ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Сейітхан ЖҰМАШЕВ, Жуалы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы: ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС ІСІМІЗГЕ СЕРПІН БЕРЕДІ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Похожие материалы:
Комментарии (0)