Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » ШӘКІРТТЕРІМІНІҢ ТАУЫНЫҢ БИІК БОЛҒАНЫН ҚАЛАЙМЫН

ШӘКІРТТЕРІМІНІҢ ТАУЫНЫҢ БИІК БОЛҒАНЫН ҚАЛАЙМЫН

08 июнь 2023, Четверг
166
1
Мен қатардағы мұғаліммін. Биыл сексен жасқа толып отырмын. Қырық жылғы еңбегімді бала тәрбиесіне арнадым. 1966 жылы Алматыдағы Қазақ педогогикалық институтын физика және химия пәндерінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірдім.  
Еңбек ер атандырады. Жастарға айтарым – еңбектен ешқашан қашпау керек. Мен жүріп өткен жолымды газет оқырмандарымен бөліскім келген. Қазір жасыратыны жоқ, жастар дипломын алып, Таразда қалғылары келеді. Әйтпесе, облыс орталығына жақын Жамбыл, Байзақ аудандарында еңбек еткенді жөн санайды.  Анау алыстағы Мойынқұм ауданына, шалғайдағы Сарысу ауданының алыс ауылдарына дипломмен баруға жастардың онша құлқы жоғын байқаймыз. Ал біздің кезімізде қандай болды? 
Өмірлік жарым Айсұлу Тәнекеқызы екеумізді  Мойынқұм ауданы, Құмөзек ауылындағы Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектепке мұғалімдікке жіберді. Ол кездегі мұғалімнің беделі деген қандай биік! Екеуміз де химия мен физика пәндерінің мұғаліміміз. Дегенмен, сол кезеңдердегі маман тапшылығына байланысты математика, биология пәндерінен де сабақ бердік. Ауылдың қара домалақтарын тәрбиелеуде аянып қалмадық. Бұл жөнінде беріректе Білім беру ісінің үздігі Кәрішал Дәуренбековтың мені «Мойынқұмның Алтынсарины» деп атауы бекер болмаса керек. 
13 жыл ішінде мұғалім, сынып жетекші, директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары ретінде жақсы тәжірибе жинап, қалыптастым. Бірер жыл директордың міндетін уақытша атқарып та жүрдім.  Осыны ескерген аудандық білім бөлімі мені қазіргі Қарабөгет ауылындағы А.Байтұрсынов атындағы орта мектепке директор етіп жіберді. 36 жастан енді асқан кезім. 200 оқушысы, 27 мұғалімі бар ұжымды басқаруға тәуекел еттім. Білім ошағына басшылық жасау – оңай шаруа емес. Аталған мектепті  аз жылда алдыңғы қатарға шығардық. Онан соң өзім еңбек жолымды  бастаған Ы.Алтынсарин орта мектебін табаны күректей 15 жыл басқардым.  Біз барғанда мектептегі оқушы саны 300-дей болса, оншақты жылдың ішінде 630 оқушыға көбейді. Осы жылдар ішінде аталған мектептен  9 мұғалім Одақ, республика деңгейіндегі ірі марапаттарға ие болды. Олардың ішінде КСРО Білім беру ісінің үздігі атанғандар да, орден –медальдармен марапатталғандары да болды. Ал Ы.Алтынсарин орта мектебі республикадағы үздік он мектептің қатарына енді. Сол жылдары аталған мектепте жоғары сынып оқушыларын еңбекке баулу үрдісі ерекше белең алды. Мектептің қосалқы шаруашылығында 200 бас мүйізді ірі қара, 200 бас қой болды. 100 гектар жерге егілген жүрегіні де күтіп баптау осы орта мектеп ұжымына жүктелді. Жазғы еңбек демалысында жоғары сынып оқушыларын еңбекке тарта отырып, аталған мектеп ұжымы бұл жұмыстың да үдесінен шықты.  Бұл да, әрине, ұйымдастыру ісінің  жоғарылығын көрсетеді. Сол кездегі «Құмөзек» кеңшарының директоры Несіпбай Еселбаевпен берік байланыс орнатып, мектептің қосымша қаржы табуына жол аштық.
Кейіннен Айдарлы ауылындағы көрсеткіші төмен, кенжелеп қалған Кеңес орта мектебін басқарып, төрт жылда жақсы білім ошағының қатарына қостым. Кейіннен аудан орталығындағы Жамбыл орта мектебін 6 жыл басқарып, мектеп-гимназия статусын алуына ықпал еткенім бар. Оны да сәтті жылдарым деп есептеймін.  Түйіндеп айтқанда 65 жасыма дейін 30 жыл үздіксіз мектеп директоры қызметінде болдым. Мектептерге бұлай ұзақ жыл бірінші басшы болған мамандар көп емес шығар. Шәкірттеріміз де шетінен дарынды болды. Бір шәкіртіміз Гүлмира Исаева кезінде ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі болса, Болат Еспенбетов – биология ғылымдарының докторы атанды. Алдымнан тәлім алған Абзал Бейсенбекұлы Әділет министрлігінде жауапты қызметте істеді. Ел алдында сан алуан еңбегімен көрініп, Мәжіліс депутаты болған Ерболат Саурықов та, Тараз қалалық мәслихаттың депутаты болған Нұрлан Саурықов та – менің төл шәкірттерім. Бұл тізімді жалғай беруге болады.
Кейінірек Мойынқұм ауданына сіңірген еңбегім үшін Мойынқұм ауданының Құрметті азаматы атандым. Мойынқұмнан жаман болған жоқпын. Ұстаз бола жүріп Мойынқұмнан министр шығардық. Жалпы шәкірттерімнің тауының биік болғанын қалаймын.
Асыл жарым Айсұлу Рахметова екеуміз бес ұл-қыз тәрбиелеп өсірдік. Бәрі де жоғары білімді, үйлі-баранды. Үлкенім Ләззат Талғар қалалық ауруханасында бөлім басшысы, балалар дәрігері болса, Жанатым – Алматы қаласындағы экономикалық колледжде аға оқытушы. Манатым – Алматы қаласындағы №98 орта мектебінің директоры. Санатым – Қордай ауданы әкімдігі білім бөлімінің басшысы болса, Қанатым – Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің орынбасары. Немере-шөберелімнің ортасында бақытқа кенеліп отырмын. Жастарға  бата беруден жалыққан емеспін.

Сағынбек ӘШІРБЕКҰЛЫ, 
Білім беру ісінің үздігі, 
Мойынқұм ауданының Құрметті азаматы.
Мойынқұм ауданы


Обсудить

Похожие материалы:

Баспасөз
29 июль 2020, Среда
Баспасөз
КӨПТІ КӨРІП, ҰЗАҚ ЖАСАҒАНДАР
06 апрель 2023, Четверг
КӨПТІ КӨРІП, ҰЗАҚ ЖАСАҒАНДАР
ЖЕЛЕ ЖҮРІСТІҢ ЖЕЛАЯҒЫ
01 август 2022, Понедельник
ЖЕЛЕ ЖҮРІСТІҢ ЖЕЛАЯҒЫ
ТҮЛЕКТЕР АУЫЛДЫ ТҮЛЕТУДЕ
08 июнь 2023, Четверг
ТҮЛЕКТЕР АУЫЛДЫ ТҮЛЕТУДЕ
Добавить комментарий
Комментарии (1)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Angeline
Angeline Гости 25 октября 2024 12:13
fake jordans nj410 Fake Shoes,discountshoesmart bt300
Сотрудники
Партнеры